Қосымша әдебиеттер: "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығы
Кусаинов Г.М. Педагогическая технология современной школы (Заманауи мектептегі педагогикалық технология). – Астана: РНПЦ «Учебник», 2012. – 355 с.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Білім беру нәтижелерін критериалды бағалаудың теориясы мен технологиясын меңгеру; білім беру нәтижелерін критериалды бағалаудың практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында биология пәні бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасауды меңгеру
Міндеттері: критериалды бағалаудың тұжырымдамаларық негізімен танысу
критериалды бағалаудың түрлерін білу және оларды пайдалану
пән бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін меңгеру;
бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;
Мазмұны: Критериалды бағалау мен дәстүрлі бағалаудың айырмашылығы. Білім беруге критериалды бағалауды енгізу қажеттілігі. Тәжірибедегі критериалды бағалау әдістері. Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сыни талдау, критериалды бағалау арқылы білім деңгейін анықтау. Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған тапсырмалар
Құзыреттіліктер: Критериалды бағалаудың дәстүрлі бағалаудан айырмашылығына талдау жасай алады. Критериалды бағалаудың әдістерін практикада қолдануға дайын. Оқушылардың жетістіктерін бағалауда Блум таксономиясын пайдаланып, әр түрлі тапсырмаларды құрастыруға қабілетті