Түсіндірме жазба



бет7/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
материал новый

«Шығармашылық» білім беру саласы

Сурет салу барысында балаларда  бейнелеу өнері, сурет салуда пайдаланылатын құралдар мен материалдар туралы түсінік қалыптасады.

1 жастан 1жас 6 айға дейінгі балалар

Балалардың сурет салуға  қызығушылығын тудыру  түрлі ойын тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Балаларды  бояулардың  ашық түстеріне эмоционалды  көніл-күйлерін білдіруге үйретеді; қарындаштармен, фломастерлермен қағаз парағын  ашық  түсті жақпалармен, дақтармен  толтыруға; көрсету және әңгімелеу арқылы  сурет салуға  ынталандырады.

1жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалар

Бұл жас кезеңінде балаларды қарындашты, фломастерді, қолдануға, сызықтарды жүргізуге үйрету және жаттықтыру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Мүсіндеу сабақтарында балалар сазбалшықпен, оның қасиеттерімен (жұмсақ, тегіс, оны қысқанда саусақтардың, алақанның пішінін қабылдайды ) танысады.

Мүсіндеу тәсілдеріне: алақандар арасында «шарларды» домалатуға; дөңгелек,  жазық  пішінді түрлі заттарды  мүсіндеуге үйренеді.

Музыкаға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтары дамиды және оны қолдайды.

 

                                                    БІРІНШІ КІШІ ТОП



(2 жастан 3 жасқа дейін)

 

Балалардың жас ерекшеліктеріне сипаттама

2 жастан 3 жасқа дейінгі баланың салмағы шамамен 2 кг артып, 13- 16 кг болады, бойы 7-10 см ұзарып, 91-99 см-ге, көкірек қуысының шеңбері 52 см-ге жетеді.

Бала барынша дербес, қимылдары да барынша үйлесімді бола бастайды. Балаларда осы кезеңде жүйке жүйесінің қызметі жетіледі, осының арқасында олардың белсенді сергектігінің ұзақтығы (6-6,5 сағат) артады.

Бұл кезеңнің ерекшелік сипаты - әртүрлі қимылдарға ұмтылу, оларды орындауға қызығушылық пен талпыныстың пайда болуы. Бала өмірінің үшінші жылында барлық мүшелердің қызметі мен баланың психологиялық қызметтерінің  жетілуі жалғасады.

Бала өмірінің үшінші жылын психологтар дағдарысты (үш жастағы дағдарыс) деп атайды, өйткені баланың өзін жеке тұлға ретінде сезінуінің өзгерісті   кезеңі болып табылады. Ол саналы түрде «Мен», «Мен қаламаймын, мен жасамаймын!» деп айтады. Ол өзін айнадан және фотолардан таниды.

Үш  жасқа қарай сөздік қор 1200-1300 сөзге жетеді. Бала әрдайым дұрыс болмаса да барлық сөз таптарын қолданады. Дыбыстарды айтуы барынша жетілген, бірақ әлі де кемшіліктер кездесіп отырады. Екі-үш жастағы бала тілінің ерекше сипаты үнемі айтып қалу, ойын жағдайлары мен барлық қимылдарын сөзбен сүйемелдеу болып табылады.

Екі-үш жастағы баланың негізгі дамытушы әрекетінің түрі ойын болып табылады. Бала ойынға қажетті заттар мен қандай да бір заттарды сәйкес таңдап, алдын-ала ойлап ойнауы мүмкін. Қиял, фантазия,  абстрактілі ойлауды дамыту арқасында ойынның мазмұны болады. Үшінші жылдың соңында балалардың сүйікті ойыны рөлдік ойындар болады.

Дербестік бала тіршілігінің барлық саласында және әрекеттерінде көріне бастайды.   

Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

Бірінші кіші топтағы  ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:

-денсаулыққа қамқорлық, эмоционалдық саулық, әрбір баланың жан-жақты дамуы;

-топ ішінде тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынас орнату;

-бұл жастағы балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін барынша көп қолдану, оларды кіріктіру;

-тәрбие мен оқыту процесстерін шығармашылықпен ұйымдастыру;

-білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;

-отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жолдарын үйлестіру есебінен құрылады.

3 жастағы баланың күн тәртібін құру барысында, ең алдымен, сергектену уақытының сипаты мен ұзақтығында болатын өзгерістерді ескеру қажет. Дербестігінің айтарлықтай артуымен байланысты түрлі гигиеналық шараларды жүргізу мен органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған уақыты едәуір кемиді. Сондықтан сергектену бала үшін басқа да барынша күрделенген ұйымдачстырылған оқу қызметімен толықтырылады.

Күн тәртібін құру кезінде бөлмедегі және серуендегі іс-әрекеттердің түрлерін ауыстырып отыру қажет. Сергектену уақытында балалардың өздігінен ойыны тәрбиешімен бірлесіп әрекет жасауға, бөлмедегі ойын - серуенмен, қимылды ойындар - тыныш ойындармен ауыстырылуы қажет. Бала өмірін ұйымдастыруда әр баланың ұйқыдан оянғаннан кейін тамақ ішіп, басқа балаларды күтпей, тәрбиешінің бақылауымен өздігінен ойнауын ұйымдастырған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет