Түсіндірме жазба


Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар



бет59/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар

  1. Сыныпта меңгерген материалды бағалаңыз

  2. Оқушылардан берілген дереккөздер арқылы дұрыс жауабы бар 1 немесе 2 тапсырма құрастыруды сұраңыз

  3. Жұмысты орындауға қанша уақыт қажет екенін анықтау үшін төмендегі ақпараттарды қолданыңыз:

    • шындықты анықтау тапсырмасы үшін 30 секунд

    • көп таңдауы бар тапсырма үшін 60 секунд

    • қысқа жауапты қажет ететін тапсырма үшін 120 секунд

    • толық жауапты қажет ететін тапсырмаға/эссеге 10-15 минут

    • жұмысқа шолу жасау үшін 5 минуттан 10 минутқа дейін

  4. Оқушылардың 50-70%-ы жауап бере алатындай немесе орташа күрделілігі бар тақырыпты таңдаңыз

  5. Сенімділік тұрғысынан барынша ұзақ құрылған тест сенімді деп есептеледі

  6. Есіңізде болсын, оқулықтағы көптеген тест тапсырмаларының жоғары деңгей дағдыларын бағалауы өте сирек кездеседі.

Дескрипторларды құрастыру. Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама. Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.
Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы орындау кезіндегі әр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны бойынша сенімді және жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті, дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.
Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?
Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т.б. сияқты фразаларды қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауға қиындық туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.
Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес, «материктік және мұхиттық жер бедерін салыстыру негізінде материктік жер бедеріне тән құрылымдарды көрсетеді» деп берілуі тиіс.
Тапсырмалардың дескрипторлары тапсырмаларды орындаудың қай кезеңінде оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек және бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет