Түсіндірме жазба



бет18/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
материал новый

ЕРЕСЕК ТОП

                         (5 жастан 6 жасқа дейін)

 

5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға сипаттама

Алты жаста баланың денесі және психикалық дамуында бірқатар маңызды өзгерістер орын алады. Баланың дене салмағы айына шамамен 200   г-ға, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 6 жасқа қарай балалардың бойы орташа 116 см, дене салмағы 21,5 кг жетеді, кеуде қуысының шеңбері 57-58 см тең болады.

Балалардың мінез-құлықтарын реттеуде ми қабығының рөлі артады.

6 жасқа қарай балалардың қимыл-қозғалысы біршама жігерлі және нақты болып, жеңілдік пен әсемдікке ие болады. Балалар екпінмен биіктікке және ұзындыққа сенімді секіреді, лақтыру кезінде заттарды жігерлі түрде сермейді және лақтырады.

Бұл жаста қол саусақтарының қимылдарының дамығандығы соншалықты, бала өздігімен қағаздан түрлі пішіндерді – тік төртбұрыштарды, сопақшаларды, дөңгелектерді қайшымен қияды; сазбалшықтан ыдыс-аяқ, адам мен жануарлардың мүсіндерін жасап, бояу қарындаштармен және майлы бояумен еркін сурет сала алады.

Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуындағы біршама өзгерістермен сипатталады.

Бұл кезеңнің жаңадан пайда болған маңыздысы – албырт және өзіндік ерікті мінез-құлық. Бала өзінің мінез-құлқын үлгімен салыстыра отырып игеріп және басқара алады. Еріктілік бала психикасының дамуындағы орталық желі болады.

Тұрақты түрткілер иерархиясы құрылады. Бала өзінің нені қалайтынын біледі және өз мақсатына қол жеткізеді; оның мінез-құлқы қоршаған ортамен емес, өзіндік шешімімен анықталады, бұл өзгерістер өз көрінісін тауып психикалық дамудың барлық саласында – коммуникативті, танымдық, жігерлілік, мотивациялық салаларда айқындалады.

Ішкі психологиялық өмірі мен ішкі өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты.

5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады.

Балалардың іс-әрекеттерінің күрделенуіне және олардың қимыл-қозғалыстарына байланысты назар жалпы ақыл-ой дамуында жоғары шоғырланушылық пен тұрақтылыққа ие болады, ойынның ұзақтығы

2 сағатқа дейін артады.

Ерікті есте сақтауы дамиды, балаларға тек механикалық қана емес, байыптап есте сақтау тән болады.

5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау жеткілікті түрде дамымаған, негізгі мәнге көрнекі-бейнелік және эмоциялық есте сақтау ие болады.

Байланыстырып  сөйлеу, диалогтік және монологтік сөйлеудің кейбір түрлері дамиды. Балалардың сөйлеуінде кеңейтілген сөздіктер, сондай-ақ осы жаста құрылатын сезім-түйсіктердің сипаттары да көрініс табады. Балалар жалпылама зат есімдерді, синонимдерді, антонимдерді, сын есімдерді және т.с. белсенді қолдана бастайды.

Аталған жас өзіндік сана-сезімнің қарқынды өсуімен сипатталады, мұнда өзінің «Мен»-ін оқшау, жақындарына да, достарына да қарама-қарсы  қояды. Тұрмыстық жағдайлардың, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, ересектердің еңбектеріндегі элементтердің көріністері көрініс табатын ойын әрекеті жетекші болып қалады.

Мектепте оқуға психологиялық: әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, зияткерлік, эмоциялық-еріктік дайындық қалыптасады.

Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру ойын және оқу-танымдық әрекет кезінде дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Режимдік сәттер барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері кезінде құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас жасаудың мәдени мінез-құлық дағдылары қалыптасады, денсаулықты нығайту бойынша іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Балалар ережелерімен қимылды ойындарды қолдана отырып, негізгі қимылдардың әртүрлі түрлерін жаттықтыра отырып, оларды саналы игеруге және дәл орындауға қол жеткізеді.

Әртүрлі әрекет түрлерін орындау кезінде қолдардың ұсақ маторикасын дамытуға мүмкіндік береді.

Балалардың тұрмысын ұйымдастыру кезінде балалардың өскелең  дербестігін, өзінің және құрбыларының мінез-құлықтарын бақылай білу бейімділігі, яғни ересектер тарапынан қамқорлықтың азаю мүмкіндігін ескеру қажет. Киінуге, шешінуге, ас ішуге, жуынуға жұмсалатын уақыттың қысқаруы есебінен ойынға, балалардың еңбегіне, олардың қозғалыстарын дамытуға, өзіндік көркем шығармашылықтарына уақыт бөлу қажет.

Аталған топта ұйымдастырылған оқу қызметі түрлеріне арналып бөлінген уақыт көлемі артады, бағдарламалық материал күрделіленеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті күннің алғашқы жартысында өткізіледі. Жұмыстың әдіс-тәсілдері баланың эмоциялық көңіл-күйі мен қимылына жағымды ықпал етуі тиіс.

Педагог әртүрлі ойын түрлерін қолданып, балалардың шығармашылықтарын, дербестіктерін, ерік қасиеттерін дамыту үшін жағдай жасауы керек.

Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекеттерге арналған кеңістікті ашу, онда балалардың өздері әрекет ету мүмкіндігімен және вариативтілігімен ерекшеленетін дамытушы орта құру өте маңызды рөл атқарады. Ересек топтағы заттық-дамытушы орта балалардың бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасын дамытуын қамтамасыз етуге бейімделіп жасалуы керек. Ол балалардың дене дамуына, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуына ықпал етуі керек және ыңғайлы болуы керек.

Топта еңбек әрекетінің әртүрлі түрлерін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Өзіне-өзі қызмет ету еңбек әрекеті біртіндеп балалардың қажеттілігіне айналуы тиіс. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырылады.

Тәрбиеші келесідей ережелерді ұстанады: алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ балаға көмек көрсетуге асығудың қажеті жоқ, оның орнына өз бетімен шешім қабылдауға итермелеу пайдалы, егер көмексіз болмайтын жағдайда бұл көмек алдымен мардымсыз болуы керек, бірақ бәрінен бұрын кеңес, жетекші сұрақтар беру, балада бар іс-тәжірибені белсендіру керек.

Жыл соңында балаларда болашақ мектеп оқушысы ретінде пайдалы әрекеттер түрлері:  экспериментті-зерттеу әрекеттеріне, үстел ойындарын ойнауға, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға, кітапшаларды қолдан жасауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылық тәрбиеленуі қажет.

Ересек жастағы балаларды ойдағыдай дамыту мен тәрбиелеудің қажетті шарты  педагог пен ата-аналардың ынтымақтастығы болып табылады. Тәрбие мен оқыту мәселелерін бірігіп шешу мақсатында отбасылармен сенімді қарым-қатынас орнату маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет