Түсіндірме жазба



бет16/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
материал новый

«Таным» білім беру саласы

Ортаңғы топтағы балалардың ашық бейнеленген қасиеттері мен сапаларынан (түс, пішін, шама және т.б.) біртіндеп аса күрделі байланыстар мен қарым-қатынастардың мәндік сипаттамалары негізіндегі алғашқы ұғымдарын (ойыншықтар, киім, аяқ киім және т.б.), яғни қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту міндеті шешіледі. Балаларды заттардың құрылымдық ерекшеліктерін  қарастыруға; түрлі іс-әрекеттерде (ойын, еңбек, бейнелеу әрекеті т.б.) пайдаланылатын қарапайым сенсорлық талдау әдістерін қолдануға үйрету. Заттық әлемге ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеуде балаға өзінің пікірін, болжамын дәл және айқын жеткізу үшін соған сәйкес сөздікті меңгеруі тиіс. 

Әртүрлі түсті, өлшемді заттардың жиынтығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Бұл заттардың тең немесе тең еместігін жұптарын салыстыру негізінде анықтау.

Аталған жас тобындағы балаларды табиғатқа сүйіспеншілікке, өсімдіктер мен жануарларға ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу жалғастырылады. Табиғат құбылыстарын бақылау негізінде балаларды қарапайым байланыстар мен тәуелділікті орнатуға (күн суытты, су қатып қалды, мұзға айналды және т.б.) үйретеді. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер, жыл мезгілдері туралы нақты түсініктерін қалыптастыру жалғастырылады.

Балаларды өсімдіктер әлемімен таныстыру жұмысы көкөністер, жемістер, жеміс-жидек дақылдары; өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар (жарық, жылу,топырақ) туралы жалпы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

Балалардың үй жануарлары және олардың төлдері, кейбір жабайы жануарлардың табиғи жағдайлардағы тіршілігі туралы білімдері кеңейтіледі.

Жыл бойы табиғат бұрышы балаларды ұйымдастырылған оқу қызметінде таныстыратын жаңа өсімдіктермен және жануарлармен толықтырылады.

Әрдайым аквариумдегі балықтарға бақылау жүргізіліп отырады.

Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдері байытылады. Тәрбиеші табиғат бұрышына басқа өсімдіктерден сабақтарының құрылысы, жапырақтарының көлемі және пішіні бойынша ерекшеленетін 2 жаңа өсімдікті орналастырады. Бұл балаларға өсімдіктерді көлемі, пішіні және жапырақтарының түсі, сабақтарының құрылысы бойынша салыстыруды үйретуге мүмкіндік береді.

Көктемде үй жануарлары мен олардың төлдерін бақылауға арналған ұйымдастырылған оқу қызметі өткізіледі. Тәрбиеші балаларды жануарлардың  және олардың төлдерінің әрекетімен, сыртқы түрінің ерекшеліктерімен таныстырады. Бақылау ұйымдастыруға мүмкіндік болмаса, үй жануарлары туралы суреттерді қолдануға болады.

Балаларды жабайы жануарлармен таныстырғанда: «Тиіндер», «Қояндар», «Кірпілер» бейнеленген суреттерді қолданады. Тәрбиешінің сұрақтары балалардың назарын жануарлардың сыртқы түрін қарастыруға бағыттауы тиіс. Тәрбиеші аңдардың қайда тіршілік ететіні, қалай қимыл жасайтыны, немен қоректенетіні, жауларынан қалай қорғанатыны туралы айтып береді.

Осы топта  табиғатқа экскурсияға дайындықты талап ететін ҰОҚ өткізіледі.

Табиғатқа экскурсияға барғанда балалардың зейіндерінің тұрақсыздығы, олардың тез шаршайтыныны ескерілуі керек. Сондықтан экскурсия барысында бақылауды балалардың практикалық әрекетімен, мысалы ойынмен (құммен, сумен), табиғи материалдарды жинаумен байланыстыру кажет.

Балаларды табиғатпен таныстыру жұмысы ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс уақытта да , серуенде жүзеге асырылады.

Серуен барысында  күннің суытуына байланысты  көбелектер мен қоңыздар көрінбейтінін, құстардың азаятынын, олардың дауыстары естілмейтінін көрсетеді. Егер мүмкіндік болса, кейбір құстардың топталып, жылы жаққа ұшатынын бақылату; көктемде бұл құстардың қайтадан туған жерге оралатындырын түсіндіру.

Қыс мезгілінде тәрбиеші балалардың назарын күннің көзі сәулесін аз шашатынына, күннің суытқанына, қардың жиі жаууына, күшті,суық желдің соғуына аударады.

Көктем мезгілінде серуенге шыққанда балалардың  күннің көзі сәулесін төккенде күн жылынатыны; күннің көзінің жылуымен қар мен мұз еритіні, жылғалардан су ағатыны, жасыл шөп, көктемнің алғашқы гүлдері  өсіп шығатыны туралы білімдері кеңейтіледі.  

Көбелектерді, қоңыздарды және құмырсқаларды бақылау жалғастырылады, бақылау барысында балалар қоңыздардың жүре алатынын және ұшатынын; көбелектердің ұшатынын, гүлдерге қонып, олардың тәтті шырынын ішетінін; құмырсқалар орманның қорғаушысы екендігін меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет