12-дәріс
Мақсаты: жиынтық бағалау нәтижелерін бағалау жолдарын талдау
Кілт сөздер: білім, сапа, бөлім бойынша бағалау, тоқсандық бағалау, т.б.
1. Жиынтық бағалау нәтижелерін тіркеу
2. Тоқсандық баға қою
3. Жылдық баға қою
1. Бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді.
Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі (1-кесте).
1кесте. Нәтижелерді тіркеу
Білім алушыларға қойылады
|
Сипаты
|
Әр бөлім бойынша жиынтық бағалаудың балы
|
Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері (жоғары, орта, төмен).
|
Тоқсандық жиынтық бағалаудың балы
|
Балл қою кестесіне сәйкес жинақталған балдар саны.
|
Тоқсандық баға
|
Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады. Білім алушылар 50% тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды.
|
Жылдық баға
|
Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады. Білім алушылар 50% тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды.
|
Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері «2-ден» «5-ке» дейінгі бірыңғай баға шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (2-кесте).
2-кесте. Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі
Достарыңызбен бөлісу: |