Түсінік хат Әдебиеттік оқу «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін, мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.
Қорытынды тексеруді ұйымдастыру үшін және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:
- кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеру үшін);
- әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін);
- дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдық соңында);
- қорытынды тест тапсырмалары (кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстардың бір түрі);
- оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын тексеруге арналған бақылау жұмыстар (2-сыныптың І жартыжылдығының соңында)
2-сыныптың ІІ жартыжылдығынан бастап балаларға арналған кітаппен жұмыстар бойынша тапсырмалар оқырмандық біліктерін және оқыған шығармалары жөніндегі ағымдық және қорытынды тексеруге жатады.
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің классификациясы Қателер: - қате оқу (әріптерді ауыстыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);
- мәтіннің бәрін мағыналық кідіріссіз оқу, дауыстап оқығанда сөздің айтылуын ырғағы мен анықтығын бұзу;
- оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінуді білдіретен мәтіндегі сөз және сөйлемді таба алмау;
- мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу;
- бірсарынды оқу, мәнерлеп оқи алмауы.
Кемшіліктер:
- дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының бұзылуы;
- белгіленген уақыттан біршама артық уақытта оқылған мәтінді түсінуі;
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу дағдысының қалыптасуының шамалық нормасы:
2-сыныптың І жартыжылдық соңында минутына 40 және одан артық сөз оқуды; ІІ жартыжылдық соңында 50 және одан артық сөз оқуды меңгеруі қажет. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны осы пәнге арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік құралда көрсетілген.
1-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Пән/Сынып
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны