Түсіндірме жазба



бет53/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Кезең

Сипаттамасы

Жоспарлау

Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу мақсаты мен міндеттерін айқындау, қажетті құжаттарды анықтау

Құрастыру

Оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану, бағалау критерийлерін белгілеу, тапсырма құрастыру.

Сараптама жасау

Тапсырманың сапасын талдау, материалды қайта қарау,
өзгерту енгізу.

Қолдану

Тапсырмана белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес қолдану.

Талдау

Нәтижеге шолу жасау, кері байланысты ескеру, өзгерту енгізу.

Оқу мақсаттарын дәл тұжырымдап, үнемі есте ұстау өте маңызды; оқу мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді практикалық тапсырма әзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың әр түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және өзекті болып саналады. Жабық тапсырмалар құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл. Тапсырманың дидактикалық мазмұныны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.


«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар

  • Тұжырым немесе сұрақты құрастыру тілі барынша қарапайым және оқушыға түсінікті болуы қажет

  • Сөйлемде барынша аз сөз қолданыңыз: оқушы өте ұзақ немесе күрделі тұжырымды оқуға көп уақыт жоғалтып, оның мазмұны бойынша Білімін көрсетуге уақыты жетпей қалуы мүмкін.

  • Оқушылардан тұжырыммен бірге жазу/жазылымды интерпретациялау кезінде қате жібермеудің алдын алу үшін «Ш» немесе «Ж» деп жазуды сұраудың орнына, кестеде белгілеуді немесе «Ш-шындық» немесе «Ж-жалған» мағынасының астын сызуды ұсыныңыз.

  • Егер сөйлем себеп пен салдар немесе алғышарты мен қорытындысы сияқты қарым- қатынасты көрсетсе, онда әуелі дұрыс бөлігі жазылады, ал екінші бөлігі өзгертіледі.

  • Тапсырмадағы барлық тұжырымдардың/сөйлемдердің ұзындығы шамалас болсын.

  • Жауабында қандай да бір заңдылық байқалмау үшін шын және жалған тұжырымдарды кездейсоқ ретпен орналастырыңыз.

  • Кең таралған жалған пікірлер мен көзқарастарды жалған тұжырым ретінде қолданыңыз.

  • Сұрақты оның қате жауабы оқушыларды қызықтыратындай немесе дұрыс сияқты көрінетіндей етіп құрастырыңыз.

  • Тапсырма екіұштылығы жоқ нағыз шындық немесе жалған болып табылатындай тұжырымдарға негізделуі қажет.

  • Тұжырымды барынша қарапайым түрде беріңіз.

  • Әрбір тапсырмада бір идея болуы тиіс.

  • Оқушының дұрыс түсінуіне жеткілікті ақпарат қосыңыз.

  • Мынадай сөздерден аулақ болыңыз: бәрі, әрқашан, әрбір, ешқашан, ешкім, көпшілігі, көбіне, жиі, сирек, бірнеше және т.б.

  • Мәтіннен, дәрістен немесе басқа материалдардан алынған дәйексөздерді қолданудан аулақ болыңыз, бұл оқушының көру қабілетін ғана тексереді.

  • Жағымсыз мәлімдемелер мен ақпаратты қолданудан аулақ болыңыз.

  • Таныс емес лексиканы қолданудан аулақ болыңыз.

Шындық/ жалған тапсырмасы әдетте білу мен түсінуді бағалау үшін қолданылады, сондай-ақ, оларды жоғары деңгей дағдыларын бағалау үшін де қолдану мүмкін. Оқушыларға жаңа мәлімет, тың деректер ұсынылуы немесе жұмыстың мазмұнында белгілі бір сипаттамалардың бар/жоғын анықтауға арналған жазбаша жұмыс түрінде берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет