Түсіндірме жазба



бет47/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Бақылау сұрақтары

  1. Бағалаудың қандай түрлерін білесіз?

  2. Диагностикалық бағалаудың мақсаты неде?

  3. Өзін-өзі бағалау тиімді іске асу үшін қандай жағдайлар жасалу керек?

  4. Оқушылардың бірін-бірі бағалаудың артықшылығы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ғылыми жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 80б.

  2. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

  3. Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.

  4. Кусаинов Г.М. Педагогическая технология современной школы (Заманауи мектептегі педагогикалық технология). – Астана: РНПЦ «Учебник», 2012. – 355 с.

  5. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. -

15-дәріс
Тақырыбы: Керi байланыс
Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.

1. Керi байланыс анықтамасы


2. Оқушыны ынталандыру (мотивация)

1. Керi байланыс - нақты әрекеттер, ахуалдар, даулы мәселелер арқылы мақсатқа жетуге бағытталатын түсiнiктердi алу және мәлімет беру процесі.


Формативті бағалаудың мәселелерін зерттеушiлер Брангерт Драунс, Кулик, Морган сонымен қатар Элдвар және Корнолар «формативті бағалау – кері байланыстың оқушылармен үзіліссіз ағыны», «оқушыға реттелген түсініктерді алу және өзінің кемшіліктерін сезінуге көмектесетін айқын, түсінікті ұсыныстар мен ары қарай ілгері ұмтылу үшін жеткілікті мәлімет жинайды» деп өз жұмыстарында атап өттi.
Керi байланыс мұғалiмге оқыту процесі қалай жүретiндігі және оқушының табыстары мен кемшіліктері туралы мәлiмет бередi. Керi байланыс өзара сыйластық пен тiлектестiктiң атмосферасында өтуi қажет және оқушы үшiн дұрыс жауап қайыруға немесе қателердi жөндеуге уақыт берiлуі керек. Сонымен қатар іс-әрекет бағыттарын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi.
Зерттеушiлер Блэк және Уильямның пiкiрiнше, оны пайдалану үшiн оқушы керi байланыс деген не екенін түсiнуі керек. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге, нені игеру керек екенін білуі керек ». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай және нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мәлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны жасауға көмектеседі.
Сабақтың әр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі түрі болады.

  • Ауызша

  • Жазбаша

Кері байланыстың құралдары төмендегідей болуы мүмкін.

  • Жазбаша түсініктеме

  • «температура өлшемі»

  • Бақылау

  • Жылдам сұрақтар

  • Күнделік (өзін-өзі бағалау) журналы

Ауызша кері байланыс бұрмалы, толық немесе шағын, бұрмаланусыз болады. Бұрмалы және толық түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана («жақсы», «жарайсың», «нашар», «дұрыс емес») қамтып қоймай, сонымен қатар:
а) ненің дұрыс, ненің қате екендігін көрсетеді
б) қалайша қателерін түзеуге немесе толықтыруға болатындығына бағыт-бағдар береді.
Бұрмаланусыз немесе шағын түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана қамтиды: «жарайсың», «нашар», «жақсы» т.с.с.
Түсініктемелер позитивті, бейтарап (нейтралды) немесе негативті болуы мүмкін.
Позитивті немесе бейтарап (нейтрал) түсініктемелер төмендегідей болады:

  • Дұрыс жауап кезінде айтылатын сөздер: «иә, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «барлығы дұрыс», «Сәуленің қаншалықты нақты жауап бергеніне назар аударыңдаршы», «Жарайсың!»

  • Қате жауап кезінде айтылатын сөздер: «жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан», «бұл бағытың дұрыс, бәріміз бірге тағы да ойланып көрейік», «балалар, Таланттың айтуы бойынша осылай, ал сендер қалай ойлайсыңдар?», «ал сен неге олай ойладың?», «сен бұл жерде біраз қателестің, қане тағы бір рет оқып шық».

  • Жауабын нақтылап және толықтыра түсуін өтіну.

Ұстаз сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. Мысалға: «ақымақ жауап», «осылай ойлауға қалайша дәтің барды?», өйткені мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді. «Дұрыс емес», «қате», «дұрыс жауабын кім береді?» деген сөздерден аулақ болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн болады.
2. Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.
Бағалаудың мақсаттарының бірі оқушыны оқуға бағытталған ынталандыруының қолдауы және реттеуі болып табылады. Ынталандыру талдау негізінде шешім қабылдау процесін көрсетеді. Ынталандыру туралы сұрақ адамның әрекетінің себебін түсіндіру қажет болған кезде үнемі туындайды. Ынталандыру ортасы мазмұнына қарай оқушылардың сәттілікке талпынушылығының туындауына қалай көмегін тигізсе, солай кедергі болуы мүмкін, сонымен қатар осы талпынушылықтың күші мен бағытына әсер етеді.
Оқу барысында ішкі ынталандырудың реттелуіне қалайша әсер етуге болады?
Ішкі ынталандыру сәтті оқудың маңызды шарты болып табылады. Егер ол оқушыда жоқ болса, не істеу керек? Көптеген ұстаздар балаға қажетті ынтаны қалыптастыру арқылы көптеген қол жетімді жетістіктерге жетіп сол арқылы оқу мәселелерін біршама оңтайлы шешуге болатындығын айтады. Е.П. Ильин «Ынта – дегеніміз тұлғаның (субъект) өзі қалыптастыруы тиіс күрделі психикалық білім» деген. Ұстаз бұл процеске тек себепші ғана бола алады.
Ынталандырушы әдістер:

  • Талабыңыз биік және шынайы болуы қажет;

  • Оқушымен бірге мақсат қоя білу керек;

  • Сіздің пәніңіз бойынша жетістікке жету үшін нақты не керек екенін түсіндіріп беру керек;

  • Ішкі ынталандыруды дамыту үшін «міндеттісің», «талап етемін» деген сөздердің орнына «қызық, тырысып көр», «істеп көр» т.с.с. сөздерді қолдану керек;

  • Оқушылар арасында бәсекелестік тудырудан аулақ болу керек;

  • Өз пәніңіз жайлы әрқашан шабытпен, құлшыныстықпен айтуыңыз қажет;

  • «Жетістік ахуалын» қалыптастыру керек.

Сабақтың құрылымы:

  • Әрқашан оқушының мықты және қызығушылық жағынан табыла білу керек;

  • Оқытылып жатқан материалды біртіндеп күрделендіре түскен жөн;

  • Оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану қажет;

  • Оқушының көңілін тек бағалауға ғана емес, жаңа дағдылар мен білімге назарын аударта алу қажет;

  • Оқушыны ешқашан нашар бағамен қорқытуға болмайды;

  • Тест оқушының үрейін тудырмай, керісінше оның біліміне назар аудартуға себепші болуы керек.

Ынталандыру арқылы оқушының атқарған жұмысына түсініктеменің берілуі:

  • Кері байланыс дер кезінде болуы керек.

  • Жетістіктерін тек қана мақтау сөздермен ғана айтып қоймай, оң құрылымдық (конструктивті) түсініктермен де жеткізу қажет.

  • Бір-бірінің жұмыстарын оқытып тексеруге беріп, олардың оң жақтарын және толықтыратын тұстарын көрсетіп бағалау.

  • Ең алдымен әрқашан оң аспектілерін атап алып, сонан соң сынға алу керек. Негативті кері байланыс оқушыға емес, жұмыстың осал жақтарына бағытталуы қажет.

  • Оқушының әлсіз жақтарын ешқашанда көпшілік алдында қорлау сөздермен кемсітіп көрсетуге тиым салынады.

  • Оқушыларға өздерінің ойлануларына мүмкіндік беріп, аузына сөз салып беруге (подсказка) асықпау қажет.

Оқыту үрдісінде ғылыми түрде негізделген бір қатар ынталандыру әдістері бар. Солардың көмегімен жоғарыда айтылған қиыншылықтарды шешуге болады. Ол үшін төмендегідей талаптарды міндетті түрде ұстануымыз қажет.

  1. Мүмкіндік болса, дұрыс атқарылған тапсырмалар үшін марапаттау мен сыйлық беруді доғарып, оның орнына жай ғана бағалап, мақтап қоюымыз жеткілікті.

  2. Сабақты көбінесе оқушыларды жарыстыру арқылы өткізу қажет. Оқушыны өз жетістіктері мен нәтижелерін салыстырып, талдау жасауға үйретуіміз тиімдірек болады.

  3. Оқу мақсатында «жоғары дағылармен» байланыстырмауға тырысыңыз. Оқушымен бірлескен жұмыс оның алға қойған мақсаттар мен тапсырмаларды орындауларына едәуір тиімді.

  4. Қателігі үшін оқушыға қатты айтылған сын оған негативті эмоция туғызатындығы және оқуға деген белсенділігіне кері әсерін тигізетіндігін есте ұстағанымыз абзал.

  5. Уақытша шектеулер қолданбауға тырысыңыз, өйткені ол шығармашылықты тежеп қана қоймай, ішкі талпынысты да тежейді.

  6. Әрбір оқушының өз шеберлігі және ұшқырлығын дамыту үшін оларға тапсырмаларды қиындық деңгейіне қарай бөліп беру керек.

  7. Әр оқушыға есептің шешу жолы мен әдістерін өзіне таңдатуға мүмкіндік беру қажет.

Ынталандыру оқушының танымдық белсенділігін жоғарылатуға және оқу бағдарламасын меңгертуге мүмкіншілік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет