Түсінік хат Оқу пәнінің жалпы мазмұны



бет1/3
Дата01.12.2022
өлшемі22,31 Kb.
#160800
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


Түсінік хат
Оқу пәнінің жалпы мазмұны
«Физика» оқу пәні адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің мазмұнына деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерд, физика әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қоры жинақталады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.
Физика салыстырмалы түрде материяның неғұрлым қарапайым және сонымен қатар неғұрлым жалпылама түрлерін (зат, өріс) және материя қозғалысының неғұрлым күрделірек түрлерінің құрамына кіретін физикалық түрін зерттейді. Материяның жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын (физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары сатысьіна жетті және оның дамыған математикалық және экспериметтік зерттеу құралдары бар. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі бүкіл ғылыми-жаратылыстану ойлау стиліне елеулі ьіқпалын тигізеді. Іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі ретінде ұсынылған әлемнің физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын және біртұтас ғылыми-жаратылыстану бейнесі туралы көзқарасын қалыптастырудағы басым модель болып табылады.Оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімін оқу және өмірлік жағдаяттарда пайдалана білу біліктерін дамытуды, жалпы пәндік біліктерін қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етуді көздейтін білім беру мақсаттары физика курсын оқытудың басым міндеті ретінде мектептің негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың келесі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруды меңзейді:
- танымдық іс-әрекет қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу, эксперимент, модельдеуді пайдалануды; зерделеу нысандары арасындағы мәнді қызметтік байланыстар мен қатынастарды бөліп көрсетуді; себеп-салдарлық байланыстардың сипатын айқындауды; оқу және практикалық есептерді шешуді, өз бетінше әр түрлі шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже, оны бағалау тәрізді проблемаларды шешу компетенттілігі аясында өзінің танымдық іс-әрекетін өз бетінше, қызығушылықпен ұйымдастыра алуды болжайды;
- ақпараттық-коммуникативті іс-әрекетке бастапқы және екінші ақпаратты ала білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу; негізгі ақпаратты қосалқыдан бөле алу, алынған ақпараттың сенімділігін бағалай алу; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу; ақпаратты бір таңбалық жүйеден екіншісіне көшіре білу; пайымдауын кеңінен негіздей алу, анықтамалар беріп, дәлелдемелер келтіре білу; ақпараттарды өңдеу, жіберу, жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету үшін мультимедиялық қорларды, копьютерлік технологияны пайдалана алу біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік алдында сөйлей білу (өз ойын айту, монолог, пікір талас және т.б.), топпен жұмыс істей алу коммуникацияларының негізгі түрлерін меңгеру; пікір алмасушының көзқарасын түсіне білу және басқа пікірдің болуын мойындай білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық нормалары және ережелерін білу жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет