Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.
8-сыныптың білім мазмұны бұрынғы сыныптармен сабақтасып, келесі тарауларға жүйеленген:
1.Таным жолында 2.Қарым-қатынас жарастығы 3.Адам мен әлем тұтастығы 4.Адамзаттың рухани тағылымы Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.
8 - СЫНЫП (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)