Әдістемелік нұсқама: ұсынылған әдебиеттер мен мәліметтерді пайдалана отырып Биология пәнінен:
1. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырма құрастыру
2. Толық жауапты қажет ететін тапсырма құрастыру
Пысықтау сұрақтары:
1. Ашық тапсырмалардың ерекшелігі қандай?
2. Қысқа жауапты тапсырмалардың ерекшелігі неде?
3. Эссенің ерекшелігі неде?
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер:
Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.
Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.
8 – практикалық сабақ
Тақырыбы: Бағалауға арналған тапсырма әзірлеудің жалпы ерекшеліктері
Мақсаты: Бағалауға арналған тапсырма әзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстарды талдау
Негізгі сұрақтар:
1. Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар
2. Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек
3. Балл қою кестесі
Құрастырылған тапсырманың анықтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты) шектейтін негізгі фактор болып табылады. Ол бағалаудың негізгі қағидаларын (негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі. Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы қолдану ұсынылады.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Достарыңызбен бөлісу: |