Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс жауап – тапсырманың кілті, дұрыс емес жуаптары – дистракторлар болып табылады.
Тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?
Тапсырманың кілтінде тікелей оқулықтан алынған үзінділерді қолданбаған жөн, әсіресе егер дистрактордың оған ерекше қатысы болмаса.
Алдыңғы тапсырмада кездескен сұрақтарды дұрыс жауап (кілт)ретінде қолданудың қажеті жоқ. Бұл тапсырманы орындауды жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін.
Тапсырманың кілті дистракторлардан ерекшеленіп берілмегені дұрыс (өте қысқа немесе ұзақ болмауы, жеңіл немесе күрделі түрде берілмеуі).
Кілт және дистракторларда «әрқашан», «кейде», «ешқашан», «жоғарыда аталғандардың барлығы» сияқты сөз тіркестерінің болмауын ескерген жөн.
Дистракторлардың «жартылай дұрыс» болуын, яғни қарастырылған жағдайда дистрактордың әртүрлі мағыналы болуын, екіұштылығын болдырмау керек.
Әдістемелік нұсқама: ұсынылған әдебиеттер мен мәліметтерді пайдалана отырып Биология пәнінен:
1. Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасынқұрастыру
3. Көп таңдауы бар тапсырмалар құрастыру
Пысықтау сұрақтары: 1. Жабық тапсырмалардың ерекшелігі қандай?
2. Дистракторлар дегеніміз не?
3. Салыстыру және с әйкестендіру тапсырмаларының ерекшелігі неде?
4. Шындық/жалған тапсырмаларының ерекшелігі қандай?
5. Көп таңдауы бар тапсырмалар не үшін керек?
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.