Түсіндірме жазба



бет13/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
материал новый

«Әлеумет» білім беру саласы 

Осы жастағы балалардың әлеуметтік мәдениет негіздерін, қоршаған әлемге қатынасы мен жағымды тәртіпке қабілеттілігін қалыптастыру қажет.

Оқу жылы ішінде әрекеттердің барлық түрлері арқылы балаларды өз аттарын, ата-аналарының аттарын, жанұяның басқа мүшелерінің аттарын, өз туысқандары туралы айтуды үйрету. Жанұя мүшелеріне мейіріммен қарауға және құрметтеуге тәрбиелеу. Үлкен адамдар мен құрбылармен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету: үлкен адамды аты-жөнімен атау, құрбысын атымен атау, бір-бірін тыңдау, бір-біріне кедергі жасамай жанында ойнау, басқа адамға қамқорлық көрсету. Үлкендер баланың жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктер жағдайында көмек беретінін түсіндіре отырып, балалардың еңбек тапсырмаларына қызығушылығын арттыру, өз жанұясына, балабақшасына, туған еліне, туған үйіне сүйіспеншілік сезімін ояту, баланы өзін сыйлауға, өзінің адамгершілігін сезінуге қолдау көрсету. Балабақшадағы тәртіп ережелерімен таныстыру.

Ойын әрекетін ұйымдастыру

Кіші мектеп жасында ойындар заттық және есте сақтауды дамыту мен жетілдіруге, қабылдау, ойлау және т.б. қызмет етеді.

3-4 жастағы балалар  ойындарына басшылық жасау кезінде  тәрбиеші баланың 4 жасында белсенді  болып, олардың әрекеті күрделі және сан алуан болатындығын білу қажет. Аталған жастағы балаларда  «Мен өзім» деген сенімділік артады, бірақ балалар зейін қоя бермейді, олар тез жалығып кетеді. Жұмбақ элементтерін қолданса, ойынның қызықтылығы өседі: әсем қорапшада не жатыр, есікті кім қақты, перденің артында аспапта кім ойнайды және т.б.Балаларға таныс ойындардың мазмұнына ойлануды қажет ететін жаңа, күрделі тапсырмалар енгізілсе ойын қызықты өтеді.Сондықтан да ойындарды түрлі нұсқада   бірте-бірте күрделендіріп өткізу ұсынылады. 

Еңбек әрекетін ұйымдастыру

4 жастағы балаларда  іс-әрекет   мақсаттылығы мен белсенділігі артады, қозғалыс түрліше және үйлесімді болады.Балалар мақсатын жоспарлай  іс-әрекет ету білігін меңгереді, бірақ  аса зейін қоймағандықтан тез жалығып кетеді және бір істен екінші іске  ауысады.

Кіші топтарда  негізгі міндет  өзін-өзі тәрбиелеу, еңбекті құрметтеу болып табылады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету

4 жастағы балалардың еңбек әрекетінде  өзіне – өзі қызмет ету үлкен орын алады. Балаларды   шамасы  келетін жұмыстарға қатысу қажеттілігін қалыптастыру, үлкендердің еңбек әрекетіне  деген қызығушылығын тәрбиелеуге ықпал ету. Балаларға бала күтуші, аула сыпырушы, аспазшы, медбике туралы қарапайым түсінік беру, үлкендердің жұмысты адал атқаруына назар аудару керек (барлығы үшін, ұқыпты, жылдам жұмыс істейді). Бақылау үрдісінде үлкендердің еңбек іс-әрекетіне (бала күтуші шүберекті суға салды,  сықты,  сөрелерді сүртті, тағы сықты және т.б. ) балалардың назар аударуын қадағалау керек, жұмыста қолданылатын материалдарды және жабдықтарды қарау керек.Еңбектің соңғы нәтижесіне (бала күтуші сөрені сүртті, ол таза болды) ерекше назар аудару керек. Балаларда әрбір  нақты еңбек үдерісі негізінде  адамдардың қажеттіліктері жатқандығы туралы түсінік қалыптасады.



Шаруашылық-тұрмыстық еңбек

Аталған топтағы шараушылық-тұрмыстық еңбек балалардың қарапайым тапсырмаларды орындауынан тұрады. Еңбектің мазмұны күрделі емес- бұл алғашқы кезеңде  балалар ересектермен  бірігіп орындайтын жеке іс-әрекеттер. Мысалы, балалар аула сыпырушымен  жапырақтар жинайды,  бала күтушімен  сөрелерді, орындықтарды сүртеді.Олардың еңбегі мардымсыз болса да, онда  қаншалықты ұжымдық еңбектің бастамасынан тұратындығын және  үлкендердің еңбегіне  құрметпен және ұқыптылықпен қарап тәрбиелеуге ықпал етеді.



Табиғат бұрышындағы еңбек

Табиғат бұрышындағы  өсімдіктер мен жануарларға таңертеңгі уақытта күтім жасауда тәрбиеші  балаларға өзінің не істеп жатқандығын көрсетеді және оларды шамасы келетін жұмыстарға  не үшін тартатындығын түсіндіреді. Балалар  өсімдіктерді суара алады,  ірі жапырақтардың шаңын сүртеді. Мерзіммен 2 аптада 1 рет  балаларды қатыстырып,  аквариумдағы суды жиі ауыстыру керек.Балаларға бақылау ыңғайлы болу үшін  оларды  жартылай шеңбермен отырғызу керек.Оларға ыдыспен су құюға ұсыныс жасауға болады.

Табиғат бұрышына балалармен пияз және сәндік өсімдіктердің ірі тұқымдарын  отырғызуды өткізу ұсынылады.

Табиғаттағы еңбек

Күзде ересек балалармен  бақшадағы жеміс-жидектерді жинауды  бақылауды,  бүлдіршіндердің кейбір  тапсырмаларды (мысалы, тәрбиешінің көмегімен жердегі  құрғақ жапырақтарды жинау, оларды үлкен ойыншық жүк машиналарына тиеу және  көрсетілген орынға апару) орындауын ұйымдастырған жөн.Егерде тәрбиешінің өзін шынымен  жұмыс қызықтырса, балаларда  оған көмектесуге  деген ынта пайда болады. 

Көктем басталысымен ағаштар мен бұтақтарды кесуді, гүлдер отырғызуды, бақшаны қайта қазуды бақылауды өткізу керек.

Бұл балаларда  табиғаттағы еңбекке деген қызығушылық, оларда  өздері   отырғызу және егуге деген ынта пайда болуына көмектеседі. Топтың учаскісінде балалардың қатысуымен  бақша отырғызу керек. Балалар  тәрбиешінің  жерді үлкен күрекпен қазып, атыз және сүрлеу жасап жатқандығын бақылайды.

Сонымен қатар балаларды  гүл өсімдіктерінің  ірі тұқымдарын  отырғызуға  жұмылдырады.

Өсімдіктерді күту бойынша барлық жұмыстарды бүлдіршіндердің қатысуымен, оларды шамасы келетін жұмыстарға  қатыстырумен өткізу керек. 

Тәрбиеші өзінің не істеп жатқандығын балаларға түсіндіре отырып арам шөпті шабуды, қопсытуды,құнарландыруды өзі орындайды.

 

                                                         





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет