Түсіндірме жазба


Ата-аналармен жұмыс келесі кезеңдерді ұстана отырып, құрылуы тиіс



бет3/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
материал новый

Ата-аналармен жұмыс келесі кезеңдерді ұстана отырып, құрылуы тиіс:

-ата-аналармен жұмыстың мазмұнын және түрлерін ойластыру, олардың қажеттіліктерін зерделеу мақсатында  жедел-сауалнама жүргізу, алынған мәліметтерді әрі қарай жұмыста қолдану;

-тәрбиешілер мен ата-аналар арасында келешекте іскерлік ынтымақтастықты қалыптастыруда мейірімділік қарым-қатынасты  орнату, ата-аналарды олармен өткізілетін жұмысқа қызықтыру, оларда балалардың жағымды бейнесін қалыптастыру;

-ата-аналарда өз баласының неғұрлым толық бейнесін қалыптастыру және олар үшін күтпеген және қызықты болып табылатын, отбасында алуға мүмкін емес білімдерді, ақпараттарды  хабарлама арқылы дұрыс қабылдау. Бұл баланың құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктері, оның еңбекке қатынасы, өнімді іс-әрекет  түрлеріндегі жетістіктері туралы ақпарат болуы мүмкін;

-бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен танысу кезеңінде тәрбиешілер ата-аналармен белсенді  диалог жүргізеді, мұнда  баланың жағымсыз мінез-құлықтары, қорқынышы, қиындықтары туралы айтылады;

-ересектермен бірлескен зерттеу және баланың тұлғасын қалыптастыру кезеңінде  жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және ынтымақтастықтың түрлері таңдалады.

Қазіргі уақытта барлық жас топтарында ата-аналарды педагогикалық ағартудың әртүрлі әдістері мен түрлері қолданылады:

-  көрнекі насихаттау;

-  on-lainбақылаулар;

отбасына бару;

-  консультациялық пункттер;

-  ата-аналар жиналысы;

-  әңгімелесулер мен кеңестер;

-   ата-аналар конференциясы;

ауызша журналдар;

-  сауалнама;

-  ашық есік күндері;

-  дөңгелек үстелдер;

-  бірлескен сауық-кештер;

-  іскерлік ойындарды ұйымдастыру және т.б.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс тәсілдері әралуан: бейнелі сөз, тәрбиелік жұмысты көрсету. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жеке және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.

Ата-аналармен жұмыстың ұжымдық түрлері- ата-аналар жиналысы, шағын-жиналыстар, педагогикалық консилиумдер, ата-аналар конференциясы, тренингтер, сұрақ - жауап кеші сайыстары, «Ата-аналар университеті».

Отбасы мен балабақшаның өзара әрекеттестігінің маңызды формасының бірі әр ата-анамен жеке жұмыс болып табылады- бұл тәрбиешінің ата-аналармен әңгімелесуі, отбасына бару, кеңестер, жеке блокноттар. Мұндай жұмыстың тиімділігі отбасының ерекшелігін зерделеу, ата-аналармен әңгімелесу, ата-аналардың балаларымен  топтағы және үйдегі қарым-қатынасын бақылау, тәрбиешілердің баламен бірлескен өзара әрекетінің нақты жолдарын көрсетуі болып табылады..

Тәрбиешінің ата-аналармен өзара әрекетінің  маңызды рөлін көрнекі насихаттау алады- бұл ата-аналарға арналған бұрыштар, көрмелер, ақпараттық парақшалар, on-lainбақылаулар, ата-аналарға арналған жаднамалар, ақпараттық жылжымалы-папкалар.

Көрнекі құралдарды мақсатты және жүйелі қолдану ата-аналарды балабақшадағы тәрбие әдістерімен, мазмұнымен, міндеттерімен таныстыруда, баланы тәрбиелеу мен оқытуда отбасына практикалық көмек көрсетуге ықпал етеді.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет