Түсіндірме жазба



бет56/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

7 – практикалық сабақ
Тақырыбы: Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу
Мақсаты: Биология пәні бойынша критериалды бағалауға арналған ашық тапсырмаларды құрастыру әдістемесін меңгеру
Негізгі сұрақтар:
1. Ашық тапсырмалар және олардың ерекшелігі
2. Ашық тапсырмалардың түрлері

Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі танымдық дағдыларды тексеруге, аргумент келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше сөздерден (қысқа жауап) толық аргументативті пайымдауларға (толық жауап) дейін өзгеруі мүмкін.


Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындауы қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар нұсқаларының бірі эссе болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы ғана тексеріліп қоймайды, сондай- ақ, берілген сұрақты немесе мәселені әр түрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын аргумент түрінде келтіру, мәселені шешудің жолдарын ұсыну және т.б. меңгеруі тексеріледі.
Ашық тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар:

    • тапсырмада немесе сұрақта анық және дәл тұжырымдаманы қолданыңыз;

    • сұрақтарды ақпараттық және сұраулы бөлімдерге бөліңіз;

    • оқушының жас ерекшелігін, мәдениетін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз, яғни тапсырмалар оқушыға түсінікті, қолжетімді берілуі қажет;

    • жауап үлгісін тиянақтаңыз, нұсқалардың барлық мүмкіндігін есепке алыңыз, берілген жауап үлгісін тапсырманы тексеру кезінде қолданыңыз;

    • жауаптың әр бөлігіне жинақталған балды қалай бөлу қажеттігін көрсетіңіз

    • құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптесіңізді қатыстырыңыз. Қажет болған жағдайда түзетіңіз, құрастырылған тапсырмаға өзгерістер енгізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет