Шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар Алдымен контентті қамтитын ақиқат тұжырымдарды құрастырып алып, олардың кейбірін жалған тұжырымға түрлендіріңіз.
Тұжырымды жалған ақпаратқа өзгерту кезінде (басынан ақиқат тұжырымды жазу кезіндегідей), толықтай теріске шығарудан аулақ болыңыз.
Міндетті түрде оқушыға өзінің жауабын қалай және қайда белгілейтінін көрсететін нақты нұсқауды қолданыңыз.
Оқушылардың назарын олардың қалай жауап беретініне аударыңыз. Мысалы, тек «Иә» немесе «Жоқ» емес; «Шындық» немесе «Жалған», «Ш» немесе «Ж», «T» немесе «F».
Барынша дәл беру мақсатында шын тұжырымды әбден нақтылаудан аулақ болыңыз.
Ұсынылған жауаптар материалды білмейтін оқушылар үшін айқын болмауы қажет.
Барынша жоғары деңгейдегі оқуға ұмтылыңыз.
үшін қолдануға ыңғайлы құнды құрал болып табылады.
Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар процесс, мерзім, атауларды, т.б. білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады.
2-кесте. Сәйкестендіру тапсырмаларының артықшылығы мен кемшіліктері
Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Білу және түсіну деңгейлерін бағалау үшін қолайлы
Орындауға көп уақыт жұмсалады
Фактілері көп материалды тексеруге қолайлы
Жоғары деңгей дағдыларын бағалауға келмейді
Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмаларын құруға арналғанұсыныстар Оқу мақсаттарын зерделеп, тапсырманың осы түрін қолданған қолайлы болатынына көз жеткізіңіз.
Сәйкестендіру тапсырмасындағы сұрақтарды шектеңіз. Сұрақтардың көп болуы тапсырманы оқуға, орындауға кедергі келтіруі мүмкін.
Оқуға кететін уақытты азайту үшін жауаптар мен сұрақтар тізімінде мүмкіндігінше тек қысқа фразаларды немесе жеке сөздерді қолданыңыз.
Бірінші бағанда барынша қарқынды сөздерді, ал екінші бағанда неғұрлым қысқа және қарапайым жауаптарды қолданыңыз.
Мүмкіндігінше жауаптар тізімін қандай да бір жүйемен реттеп орналастырыңыз (хронологиялық тәртіпте, әліпби бойынша, өсу/кему ретімен және т.б.).
Бір сұрақтың бірнеше дұрыс жауабы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (алайда, бір жауап бірнеше сұрақта қолданылуы мүмкін).
Сәйкестендіру тапсырмасын екі бетке бөлуден аулақ болыңыз, бұл тапсырманы орындау кезінде оқушыларға қиындық тудырады, сондай-ақ мұғалімнің тексеруіне де қолайсыз болады.
Тапсырманың нұсқауы (шарты) оқушыларға сәйкестікті орнатуға қатысты анық болғаны дұрыс. Барлық оқушылар тапсырманы бірдей түсінуі қажет. Тапсырма жауабы жалғыз және бір мағыналы болатындай етіп құрылғаны жөн.
Сәйкестендіру тапсырмасында барлығына ортақ ақпаратқа негізделетін сұрақтарды қолданыңыз.
Дұрыс жауапқа меңзейтін грамматикалық немесе басқа да белгілерді қолданудан аулақ болыңыз.
Сұрақтар бағаны нақты сұрақтардан немесе тапсырмалардан, тұжырымдардан және т.б. тұруы тиіс.
Көбіне сәйкестікті анықтауға қатысты тапсырмалар іс жүзінде білімді бағалайды, олар талдау және жинақтау сияқты жоғары деңгейде ойлау дағдыларын бағаламайды. Мұндай тапсырмалар жоғары деңгей дағдыларын бағалауға құрылмаған дегенді білдірмейді.