Түсіндірме жазба


Бағалау Тапсырма №



бет62/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Бағалау




Тапсырма

Дескриптор

Балл

критерийі
















Білім алушы










1


































2


































3



















Жалпы балл саны















Әдістемелік нұсқама: ұсынылған әдебиеттер мен мәліметтерді пайдалана отырып:
1. Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру

2. Тапсырмаларға арналған бағалау критерийлерін және дескриторлармен мен балл қою кестесін толтыру


Пысықтау сұрақтары:
1. Дескриптор құрастырудың ерекшелігі?
2. Балл қою барысында ескерілетін жағдайлар?
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

  2. Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.

  3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.



11 –12 практикалық сабақ
Тақырыбы: Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу
Мақсаты: Биология пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған арналған тапсырмаларды құрастыру әдістемесін меңгеру
Негізгі сұрақтар:
1. ТЖБ-дың ерекшелігі. Спецификация
2. ТЖБ-ды құрастыру

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.


Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді.
Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

          • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

          • пән бойынша күтілетін нәтижелер;

          • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

          • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;

          • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

          • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

          • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

          • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

          • тапсырмалардың балл қою кестелері.
        1. Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау


Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес құрастырылады. Жиынтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес балдар қойылатын балл қою кестесі құрастырылады.
Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс.
Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушы оқудағы ілгерілеуді бағамдау үшін қолдануына болады. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.
        1. Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау


Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.


Әдістемелік нұсқама: ұсынылған әдебиеттер мен мәліметтерді пайдалана отырып:
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру

2. Тапсырмаларға арналған бағалау критерийлерін және дескриторлармен мен балл қою кестесін толтыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет