Тұрсынжан шапай ( қазақстан )



бет2/3
Дата01.04.2023
өлшемі84 Kb.
#173473
1   2   3
Байланысты:
Тұрсынжан шапай

Тұрсынжан Шапай

Сауда


Сауда қызып жатыр… Мәселен, қазіргі сайлау науқанын алайық. Бұл не? Қып-қызыл сауда! Бұл саудада кімдер ғана жоқ дейміз? Аштан бұратылған өлерменде жүр, адам етін жеп кекірігі азған семіз-семіз қолтырауындар да жүр. Яғни, крокодилдер… Жай, іші пісіп еріккендер де бар… Бәрінің беті- табақтай. Өйткені, жалпақ бет-капитал. Неғұрлым жалпақ болса, соғұрлым жақсы – алыстан көрінеді, экранға сыймайды, газеттерге аса көрнекті болып шығады… Мәселен, халықтың жон терісін сыпырып сатып, байып алған соң, «халық қалаулысы» болуға жанын сатып жанығып жүгірген ана бір жылмақай жылтыр бет кандидитты қараңыз. Көше-көшеде биіктігі он бес метірлік портретін іліп тастапты… Бәтеңкесінің тұмсығы сіздің тура төбеңіздің деңгейінде тұр. Шалқайып, он бес метрлік құбыжықтың жоғарғы жағына көз жібересіз. Бет! Қалған жерінің бәрі – ұлан-байтақ, шетсіз-шексіз, далиып жатқан бет, бет… Ол бет не дейді? Ол бет арсыз жымияды… “Маған даусыңды бер!” деп қиылады… “Ал мен саған бақыт әперем!” дейді… Итім білсін!
Мына бір үшеуге қараңыз. Дос құшақтары айқаса қалыпты. Ішіңіз елжірейді, тіпті. Бірақ… бірі – мәңгүрт, бірі – шовинист, бірі – космополит. Қызық, осы үшеуін біріктірген не нәрсе екен? Өз айтқандарына сенсек, үшеуін біріктірген – сіз бен біздің қамымыз екен!.. Ха-ха-ха Құдай бұларға ұялмас бет, талмас жақ берген. Жылтырайды, жалпияды, сарнайды, зарлайды. Көзіңді арбайды, басыңды айналдырады, іші-бауырыңа кіреді – даусыңды алмай тынбайды… Мына біреуге назар салыңыз – беті жалпиып базар аралап жүр. Үстіне ескі-құсқысын киіп алған – кәдімгі өзіміз сияқты! Сол арадағы жұрттың хал-жайын сұрап өліп барады. Сценарий бойынша сол арада пайда бола кеткен тілшілерге интервью беріп жатыр: көпбалалы үйде өсіпті, әкесіз жетім өсіпті… Қарны тойып ас ішпепті… Адал еңбегімен, ақыры, байыпты… Енді халқының жоғын түгендемекші екен. Соған дауыс берсеңіз екен… Сенбеңіз, ойбай! Мен бұл жалмауызды білем… Қорықсаңыз, дүниеде кедейден байыған және аяқ астынан байыған тексізден қорқыңыз. Бұлар жон терімізді сыпырып қана қоймайды – етіңізді жеп, сүйегіңізді тазалап мүжіп, десертке қаныңызды ішеді. Сосын қабырғаңыздан жонып алған ісікпен тісін шұқиды, илеп кептірген жұп-жұмсақ бас теріңізге әдемілеп қолын сүртеді… Қазір олар ақшасыз жүрген атақты, беделді адамдарды сатып алып, дауыс жинатып жатыр. Ол кісілерден (атақтылардың) біразы ертең қалың қойды қасапханаға бастап кіріп, өзі бүйірдегі есікке зып беретін “козел-провокатор”болып шықпасын қайдан білеміз?.. Мен жалықтым осы БЕТТЕРДЕН! Жалықтым… Бәрі – сатулы. Бәрі ақша. Менің құнсыз даусым не шешеді? Беремін даусымды! Бердің не, бермедің не – бәрібір өкінесің… Базарда жүрген семіз беттер даусыңмен қосып жаныңды бәрібір сурып алады… Ал енді ары, иманы, намысы, жүрегі, қаны бар азаматтарды қайтеміз? Оларды бір Құдайға тапсырымыз. Өйткені, ақша кейіпті, жалпақ, жылтыр беті сары сайтанның арбауындағы қалың қауым адалын, аяулысын, шын қалаулысын айыра алар халде емес… Оларды бір Құдай қолдасын. Үмітсіз – шайтан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет