Түсінік хат Оқу пәнінің жалпы мазмұны



бет2/3
Дата01.12.2022
өлшемі22,31 Kb.
#160800
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)
Ата, задачи2
Мақсаты
«Физика» пәнін 10-сыныптарда оқытудың мақсаты – функционалдық сауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етіледi:

  • қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;

  • физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

  • базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысын тәрбиелеу.


Мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, физиканың өндіріспен, ауылшаруашылығымен, техникамен, ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету, пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Міндеттері:

  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық ізденістерін дамыту;

  • Өз беттерімен ізденуін, ынтасын дамытудағы табандылықтарын арттыру, мақсаттылыққа тәрбиелеу;

  • Физикалық заңдылықтардың өмірлік маңызы мен шынайлылығын оқушы санасына жеткізу;

  • Оқушыларға физикалық шаманы өлшеуді,өлшеу әдістері мен эксперименттік зерттеулермен таныстыру;

  • Өлшегіш құралдарды дұрыс қолдануға үйрету;

  • Есептің шығару жолдарын дұрыс талдауға,қорытынды жасауға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет