Түсіндірме жазба



бет61/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Әдістемелік нұсқама: ұсынылған әдебиеттер мен мәліметтерді пайдалана отырып:
1. 7- сынып бойынша Жабық тапсырмаларға арналған дескрипторларды және балл қою кестесін құрастыру
2. 8- сынып бойынша Жабық тапсырмаларға арналған дескрипторларды және балл қою кестесін құрастыру
3. 9- сынып бойынша Жабық тапсырмаларға арналған дескрипторларды және балл қою кестесін құрастыру


Пысықтау сұрақтары:
1. Дескриптор құрастырудың ерекшелігі?
2. Балл қою барысында ескерілетін жағдайлар?
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

  2. Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.

  3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.



9 – 10 практикалық сабақ
Тақырыбы: Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу
Мақсаты: Биология пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған арналған тапсырмаларды құрастыру әдістемесін меңгеру
Негізгі сұрақтар:
1. БЖБ-дың ерекшелігі
2. БЖБ-ды құрастыру

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті- білім алушының ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру үшін төмендегідей алгоритмдер ұсынылады (1- сурет):



  1. оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;

  2. жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;

  3. ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;

  4. әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;

  5. білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін сипаттау).

1-сурет. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі


Осылайша мұғалім бөлім бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды. Төмендегі 1-кестеде жиынтық бағалаудың үлгісі көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет