Түсіндірме жазба



бет63/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Пысықтау сұрақтары:
1. Дескриптор құрастырудың ерекшелігі?
2. Балл қою барысында ескерілетін жағдайлар?
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

  2. Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.

  3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.

13-практикалық сабақ
Тақырыбы: Пән сабақтарында оқушылардың топтық және жұптық жұмысын бағалау
Мақсаты: күнделікті пән сабағында оқушылардың оқу әрекетін бағалау әдістемесін меңгеру.
Негізгі сұрақтар:
1. Сабақта оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру және бағалау
2. Оқушылардың жұптық жұмысын ұйымдастыру және бағалау

Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы. Сабақ үстінде оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға, барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.


Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау барысында оқушылар: 

  • тиянақты білім алады;

  • көшбасшылық қасиеттері дамиды;

  • топ мүшелері арасында тиімді байланыс орнайды;

  • міндетті тең бөлісу арқылы жауапкершілік дамиды;

  • бірігіп жұмыс жасауға үйренеді;

  • алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін ынтымақтастықта, сыйластықта жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыс кезінде оқушылар арасында ортақ жұптық әңгіме жүріп, білмегендерін жұбымен ақылдасу барысында талқылайды. Оқушылар жұпта жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы сабақтың мақсатын айқын түсініп, берілген тапсырманы орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алады.
Сабақ үстіндегі оқушының кез-келген әрекеті (топтық жүмыс болсын, жұптық немесе жеке жұмыс болсын) бағалануы тиіс. Жаңартылған оқу мазмұнына сәйкес сабақ барысында қалыптастырушы бағалау қолданылады.

Жұмыстың барысы:



  1. Кез-келген сынып бойынша сабақта оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруға арналған топтық және жұптық тапсырмалар құрастыру

  2. Әрбір тапсырмаға берілетін уақытты анықтап, тапсырманың орындалуына нұсқау даярлау

  3. Әрбір тапсырманы қалыптастырушы бағалауға арналған бағалау әдісін ұсыну

Пысықтау сұрақтары:


1. Топтық жұмыс тапсырмаларының ерекшелігі неде?
2. Жұптық тапсырмаларды ұйымдастырғанда нені ескеру керек?

Әдебиеттер:



  1. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

  2. Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.

  3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет