Түсіндірме жазба



бет11/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
материал новый

Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

Кіші мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің басты міндеті – балалардың эмоционалды-жағымды өзін-өзі сезінуін қамтамасыз ету, балалардың дербестік танытуын мадақтау және қолдау, заттық-танымдық, ересектер әрекетімен бірлескен сезімдік тәжірибенің жинақталуы.

Кіші мектепке дейінгі жас кезеңі дене және психикалық дамудың жоғары қарқындылығымен сипатталады. Тәрбиешінің міндеті – дербестікке ұмтылуға қолдау көрсету, баланың дұрыс емес іс-әрекетін сынауға, оның өзіндік жеке күшіне деген сеніміне күмән келтіруге оның баяу және қолайсыз іс-әрекеттері себебіне шыдамайтындығын айтуға болмайды. Әрбір балаға өз жетістіктерінің артқандығын байқауға, іс-әрекетіндегі сәттілікті бастан кешіру, қуанышын сезінуге көмектесу қажет.

Кіші мектепке дейінгі жастағы балалар – бұл алғашқы кезекте бақылаушылар емес «қайраткерлер». Сондықтан баланың балабақшада болуы оның әртүрлі іс-әрекеттерге қатысуға мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырылады. Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды қаныққан және әралуан үлгідегі іс-әрекеті барлық тәрбие міндеттерін шешу үшін негіз болып табылады.

Ұйымдастырылған оқу қызметі «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеумет»  білім беру салаларын кіріктіріру арқылы іске асырылады.

ІІ кіші топтағы ұйымдастырылған оқу қызметі ұзақтығы 10-15 минуттан тұратын аптасына 12 сағатты (соның ішінде вариативтік компонент- 1 сағат)  құрайды.



«Денсаулық» білім беру саласы

Денсаулықтың маңызды факторына дене белсенділігі жатады. Кішкентай балаға жүру мен жүгіруден басқа секіру, өрмелеу ойындары, яғни күш жұмсаумен байланысты қозғалыстарды орындау қажет және пайдалы. Балалардың қозғалу белсенділігін ұйымдастыра отырып, тәрбиеші әрекеттердің түрлерін ауыстыруға мән беріп, белсенділік пен демалысты реттейді. Балалардың дене тәрбиесінің негізін ойын әдіс-тәсілдері құрайды.

Бұл жаста бағытты өзгерте отырып, тапсырмаларды орындау, тізені жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру енгізіледі (тоқтау; отыру; терезеге, қабырғаға, педагогқа  бетімен бұрылу).

Әрбір жаттығудың ұзақтығы  жылдың басында 5 секундтан, аяғында -10 секундтан артпау керек. Балаларда берілген қарқынды сақтай отырып, бір-біріне соқтығыспай, жүгіру білігін қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Бұған тікелей педагогтың қатысуымен, сондай ақ көру бағдарын қолдану жолымен жетеді.

Жүгіру ұзақтығын бірте-бірте  арттыру қажет. Сондай ақ оқу жылының басында  баяу қарқында үздіксіз жүгіру 20-30 сек. бойы жалғаса алады,  жылдың аяғында ол 1 мин.  дейін жетеді. Жылдың ортасында  10 м. қашықтыққа  жылдам қарқында жүгіру беріледі. Жүгіруді өткізе отырып, тәрбиеші ойын тәсілдерін қолданады («Қол шатыр астына жаңбырдан тығыламыз», «Айгүлге қонаққа барамыз» және т.б.).

Екінші кіші топта  биіктіктен секіруге үйрету (15-20 см.) енгізіледі. Оқу  дайындық жаттығуларынан басталады: отырып тұру, орнында екі аяғымен секіру, жартылай отыру.

Орнынан биікке секіру күрделенеді. Балаларды  сызық, жіп, 4-6 қатарлас  сызық арқылы, заттар арқылы секіруге үйретеді. Аталған жастағы балаларды  доппен  қимылдауға үйретуді жалғастыру.Педагог балаларды бірте –бірте 1 м дейін артатын, 70 см  ара қашықтықта допты лақтыруға үйретеді. Балалар  өздеріне ыңғайлы әдістермен допты ұстайды, екінші кіші топтағы балалар үшін орындауға қиын, допты кеудесіне қыспай, қолдың буындарымен допты ұстауды талап ету.Сонымен қатар балаларды допты жоғарыға, еденге тастауға, қағып алуға үйрету. Балаларды  допты ұстауға ыңғайлы болу үшін,  өте жоғары  лақтырмауға,  бірақ жоғарыға тік лақтыруға үйрету.

Ертеңгілік  гимнастика өткізу кезінде және «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінің  кіріспе бөлімінде жалпы дамытушы жаттығулар орындалады.

Кіші топтағы ертеңгілік гимнастика өткізудің негізгі әдістері- жаттығуларды түсіндірумен педагогтың көрсетуі және балалармен  бір уақытта орындау, көзбен бағдарлану, жасы бойынша сап жаттығуларын орындауға тапсырма беру.

Кешен 5-6  рет қайталанатын 5-6 жаттығудан тұрады. 3-4 жастағы балалар үшін жаттығулар кешеніне имитациялық жаттығулар және  оқу құралдарымен  жаттығулар (сылдырмақ, жалауша, доп, кубиктер) кіреді.

Жаттығуларды орындау үшін балалар шеңберге тұрады (бұдан әрі шашырап тұруға болады).Көбінесе  бірінен кейін бірі жүреді, жұптасып жүреді,  қолдарынан ұстап, шеңбер бойынша жүреді. Жүгіру ұзақтығы 10 сек дейін және түрлі тапсырмалармен өткізіледі:бағытты өзгерте  (алғашқы және соңғы), шашырап, аяғының ұшымен.Бұл жаста орындықта отырып, еденде, арқасымен жатып бастапқы қалыптағы   жаттығулар қолданылады. Жалпы дамытушы жаттығулар келесідей реттілікпен: иық белдеуінің  бұлшық еті мен қолға, кеуде мен аяққа арналып беріледі.  Ертеңгілік гимнастика тыныс алуды қалпына келтіретін жаттығуларды орындап жүрумен, аз қимылды ойынмен аяқталады.

Жүруде,  жүгіруде, жаттығуларда денеге күш түсуді  балалардың шаршау сыртқы белгілерін бақылай отырып (ентігу, беттің бозарыңқылығы және  оның қызаруы, үйлесімділіктің бұзылуы) реттеуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет