Оқушы нені білу керек: Курс барысында оқушылар ұғымдар мен терминдердің мазмұнын, химиялық реакция теңдеулерін, заттардың химиялық және физикалық қасиеттерін, оқулықтан өз бетімен іздеп табуды білуі керек
Оқушы нені үйренуі керек: Курс арқылы әр оқушы өз білімі мен біліктілігін тексеруді, меңгерілген материалды қайталау және қорытындылауды үйренуі керек.
Күтілетін нәтижелер:
Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.
«Тарих» пәнімен – химия ғылымының тарихи және ғылыми алғышарттары, ғылыми ашылулар және қазақстандық ғалымдардың ғылым, технология және өндірістің дамуына қосқан үлестері.
«Биология» пәнімен –атмосфералық ауаның, оттектің, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін биологиялық рөлі және оларды ластанудан қорғау