Түсінік хат 5-сынып, «Математика» оқу пәні. 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды



бет6/11
Дата06.01.2022
өлшемі27,73 Kb.
#110184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
түсінік хат 5-11с (1)

Түсінік хат

9-сынып, «Алгебра» оқу пәні.

9-сыныпта қолданыстағы оқу бағдарламасындағы тәрізді «Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері», «Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдері қарастырылады. Оқу бағдарламасының мазмұны комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы бойынша материалдармен толықтырылған. Атап айтқанда «Комбинаторика элементтері» бөлімінде келесі тақырыптар берілген: Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері). Санның факториалы. Қайталанбайтын «орналастыру», «алмастыру» және «теру» ұғымдары. Комбинаториканың негізгі формулалары. Комбинаторика формулаларын қолдану арқылы есептер шығару. Ньютон биномы және қасиеттері, ал «Ықтималдықтар теориясының элементтері» бөліміне «Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға. Элементар оқиғалар. Қолайлы нәтижелер. Тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Статистикалық ықтималдық. Геометриялық ықтималдық» тақырыптары енгізілген. Қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша бұл бөлім 10-сыныпта қарастырылған болатын



«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

«Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдерінің көлемінің үлкендігіне қарай екінші және үшінші тоқсанда сәйкесінде 2 және 3 бөлім бойынша жиынтық бағалаулар ұсынылған.



Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

2

2

3

2



  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
    3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет