Түсініктемелік хат Мектепке дейінгі жастағы тілдерді үйрету бойынша «Көптілділік жолында»



бет3/4
Дата08.06.2018
өлшемі120,37 Kb.
#41736
1   2   3   4


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Жыл мезгілдерді «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді;

Түсінеді: Сұрақтарды түсініп дұрыс жауап беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай алу;

Қолданады: Білген сөздерді қазақ тілінде дұрыс атай білуге , қысқа сөйлемдерді құрастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

ортаңғы тобы (4-5)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қысқы киім»

Мақсаты: - Қысқы киімдердің атын меңгерту. Түстерін ажырату мақсатында «Қандай?» «Не істейді?» деген сұраққа жауап беру.

«Ы», «і» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.



Құралдар: қысқы киім суреттері, слайд.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы

Көптілділік:

Қазақ тілі: қолғап, тон, етік, шалбар, бөрік, пима, шұлық, киім.

Русский язык: варежки, шуба, сапоги, брюки, валенки, носки, одежда

English: Mittens, a fur coat, boots, trousers, boots, socks, clothes

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық – қозғаушылық

Сәлеметсіздер ме!

Балалар, біреу келе жатқан сияқты

тыңдайықшы- деп назарларын аудартады

-Бұл кім болды екен?

Бір бала кіріп келеді.

-Менің атым Қайрат. Орманға барғанмын қолғабымды жоғалтып алдым. Қолым қатты тонып тұр. Көмектесіңдерші.

-Балалар көмек береміз бе?



- Сәлеметсіз бе!

Білмейміз.


Балалар жауап береді


  • Көмектесеміз




Ізденушілік -

ұйымдастырушылық


-Алдымен жауап беріңдерші

  • Қазір қандай мезгіл?

  • Күн қандай?

Қайратқа көмектесеміз бе?

Біз онда қысқы орманға саяхатқа шығамыз.

Орманға бару үшін қаншама кедергілер тұр. Осы кедергілерден өтуіміз керек.

Қысқы киімдермен танысайық.



1.Қазақша атауларымен таныстыру.

Пима – валенки

Тон – шуба

Етік – сапоги

Шұлық- носки

Шалбар – брюки

Бөрік- шапка

Қолғап - варежки

2.Тапсырма: «Қысқы киімдерді табу». Ілулі тұрған киімдердің ішінен қысқы киімдерді алып көрсету. Аттарын атап, түстерін айтады.

Қайрат тонып қалыпты қолын жылтып сергіту сәтін жасайық.


Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,


Қолғапты киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.

3.Жұмыс дәптері «Қыз баланың киімін боя».

Киімдерді атайды бояйды.

Мынау не?
-Балалар, қараңдаршы, біз қысқы орманға да жетіп қалыппыз.

Қайда келдік?

Қолғап бар ма, қараңдаршы?

Д/ойын «Бар,жоқ»

Мына ағаштың қасында?

Ал мына жерде?

Қайрат: Ой, рахмет балалар, қолым жылынып қалды.

Қыс мезгілі.

Күн суық, аяз.

Көмектесеміз.

Бірге қайталап айту, жеке жеке айтды.

Пима, тон, етік, шалбар, қолғап, бөрік, шұлық.


Балалр ілулі тұрған киімдерді алып, сипаттайды.

Мынау пима, пима қоңыр, мынау тон, тон қара, мынау етік, етік қызыл, мынау шалбар, шалбар көк, мынау қолғап, қолғап жасыл, мынау бөрік, бөрік қара, мынау шұлық , шұлық сары.
Қайталап қыймылмен жасайды.

Балалар үш тілде атауға тырысады

Мынау тон.

Мынау қолғап.

Мынау пима

Мынау бөрік.

-Қысқы орманға келдік.

Балалар ойын ойнап тапсырманы орындайды

-Қолғап жоқ.

-Қолғап бар.



Рефлексивті-

түзетушілік


Қараңдаршы, Қайраттың барлық киімі киілген бе, атап шығайық?

Қайраттың басында не?

Денесінде не?

Қолында не?

Аяғында не?


Киілген.


Киімдерді атап шығады.

Басында бөрік киеді.

Денесінде тон киеді.

Қолында қолғап киеді.

Аяғында пима киеді.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Қысқы киім атауларын: пима, шалбар, тон, етік, қолғап, шұлық, бөрік сөздерін.

Түсінеді:Қысқ киімдерді, түстерін атай білу.

Қолданады: Мынау не? Не істейді? Қандай? Сұрақтарына жауап беру, қысқаша сөйлемдер құрастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

ортаңғы тобы (4-5)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дене мүшелері.

Мақсаты:1.Тақырып бойынша жаңа сөз үйрету;

2. Ойлау шапшаңдығын дамыту, тазалыққа тәрбиелеу.

3.Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. «Ы», «і» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Құралдар: интерактивті тақта, қарындаш, дәптер , В.Воскобовичтің игровизоры

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы, В Воскобович технологиясы

Көптілділік:

Қазақ тілі:дене мүшелері, көз, мұрын, құлақ, шаш.

Русский язык: части тела, глаза, нос, уши, волосы

English:Body parts, eyes, nose, ears, hair

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық – қозғаушылық

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Балалар мына суретте кім екен?

/Буртаино суреті көрсетіледі/

- Балалар Буратино балабақшаға келгісі келеді, бірақ дене мүшелерін қазақша білмейді.

-Балалар көметесеміз бе?


-Сәлемдеседі.

-Буратино

-Иә


Ізденушілік -

ұйымдастырушылық


1.Мұғалім Буратиномен бірге алдымен дыбыстық жаттығу жасауға шақырады:

Өз-өз-өз-мынау көз

Ақ-ақ-ақ-ақ – құлақ

Ол-ол-ол- үлкен қол

Ас-ас-ас- ақылды бас
2.Мұғалім балаларға қағазға салынған дөңгелекті көрсетеді.

-Бұл неге ұқсайды, бұл не?

Мұғалім дөңгелекке көз, шаш, құлақ салады.

-Енді не болды?

Сурет арқылы жаңа сөздерді еңгізу.

Сергіту сәттері

Қанеки, оң аяқ,

Бір адым алға бас!

Қанеки, сол аяқ,

Шырағым, алға бас!

Оң аяқ! Сол аяқ!

Қолды жоғары созамын,

Басты оңға, солға бұрамын,

Мен шымыр боламын!


3.«Сақ бол!» ойыны. Шарты: педагог дене мүшелерін атайды, балалар оны дұрыс көрсету керек.

- Балалар Буратино дене мүшелерін жақсы үйрену үшін, біз өз дене мүшелерімізді көрсетейік.

- Басын қайда?

-Қолын қайда?

-Мұрынын қайда?

-Құлағын қайда?

-Көзін қайда?

- Шашын қайда?


4. Дәптермен жұмыс. «Дене мүшелерін ата»
5. Флипчат «Дене мүшелері»


6. Игровизормен жұмыс

«Не үшін қажет?»



Балалар Буратиномен бірге қайталайды

Балалар: шар, дөңгелек, доп т.б.

Мынау бас.

Мынау көз,

Мынау мұрын,

Мынау құлақ,

Мынау шаш.

Сөздерді хормен, жеке қайталайды.


Аталған дене мүшелерді дұрыс көрсетеді.

Жұмбақты, қимылдарды қайталайды.

Балалар дене мүшелерін үш тілде атайды

Балаллар интерактивтік тақтамен жұмыс жасайды.

Балалар дене мүшелерінің не үшін қажет екенін айтады.

Көз көреді

Құлақ естиді

Қол ұстайды

Мұрын иіскейді



Рефлексивті-

түзетушілік


-Балалар біз кімге көмек бердік?

-Бас,көз,құлақты бір сөзбен қалай атаймыз?

Буратино сендерге алғыс айтып «Буратино» кәмпитін беріп жіберді.


-Буратиноға
-Дене мүшелері
Балалар қуанып қалады

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: бас, қол, аяқ, көз, мұрын, құлақ, шаш сөздерін

Түсінеді: сөзді, дыбысты дұрыс айту дағдысын.

Қолданады: дене мүшелерін таза ұстау керек екенін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

ортаңғы тобы (4-5)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Тағамдар»

Мақсаты: Тағамдар атауларымен таныстыру

«Азық-түлік» тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту;

презентация арқылы жаңа сөздерді меңгеру,

қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуын үйрету;

- тағамдарды қадірлеу қажет екенін.

Құралдар: компьютер, тірек сызба, тағамдар, суреттер, кітап,

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы

Көптілділік:

Қазақ тілі: айран, нан, сүт, ет, жұмыртқа, айран, қант, тұз,ботқа, азық –түлік, іш,же,дәмді, ащы,

Русский язык: кефир, хлеб, молоко, яйцо, кефир, сахар, соль, каша, продукты, ешь, пей вкусный, горький

English: Kefir, bread, milk, egg, kefir, sugar, salt, cereal, food, eat, drink

  Tasty, bitter




Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық – қозғаушылық

-Балалар мен сендерге өте қызықты, өзгеше кітап әкелдім. Ол кітап «Дәмді тағамдар тарихы »

-Бұл кітап тапсырмаларын жақсы орындасаңдар, сендерді дәмді сыйлық күтіп тұр. Сендер дайынсыңдар ма?




Сәлемдеседі


Ізденушілік -

ұйымдастырушылық


Бірінші беті ашамыз.

Мынау қандай сан?

Не көріп тұрсындар?

Тұз — мұздай,


Мұз — тұздай.

Кітаптың келесі бетін ашамыз, қандай сан көріп тұрсындар?

1 Тапсырма«Тағамдарды атайық» суреттер бойынша тағамдарды атау.

Мынау қандай тағам?

Балалар бір сөзбен қалай
аталады?

Келесі бетті ашайық

Мынау қандай сан?

2 Тапсырма «Презентация»

Бұл бетте ертегі әлеміне тоқталайық. /презентация/

-Қызыл телпектің әжесіне апаратын тағамы?

- Карлсон нені жақсы көрді?

- Шұбар тауық ертегісінде қандай тағам бар?

- Маша аюға қандай тағам жасайды?

Мултьфильмнен үзінді көру

-Балалар Машаның ботқасы тасып жатыр, біз дұрыс ботқа жасауды үйретейік

Ойын ойнау Сергіту сәті

«Ботқа жасайық»

Жарайсыңдар балалар, Маша енді үйренді ботқа пісіруді

Келесі бетті ашайық.

Мынау қандай сан?

Пайдалы және пайдасыз тағамдарды ажыратайық?

Супермаркет ойыны

«Пайдалы және пайдасыз тағамдарды орналастыр және ата»

-Балалар өте жақсы, жарайсындар?

Келесі бетті ашайық.

Қандай сан көріп тұрмыз?

Балалар қандай мақал –мәтел білесіңдер?
- Балалар біздің бауырсақ пісіп қалған шығар./перевод/

- Дастархан басына отырайық

-Балалар мынау не?

-Дәмі қандай болады

Мынау не?

Қант қандай?

Түсі қандай?

Балалар сүт ішіп көрейік.

Сүт қандай?

Балалар қараңдаршы біздің дастархан қандай тамаша, көңіліміз көтеріңкі, енді қослылып ән айтайық?

«Дастархан әнін орындау»

Енді ас қайырайық?


Карточкамен жұмыс

Сен не жедің?

Сен не іштің

Балалар жарайсындар?

Сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар?

Ал мына кітапты сендерге сыйлыққа беремін.


Балалар қайталайды

/екі рет қайталайды/


Балалар мольберттегі тағамдарды атайды

-Мынау нан, т.б

Азық -түлік

-Карлсон тосап жақсы көреді

-Алтын жұмыртқа

-Ботқа жасайды


Сергіту сәтін орындайды

Дөңгеленіп тұрамыз

Ботқа жасап аламыз

Сүт құямыз

Біз мұқият боламыз

Тұз саламыз

Былғаймыз, былғаймыз

Қант саламыз

Былғаймыз, былғаймыз

Жармамызды саламыз

Былғаймыз, былғаймыз

Біз мұқият боламыз

Ботқа пісті

Пық-пық-пық-пық

-Төрт саны
Балалар себетке тағамдарды орналастырады.

Атайды:


Кириешки пайдасыз

Чипцы пайдалы т.б.

бес
Балалар мақал –мәтелдерді айтады.

1.Тату үйдің тамағы тәтті.

2.Дәнді шашпа, нанды баспа.

 3.Ас атасы  - нан.

4.Нан бар жерде ән бар.

5.Нан— тамақтың атасы

Ынтымақ — көптің батасы.

6.Асы бар аяқтан аттама.


7. Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.

Балалар дастархан басында отырады.
Мынау май

Дәмді


Қант

Қант тәтті

Түсі ақ
Балалар сүт ішеді
Сүт дәмді.

«Дастархан әні»

Балалар ас қайырады?

Аын асын асына

Берек берсін басына!

Достарын көп болсын

Дастарханыны мол болсын

Балалар қолдарындағы суреттерге байланыстиы сөйлем құрастырады



Рефлексивті-

түзетушілік


Ребята сегодня что мы делали?

Мы смотрели книгу вкусные историй

Ұғынады: азық –түлік туралы сөз тіркесін және сөйлем құрастыруды,

Түсінеді:қойылған сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беру дағдысын,

сергіту сәттерді орындау; ойындарға қатысуды.



Қолданады: азық -түлік атауын білдіретін сөздерді, «қ», «ұ», «ү» дыбыстарының айтылуын
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

ортаңғы тобы (4-5)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ыдыстар»

Мақсаты:-Сөздік қорларын кеңейту,сөздерді байланыстырып сөйлеу,

-Зейін қойып тыңдау дағдыларын қалыптастыру,

-Ыдыстарға мұқият қарауды тәрбиелеу

Құралдар: компьютер, тірек сызба, ыдыстар, суреттер, компьютерлік презентация, фишкалар

Педагогикалық технологиялар: ойнау, Монтессори , денсаулық сақтау технологиясы, мультисенсорлық жақындық

Көптілділік:

Қазақ тілі: Қасық, шаңышқы, шәйнек, шелек.

Русский язык: ложечка, вилка, чайник, ведро

English: Spoon, fork, kettle, bucket

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалар бүгін біз асхана бөлмесінде жұмыс жасаймыз.

-Алдымен асханада қандай заттар болады екен?



Балалар асхана бөлмесіне баруға қуана келіседі.

Асханада қандай ыдыстар бар екенін айтуға тырысады.



Ізденушілік -

ұйымдастырушылық


1.Асханада балаларды аспазшы күтеді.

Аспазшы ыдыстың атауларын қазақша түсіндіреді.

-Мынау не?

-Мынау қасық

-Мынау не?

-Мынау шаңышқы.

-Мынау не?

-Мынау шәйнек

-Мынау не?

-Мынау шелек

Балалар аспазшы сендерді дыбыстық жаттығу жасауға шақырады

2.Дыбыстық жаттығулар.

Қа-қа-қасық

Қы-қы-шаңышқы

Нек-нек-шәйнек

Лек-лек-шелек

Аспазшы сұрақ қояды

-Қандай жаңа сөздер естідіңдер?
Ыдыстар не үшін керек?

Аспазшы оның ыдыстары, тағамдары араласып кеткендігін айтады. Оларды ажыратып беру үшін көмек сұрайды.

3.Д/ ойын «Не артық?»

/компьютерлік ойын/

Аспазшы риза болып ыдыстарды көрсетіп тақпақ жаттатады

4.Тақпақ:

Ыдыстарды жинаймын,

Үлкендерге сыйлаймын.

Кесе,қасық бәрінде,

Өз орнына қоямын.



Сергіту сәті:

Дастарханды жаямыз, Ыдыстарды қоямыз. Тағамдарды әкеліп, Дастарханға қоямыз.


6.Ойын:«Кім көп айтады?» (Ортаға екі бала шығады, олар кезекпен сөздерді айтады,айтылған сөз үшін фишка жинайды. Соңында фишкаларын санайды.)

7.Жұмыс дәптерінен тапсырманы орындау «Кесте бойынша ыдыстарды боя»

Балалар асханаға келеді.

Балалар аспазшыдан ыдыс атауларын үйренеді.



  • Мынау қасық

  • Мынау шаңышқы

  • Мынау шәйнек

  • Мынау шелек

Дыбыстарды қайталайды.


-Қасық, шаңышқы, шәйнек, шелек.

-Тағамдарды салуға керек
Балалар артық затты атайды.

Нан артық

Сүт артық

Кесе артық

Хормен қайталайды.Жеке айтады.

Сергіту сәтін орындайды.


Ойын ойнап, диалог түрінде сөйлейді, санайды

Балалар ыдыстарды, түстерді атайды, бояйды,атайды




Рефлексивті-

түзетушілік


-Балалар біз қайда бардық?

- Кім қандай сөзді есіне сақтады?

- Аспазшы сендерге мына сыйлықтарды беріп отыр, балаларға сыйлықтар үлестіреді.

-Сау болыңдар!



Балалар жауап береді

-Асханаға бардық

- қасық,

-шаңышқы,

-шәйнек,

-шелек.
-Рахмет

- Сау болыңыз!


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Сөйлем құрастыру, ыдысты сипаттау.

Түсінеді: Мынау не? Қандай? сұрақтарына жауап беруді.

Қолданады: Ыдыстардың атауын. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай алу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

ортаңғы тобы (4-5)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Сандар»

Мақсаты: 1. Сөздік қорларын кеңейту,сөздерді байланыстырып сөйлеу,

2.Зейін қойып тыңдау дағдыларын қалыптастыру,

3. Кез келген заттарды санауға дағдыландыру.

Құралдар: компьютер, экран, таяқшаға ілінген сандар суреттер, игровизор,

Педагогикалық технологиялар: ойнау, Монтессори ,денсаулық сақтау технологиясы, мультисенсорлық жақындық, В Воскобовичтің технологиясы

Көптілділік:

Қазақ тілі:бір,екі,үш, төрт, бес

Русский язык:один, два,три, четыре,пять

English:one,two,three,four,five

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалармен амандасады.

-Балалар кірпі Жека бізді сандарды үйренуге шақырады бірге үйренміз бе?

/мультфильмен үзінді/

-Балалар мен сендерді Жека кірпігіне баруға саяхатқа шақырамын, барамыз ба?



Балалар амандасады.
-Иә, шығайық

Ізденушілік -

ұйымдастырушылық


1.Жека кірпіге жемістерді ажыратуға көмектесейік

«Ғажайып қоржын» дидактикалық ойыны.

2.Жека кірпінің локамативке жемістерді тиюіне көмек беру /үзінді қарау/

«Тапсырманы орында» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог сандарды көрсетеді.

Мысалы: 2 цифрын көрсетеді.

-Мынау қандай сан?


Сергіту сәті:

Бір, екі, үш,

Жинап алып күш.

Үш, төрт, бес

Күнге қарап өс!
3.Игровизормен жұмыс «Заттарды санап санды дөнгелектерге жаз»
4.Компьютерде орындалатын

«Балапанды сана» ойыны.


5. Цифрларды жеміс пен көкөністердің суреттері бойынша сәйкестендіреді.

/флипчарт/

6. Кірпі Жекамен бірге сандарды кері санап үйрену.

Мультфильмнен үзінді




Балалар қоржыннан жемістерді алып, бөліп санайды

-Бір алма

-Екі алма

-Үш алма т.б.

-Бір алмұрт

-Екі алмұрт т.б


Балалар пеедагог көрсеткен сандарды атайды

Бір,екі,үш, төрт,бес

Бір,екі,үш,төрт,бес
Қимылдарды, тақпақты қайталайды.

Балалар игровизормен жұмыс істейдіы санайды.

/үш тілде атауға тырысады/

Балалар балапанды санап, санын айтады. Мысалы: үш балапан, екі балапан т.б.


Балалар интерактивтік тақтамен жұмыс жасайды.

Сандарды кері санау

Бес,төрт,үш,екі,бір


Рефлексивті-

түзетушілік


Балалар біз кіммен бірге сандарды үйрендік?

Сау болыңыздар!



-Жека кірпімен бірге сандарды үйрендік


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: 1 –ден 5-ке дейінгі сандарды атай алады.

Түсінеді: «Неше?», «Қанша?» сұрағына жауап беру дағдысын.

Қолданады: Сандарды ойында пайдаланады алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

ортаңғы тобы (4-5)

Білім беру саласы: Комуникация.

ҰОҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Көктем»

Мақсаты:- Көктем» тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту;

-ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау;

-табиғатты аялауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Құралдар: компьютер, экран, таяқшаға ілінген сандар суреттер, игровизор,

Педагогикалық технологиялар: ойнау, Монтессори ,денсаулық сақтау технологиясы, мультисенсорлық жақындық, В Воскобовичтің технологиясы

Көптілділік:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет