Түсіндірме жазба


Көп таңдауы бар тапсырмалар



бет55/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Көп таңдауы бар тапсырмалар


Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс жауап – тапсырманың кілті, дұрыс емес жуаптары – дистракторлар болып табылады.
Тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?

  • Тапсырманың кілтінде тікелей оқулықтан алынған үзінділерді қолданбаған жөн, әсіресе егер дистрактордың оған ерекше қатысы болмаса.

  • Алдыңғы тапсырмада кездескен сұрақтарды дұрыс жауап (кілт)ретінде қолданудың қажеті жоқ. Бұл тапсырманы орындауды жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін.

  • Тапсырманың кілті дистракторлардан ерекшеленіп берілмегені дұрыс (өте қысқа немесе ұзақ болмауы, жеңіл немесе күрделі түрде берілмеуі).

  • Кілт және дистракторларда «әрқашан», «кейде», «ешқашан», «жоғарыда аталғандардың барлығы» сияқты сөз тіркестерінің болмауын ескерген жөн.

  • Дистракторлардың «жартылай дұрыс» болуын, яғни қарастырылған жағдайда дистрактордың әртүрлі мағыналы болуын, екіұштылығын болдырмау керек.

Әдістемелік нұсқама: ұсынылған әдебиеттер мен мәліметтерді пайдалана отырып Биология пәнінен:
1. Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасын құрастыру

2. Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасын құрастыру


3. Көп таңдауы бар тапсырмалар құрастыру
Пысықтау сұрақтары:
1. Жабық тапсырмалардың ерекшелігі қандай?
2. Дистракторлар дегеніміз не?
3. Салыстыру және с әйкестендіру тапсырмаларының ерекшелігі неде?
4. Шындық/жалған тапсырмаларының ерекшелігі қандай?
5. Көп таңдауы бар тапсырмалар не үшін керек?


Оқуға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

  2. Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.

  3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет