Түсіндірме жазба



бет60/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Балл қою кестесі
Балл қою кестесі жиынтық бағалау тапсырмалары үшін құрастырылады және жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады. Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Балл қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды) жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық және нақты ақпарат ұсынатын құрал болып табылады.
Балл қою кестесінің құрылымы мен мазмұны пәндер мен тапсырмалар түрлеріне қатысты ерекшеленуі мүмкін (мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде балл қою кестелері сөйлеу әрекеттері (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) бойынша әртүрлі болуы мүмкін). Балл қою кестесінің құрылымы мынадай ақпараттардан тұрады: тапсырмалар нөмірі, тапсырмаларды орындаудың кезеңдері көрсетілген жауаптары, әр кезеңнің балдары және балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпараттар.
Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы (кілті) көрсетіледі.
Балл қою кезінде жауабы үшін екі және/немесе одан көп жауап көрсетілген жағдайда, олардың арасына «,» және/немесе «және» шылауын қойған дұрыс.
Екі және одан да көп жауап көрсетілген балл қою кестесінің мысалы



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Базедов ауруы, кретинизм, микседема

3

балл әрбір дұрыс жауап үшін беріледі

Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек?


«Қосымша ақпарат» бағанында мұғалімге көмек ретінде төмендегілер нақтыланған:

    • балл нақты не үшін қойылады;

    • жұмысты тексеру кезінде қандай жауап нұсқалары есепке алынуы мүмкін (мысалы, мағынасына қарай мәліметтер мен сөздерді сәйкестендіруіне қойылады);

    • оқушы жауабында қандай шектеулер болуы мүмкін;

    • оқушының орындаған жұмысын модерациялау кезінде қандай шешімдер қабылданады;

    • жұмысты тексеру кезінде пайдалы болатын кез келген басқа ақпарат.

Балл қою кестесінде берілген қосымша ақпарат төмендегілерді қамтиды:

  • бірнеше балл алуға болатын тапсырмалар. Қандай жағдайда нақты ұсыныстар беріледі, әр балл не үшін қойылады;

  • оқушының күтілетін жауабына қосымша анықтамалар;

  • есептеуге болмайтын жауаптар;

  • дұрыс жауап ретінде қабылдануы мүмкін барлық шешімнің альтернативті тәсілдері;

  • қателерді ауыстыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет