Түсіндірме жазба


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет40/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

  3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

  4. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

  5. Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.

11-дәріс
Тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бағалау
Мақсаты: тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу жолдарын талдау
Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, спецификация, модерация, т.б.


        1. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

        2. Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау

        3. Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау


1. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.


Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Әдістемелік бірлестіктер жасаған оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың жоспарында тоқсандық жиынтық бағалаудың рәсімдері көрсетілуі қажет. Аталған жоспар бойынша білім алушыларға шамадан тыс қиындық туғызбауы және тиімсіз болмауы үшін әр тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудың кестесін құру ұсынылады, яғни, бір күнде 2-ден артық жиынтық жұмыстарды өткізу ұсынылмайды. Тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына таныстырылады.
Егер мектепте мүмкіндік болса әр пән бойынша бір параллельдегі сыныптарға бірдей кесте құру ұсынылады, мысалы, 7-сыныптар үшін бір күнде, бір сабақ үстінде математика пәнінен жиынтық жұмысын өткізу. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалауды кесте бойынша өткізуге болады, алайда ақпараттың тарап кетуі және көшіріп алу сияқты кемшіліктерді болдырмау үшін жиынтық жұмыстың бірнеше нұсқасын құрастырған дұрыс.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу уақытын жоспарлау кезінде демалыс және мереке күндерді, сондай-ақ, тоқсандық және оқу жылының аяқталу мерзімін есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы күндерінде өткізу ұсынылмайды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді.
Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

          • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

          • пән бойынша күтілетін нәтижелер;

          • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

          • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;

          • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

          • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

          • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

          • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

          • тапсырмалардың балл қою кестелері.

Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.
Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.
Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді.
Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау әдетте мұғалімдермен өткізілетін болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте тек бір мұғалім ғана болады. Мүмкіндігінше кез келген бос мұғалімнің тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге, мысалы, бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде мұғалімнің жиынтық бағалаудың өткізілуін үздіксіз қадағалауы маңызды және басқа әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау).
Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс болуы, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет:

          • Көшіріп алудың алдын алу үшін білім алушылардың отыратын орнын ойластыру қажет.

          • Білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.

          • Негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс.

          • Тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін деген плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Тыйым салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.
2. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес құрастырылады. Жиынтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес балдар қойылатын балл қою кестесі құрастырылады.
Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс.
Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушы оқудағы ілгерілеуді бағамдау үшін қолдануына болады. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.
3. Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды.
Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мәселелерді түсіну және талқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі.
Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Модерацияны өткізу орнын, уақытын алдын ала қарастыру ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн.
Бір отырыста бірнеше пәнге модерация өткізуге болады.
Модерация отырысына бір параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қатысады. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Шағын жинақталған мектептер үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады.
Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары және төмен балл қойылған, сондай-ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады.
Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады.
Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сәйкес қарастырылады.
Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады:

  • дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген;

  • жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген;

  • балл қою кестесінде қателіктер жіберілген;

  • жалпы балл саны дұрыс есептелмеген және т.б..

Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі.
Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сәйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады және соңғы нақты нәтижесі электрондық журналға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет