Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1354 Қаулысы


Күш беретін трансформаторлар мен реакторлар



бет3/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,89 Mb.
#36808
1   2   3   4   5   6   7   8

Күш беретін трансформаторлар мен реакторлар

 

109. Қағидалардың осы тарауы тұтынушылардың май толтырылатын барлық трансформаторларға, автоматты трансформаторларға (бұдан әрі - трансформаторлар), май толтырылып, шунтталатын және доға сөндіретін реакторларға (бұдан әрі - реакторлар) қолданылады.

110. Трансформаторлар мен реакторлар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес орнатылады.



Трансформаторлар мен реакторларды тасымалдау, түсіру, сақтау, құрастырып жинау және пайдалануға беру басшылыққа алынатын техникалық материалдар және дайындаушы зауыттардың құжаттарына (нұсқаулықтарына) сәйкес орындалады.

111. Трансформаторлар мен реакторларды жұмысқа дайындау және оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша барлық қолданыстағы нұсқаулықтарды және техникалық пайдалану қағидаларын сақтау қажет.

112. Күш беретін трансформаторлар мен реакторларды пайдалану кезінде олардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету қажет. Жүктемелерді, кернеудің деңгейін, температурасын, май сипаттамасын және оқшау параметрлерін белгіленген нормалардың шегінде сақтау қажет. Салқындатқыш кернеуді реттеу, қорғау құрылғылары, май шаруашылығы және басқа да элементтерді жарамды жағдайда күтіп ұстау қажет.

113. Трансформатор және шунттаушы реактор жұмысына барлық желілік шығыстары жағынан оларды қорғау жағдайында және тұрақты қосылатын разрядтағыштармен немесе кернеулердің тиісті кластары кернеу күшінің артын шектеу бейтараптануы осылайша белгіленіп, мұның өзі, олардың трансформаторлар мен шунттаушы реакторды техникалық құжаттамада көрсетілген оқшауламалы сынау жасау кернеулерінің қабылданған деңгейіне сәйкес оқшаулағышқа әсер ететін кернеудің пайдаланылуын қамтамасыз еткенде ғана рұқсат беріледі.

114. Жаңадан орнатылатын трансформаторлар мен реакторлар дайындаушы-зауыттың тиісті нұсқаулары болмаған кезде ішкі жағын ашып, қаралуға жатпайды.

Тасымалдау немесе сақтау кезінде сырты зақымдалған және ішкі жағының зақымдалуының мүмкіндігі туралы болжам тудыратын жағдайларда ашып қарау қажет.

115. Газдан қорғаушы құрылғылармен жабдықталған трансформаторлар мен реакторлардың қақпағы (бактың алмалы-салмалы бөлігі) газдық реле бағыты бойынша кемінде 1 % көтеріңкі болуға тиіс. Бұл кезде кеңейткішке жалғанатын май бұрғышының еңістігі 2 %-дан кем болмауы керек.

116. Жұмыс істемейтін трансформатордың немесе реактордың кеңейткішіндегі май деңгейі аталған сәтте трансформатор немесе реактор майының тиісті температурасы белгіленген деңгейінде сақтау қажет.

Қызмет көрсетуші персоналға кеңейткіштері бар трансформаторлар мен реакторлар жабдықталатын майдың жоғары қабаттары температурасын термосигнализатор және термометр бойынша, сондай-ақ саңылаусыз трансформаторларда қысымның 50 килопаскаль (кПа) (0,5 килограмм күш шаршы сантиметрге (кгк/см2)) мөлшерінен жоғарылауы кезінде жүктемесі төмендетілетін мановакумм өлшегіштердің көрсеткіштерін қадағалауды жүзеге асыруы тиіс.

Трансформаторлар мен реакторлардың жинақтамалы түйіндерін пайдалану трансформатор мен реактор пайдаланатын жинақтамаға кіретін тиісті нұсқаулықтар бойынша жүзеге асыруды талап етеді.

117. Трансформаторлар мен реактордың сақтандырғыш құбырдың ауа қуысы кеңейткіштің ауа қуысымен жалғау қажет.



Сақтандырғыш құбырдың мембрана деңгейі кеңейткіштің деңгейінен жоғары болуы тиіс.

Түтіндік құбырдың мембранасы бүлінген кезде, ол тек зауытта жасалған барабарына ғана ауыстырылуы мүмкін.

118. Трансформаторлар мен реакторлардың май қабылдағыштарын қиыршықтас сеппесін таза күйінде ұстау және жылына кемінде бір рет жуу керек.



Май қабылдағыш қиыршықтасы сеппесінің ластанған (шаңмен, құммен) немесе майланған кезде жууды көктем және күз айларында жүргізу талап етіледі.

Қиыршықтас салымында қалыңдығы 3 мм асатын мұнай өнімдерінен қатты қабатшалар құрылуы, өсімдіктердің пайда болуы немесе оны жуудың мүмкін болмауы кезінде қиыршықтасты алмастыру жүзеге асырылады.

119. Сыртқа орнатылатын үшфазалық трансформаторлар мен реакторлардың багында қосалқы станциялық нөмірі көрсетілуі тиіс. Бірфазалық трансформаторлар мен реакторлардың қосалқы станциялық нөмірі орта тұсындағы фазада көрсетіледі. Бірфазалық трансформаторлар мен реакторлардың топтарында фазаның реңкі салынуы талап етіледі.



Сыртына орнатылатын трансформаторлар мен реакторлар атмосфералық әсерлерге және трансформаторлық майдың әсер етуіне төзімді ашық түсті бояулармен сырлауды талап етеді.

120. Трансформатор пункттері мен камералары есіктерінің сыртқы және ішкі беттерінде трансформаторлардың қосалқы станциялық нөмірлерін, сондай-ақ сыртқы жағында ескертуші белгілерді көрсету керек. Есік жабық тұруы қажет.

121. Трансформаторлар мен реакторларға қызмет көрсету кезінде май деңгейін, газдық реле, сондай-ақ майдың сынамаларын іріктеу үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Трансформаторлар мен реакторлардың жоғары орналасқан элементтерін (3 м және одан да биік) қарап шығу және техникалық қызмет көрсету жоғары қарай тартылған сүйеніштері мен алаңшасы бар стационарлық басқыштар арқылы қауіпсіздік қағидасын сақтаумен орындалады.

122. Трансформаторлар мен реакторларды желіге қосу толық кернеуге итеру арқылы жүзеге асырылады. Генераторлармен блокта жұмыс істеуші трансформаторлар генератормен бірге кернеудің нөлден көтерілуі арқылы қосылады. Бұл ретте трансформаторлардың бейтараптығы тұйық жерге қосу режимінде болуы тиіс.

123. Әрбір электрқондырғы үшін тұтынушыларға қуат беру сенімділігін және шығынның аздығын есепке алу арқылы жүктеме кестесіне қарай бір мезгілде жұмыс істеуші трансформаторлардың саны анықталады.

Кернеуі қоса алғанда 20 кВ-ға дейінгі таратқыш электр тораптарында және трансформаторлардың кернеуі мен жүктемелерін өлшеу - пайдаланудың бірінші жылы 2 реттен кем емес - ең жоғарғы және ең төменгі жүктемелері кезінде, одан кейін - қажеттілігі бойынша жүргізіледі.

124. Резервтік трансформаторлар жұмысқа қосуға әрдайым әзірлікте болуға тиіс.

125. 110 кВ және 220 кВ трансформаторлар мен реакторлар орамаларының бейтараптығы тұйық жерге қосу режимінде жұмыс істейді. Кернеуі 110 кВ және 220 кВ трансформаторлардың бейтараптық жұмысының басқа режимін, оларды қорғау тәсілдерін трансформаторларды дайындаушы зауыттардың талаптарын есепке ала отырып, энергетикамен жабдықтайтын ұйым белгілейді.

126. Ішкі бүлінуден қорғау әрекетімен автоматты өшірілген трансформатор немесе реакторды қарап шыққаннан, сынақтан өткізгеннен, газ және майын талдағаннан, сондай-ақ анықталған ақауларды жойғаннан кейін ғана қайтадан қосады.

127. Газдық реленің сигналға іске қосылуы кезінде трансформатор немесе реактордың сыртқы жағын қарап шығу қажет және жанатындығына талдау жасап, тексеру үшін газдық реледен газы сұрыпталып алынады.

Газдық реледен газдық сұрыптап алу және оның іске қосылу себептерін айқындау кезінде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін трансформатор немесе реактор жүксізденеді және қысқа мерзімде өшіріледі.

Егер реледегі газ жанбайтын болса және трансформатор немесе реакторлардың бүліну белгілері байқалмаса, ал оны өшіріп қою электр энергиясының жетпей қалуын туғызса, газдық реленің сигналға іске қосылу себептерін айқындағанға дейін қайтадан қосылуы мүмкін. Мұндай жағдайда трансформатор немесе реактор жұмысының ұзақтығын тұтынушының электр шаруашылығына жауапты тұлғасы белгілейді. Майды және газдық реледен газды талдау және басқа да өлшеулер мен сынап көрудің нөтижелері бойынша газдық реленің сигналға іске қосылу себептерін белгілеп, трансформатордың немесе реактордың техникалық жай-күйі және оны қалыпты пайдалану мүмкіндігін анықталады.

128. Трансформаторлар немесе реакторлардың кеңейткішіндегі май, сондай-ақ бак немесе кеңейткіштегі жүктемелі кернеуді реттеуші құрылғысы ауамен араласудан қорғалуға тиіс. Майдың ылғалдылығын болдырмайтын арнаулы құрылғылармен жабдықталған трансформаторлар мен реакторларда осы бөліктері трансформатор немесе реактордың жұмыс режиміне қарамастан, тұрақты жұмыс істеп тұрады. Аталған құрылғылар трансформаторлар немесе реакторларды дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланылады.



Қуаттылығы 1000 кВА және жоғары болатын трансформаторлар термосифондық және қоқымдарды іркіп қалушы сүзгіштерде майды үздіксіз бастапқы калпына айналдыру жүйесі арқылы пайдаланылады.

Саңылаусыз орындалған май толтырылған кірмелердің майы қышқылдану мен ылғалданудан қорғалады.

129. Жүктемені реттеуші құрылғысымен жабдықталған жүктемесіз трансформатордың бос жүрісті тогын айырғыштар немесе бөлгіштермен өшіру қажет болғанда тұтынушы жағындағы жүктемесі түсірілген соң тарамды ауыстыру бірінші жағдайға қойылады, бұл ток өзгеруінің ең жоғарғы коэффициентіне сәйкес келеді. Бұл кезде трансформатордың бейтараптығы тұйық жерге қосу режимінде болады.

130. Трансформатор орамаларының бірде-бірі рұқсат етілетін токтан асып түспейтінін есепке алу арқылы қатар жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл ретте мынадай шарттар сақталады:

1) орамаларды жалғау топтары біркелкі;

2) трансформаторлар қуаттылығы арасындағы қатынасының мөлшері 1:3 артық емес;

3) ток өзгеру коэффициенттерінің айырмашылығы ±0,5 %-дан артық емес;

4) қысқа тұйықталатын кернеу айырмашылығы трансформаторлардың қатар жұмыс істеуіне қосылған қысқа тұйықталу кернеуінің орташа арифметикалық мәнінен ±10 %-дан артық емес.

Трансформаторларды қатар жұмыс істеуге қосар алдында олардың фазалануы жүргізіледі.

Қатар жұмыс істеуші трансформаторлар мен қысқа тұйықталатын әртүрлі кернеулер арасындағы жүктемені теңестіру үшін трансформаторлардың бірде-біріне күш түспейтіндей жағдайының болуы кезінде тармақтарын ауыстыру жолымен айналмалы токтың, шамалы өзгеретін коэффициенті шегінде рұқсат етіледі.

131. Майлы трансформаторлар мен жанбайтын сұйық диэлектрлігі бар трансформаторлар үшін, егер, кернеу тиісті тармақтың нақты корсеткішті кернеуінен асып кетпесе, онда тармақтың нақты көрсеткішті тогынан 5 % жоғары болатын, кез келген орамалы ток арқылы жалғасушы жүктемеге рұқсат беріледі. Автотрансформаторда жалпы орамалардағы ток осы ораманың неғұрлым ұзағырақ мүмкіндікті тогынан жоғары болмайды.



Құрғақ трансформаторлардың ұзақ жалғасатын рұқсат етілетін жүктемелері дайындаушы зауыттардың талаптарын есеп алу арқылы трансформаторлардың нақты түрлерін пайдалану бойынша нұсқаулықтардың техникалық сипаттамаларда, нұсқаулықтарда белгіленеді.

Майлы және құрғақ трансформаторлар, сондай-ақ жанбайтын сұйық диэлектрикті трансформаторлар үшін шамасы мен ұзақтығы трансформаторларды дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарымен регламенттелетін жүйелі асқын жүктемеге рұқсат беріледі.

132. Құрғақ трансформаторлардың бейтараптылығындағы ток төменгі кернеу жағына нөлдік шықпалы жұлдызша-жұлдызша схемасы бойынша орамаларды жалғау кезінде фазаның нақты көрсеткішті тогы 25 %-дан аспайды.

133. Апатты режимдерде трансформатордың салқындатылатын ортасының температурасы мен асқын жүктеменің мәндері және ұзақтығына қарамастан, салқындатқыштың барлық жүйелерінде нақты көрсеткішті тогынан тыс қысқа жүктемеге рұқсат беріледі және келесі шектерін қамтиды:

майлы трансформаторлар ток

бойынша асқын жүктеме, %        30   45   60   75   100   200

асқын жүктеме ұзақтығы, минут  120   80   45   20    10   1,5

құрғақ трансформаторлар ток

бойынша асқын жүктеме, %        20   30   40   50    60

жүктеменің ұзақтығы, минут      60   45   32   18     5

Трансформаторлардың мүмкіндікті шамасынан тыс асқын жүктемесі кезінде кезекші персонал жергілікті нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіп, оларды бәсеңдету шараларын қабылдайды.

134. Трансформаторларда кернеуді нақты көрсеткішінен тыс жоғарылатуға рұқсат етіледі:



1) ұзақтығы - жүктемесі кезінде 5 %-ға атаулыдан жоғары емес;

2) қысқа уақытта - бір тәулікте 6 сағатқа дейін - 10 %-ға атаулыдан жоғары емес;

3) апатты жағдайларда - трансформаторды пайдалану бойынша үлгі нұсқаулыққа сәйкес.

135. Трансформатордың нақты көрсеткішті жүктемесі кезінде майдың беткі қабатының температурасы (егер, трансформаторды дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында температуралары ескертілмесе):



1) үрлеу және майды мәжбүрлі айналдыру арқылы майлы салқындатқыш жүйесі болатын трансформаторларда - 750С;

2) майлы салқындатқыш жүйелері және үрлеу арқылы майлы салқындатылуы - 950С;

3) су салқындатқыш арқылы майды мәжбүрлі айналдырумен майлы салқындатқыш жүйесі бар трансформатордағы май салқындатқышқа кірер аузында майдың температурасы 700С-тан аспауы керек.

136. Трансформаторлар мен реакторлардағы айналдыру-үрлеу майлы салқындатқыш жүйелері арқылы майды орамаларда айналдырумен бағытталуы, су салқындатқышы арқылы орамалардағы майды мәжбүрлеп айналдырумен бағыттауы салқындатқыш құрылғысы трансформатор немесе реакторлардың қосылуымен (өшірілуімен) бір мезгілде автоматты түрде қосылуы (өшірілуі) керек.



Трансформаторлардың нақты жүктемесін қосуға келесі жағдайларда рұқсат етіледі:

1) майлы және үрлеу салқындатқыш жүйелері арқылы - қоршаған ауаның кез келген қолайсыз температурасы кезінде;

2) айналдыру-үрлеу және айналдыру салқындатқыш жүйелері арқылы - қоршаған ауаның минус 250С-тан кем емес суық температурасы кезінде. Одан төмен температуралар кезінде трансформаторлар майдың айналу жүйесін жүргізбестен, трансформатор 0,5 нақты көрсеткішке дейінгі жүктемесінде алдын ала қыздырылуы керек. Май айналуының жүйесі оның беткі қабатының температурасы минус 250С суыққа жеткен соң ғана жұмыс істеуге қосылуға тиіс.

Апатты жағдайларда қоршаған ауаның температурасына қарамастан, трансформаторларды толық жүктемесінде қосуға рұқсат етіледі. Трансформаторлар зауыттық құжаттама көлемінде ұсынылып, дайындаушының пайдалану бойынша нұсқаулықтарына сәйкес жүктемесі Айналдыру-Үрлеу, Айналдыру, үрлеу-айналдырумен бағытталуы және айналдырып бағыттау салқындатқыш жүйелері арқылы қосылады.

137. Жүктемелі кернеуді реттеуші құрылғысының жұмысына трансформатор майының беткі қабатының температурасы минус 250С-тан төмен болған кезінде тыйым салынады.



Жүктемені кернеуді реттеуші құрылғысымен жабдықталған трансформатордың жұмыс істеуі кезінде асқын жүктемелер бар тармақтарын қайта қосуға рұқсат етілмейді.

138. Салқындатқыш жүйелерде майдың мәжбүрлі айналуы трансформатордың жүктемесіне қарамастан, үздіксіз болуы керек.



Үрлеу салқындатқыш жүйесінің үрленуімен өшірілетін трансформаторлардың жұмыс жағдайы, үрлеу-айналдыру, айналдыру, үрлеу-айналдыру бойынша бағыттау негізгі және резервтік салқындатқыш жүйелері салқындатылуының қосылу және өшірілу саны трансформаторға арналған техникалық құжаттама құрамында пайдалану бойынша зауыттық нұсқаулығы арқылы анықталады.

139. Майды мәжбүрлі айналдыратын трансформаторлар мен реакторларды пайдалануын тек салқындатылатын судың, майдың айналуы және салқын ауаны үрлейтін желдеткіштер жұмысының тоқтағаны туралы сигнализация жүйесі жұмысына қосу кезінде ғана рұқсат етіледі.

140. Айналдыру, айналдырып бағыттау салқындатқыштарының майлы су жүйесін қосу кезінде бірінші кезекте май сорғысы жұмыс істеуге қосылады. Одан кейін майдың беткі қабаттарының температурасы 150С-тан жоғары болған кезде су сорғысы іске қосылады. Су сорғысын, егер трансформатордың немесе реактордың зауыттық нұсқаулығында өзгесі көзделмесе, онда майдың беткі қабаттары температурасы плюс 100С-қа дейінгі төмендеген кезде сөндіріледі.

Май салқындатқыштардағы майдың қысымы трансформатор немесе реактордың кеңейткішіндегі майдың ең аз деңгейі болуы кезінде айналушы судың қысымынан кемінде 10 кПа (0,1 кгс/см2) мөлшерінде жоғары болуы тиіс.

Май салқындатқыштардың, сорғылардың және су магистралдарының қатып қалуына жол бермес үшін тиісті іс-шаралар орындалады.

141. Үрлеу салқындатқыш жүйелі трансформаторлар үшін барлық желдеткіштер апаттық өшірілген кезде келесі уақыт бойы қоршаған ауаның температурасына қарамастан, нақты көрсеткішті жүктемемен жұмыс істеуге рұқсат етіледі:



қоршаған ауаның температурасы, 0С          -15 -10  0 +10 +20 +30

жұмыстың рұқсат етілетін ұзақтығы, минут    60  40 16  10   6   4

Үрлеу-айналдыру және айналдыру салқындатқыш жүйелері арқылы жұмыс істейтін трансформаторлар мен реакторлар үшін мыналар рұқсат етіледі:

1) 30 минут бойы бос айналу режимінде немесе жасанды салқындату тоқтатылған кезде 10 минут бойы нақты көрсеткішті жүктемемен жұмыс жасау, егер көрсетілген уақыттың өтуі бойынша майдың жоғары қабаттары температурасы 800С мөлшеріне жетпеген жағдайда. Қуаттылығы 250 МВА-дан жоғары трансформаторлар үшін көрсетілген температураға жеткенге дейін, бірақ 1 сағаттан аспайтын уақыт ішінде нақты көрсеткішті жүктемемен жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

2) Желдеткіштерді толықтай немесе ішінара өшіру немесе майдың айналымын сақтау арқылы су айналысын тоқтату кезінде майдың жоғары қабаттары температурасының 450С-тан аспауы кезінде төмендетілген жүктемемен жұмыстың ұзақтығы.

Егер, дайындаушы зауыттың трансформаторлар немесе реакторға пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында басқа техникалық талаптар ескертілмесе, онда осы тармақтың шарттары қолданылады.

Орамалардағы майдың айналымы (айналдырып бағыттау салқындатқыш жүйесі) бағытталатын дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылады.

142. Үрлеу салқындатқыш жүйелі трансформаторларда желдеткіштердің электр қозғалтқыштары майдың температурасы +550С болған кезде немесе майдың температурасына қарамай, нақты көрсеткішіне тең болатын кезде автоматты қосылады. Желдеткіштердің электр қозғалтқыштарын өшіру майдың жоғары қабаттарының температурасы 500С-ға дейін төмендетілсе, егер бұл кезде ток жүктемесі нақты көрсеткішінен аз болса ғана атқарылады.

143. Датчиктермен құрастырылған трансформаторлар мен реакторлар үшін ораманың белсенді бөлігінің температурасы, орама жұмысының температуралық режимі дайындаушы зауыттың талаптарымен анықталады.

144. Жүктемелі реттелетін құрылғылар, әдетте, автоматты режимде жұмыста болады. Олардың жұмысы операция санын есептегіштердің көрсеткіштері бойынша бақыланады.



Тұтынушының электр қондырғыларына жауапты тұлғасының шешімі бойынша, егер, тораптағы кернеудің тербелісі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратындай шектерінде болса, онда басқару пульті арқылы кернеулі нүктемені реттеудің қашықтан басқару арқылы ауыстырылуына рұқсат етіледі. Кернеуді қолмен (тұтқа көмегімен) ауыстыруға тыйым салынады.

Тұтынушының трансформаторларға қызмет көрсетуші персонал тораптың кернеуі мен реттейтін тармақталуда белгіленген кернеудің арасындағы сәйкестікті ұстап тұру бойынша шараларды қабылдайды.

145. Трансформаторлардың ток бағытын ауыстырушы жүктемелі кернеуді реттеуші құрылғыларын майдың жоғары қабаттары температурасы жүктемелі кернеуді реттеушінің сыртқы резисторлық құрылғылары үшін минус 200С және жоғары болған кезде, сондай-ақ ток шектегіш реакторлы жүктемелі кернеуді реттеуші құрылғылары, сонымен бірге, трансформатордың багынан тысқары тіректі оқшаулағышта орналастырылып, жасанды жылытқыш құрылғымен жабдықталған, түйісетін ауыстырушы құрылғылар үшін минус 250С және жоғары болуы кезінде қосуға рұқсат етіледі. Жүктемелі кернеуді реттеуші құрылғысын пайдалану зауыттық нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады.

146. Орамаларда тармақталумен ток бағытын қоздырусыз ауыстырумен жарақтандырылған трансформаторларда айнымалы токтың өзгеру коэффициентін таңдау жылына кем дегенде екі рет - жүктеменің қысқы жоғарылауы және жазғы төмендеуі басталар алдында тексеріледі.

147. Трансформаторлар мен реакторларды өшірместен қарап шығу келесі мерзімдерде жүргізіледі:



1) қызметші тұрақты кезекшілік атқаратын негізгі төмендеткіш трансформаторлар мен шунттаушы реакторларды - тәулігіне бір рет;

2) қызметші тұрақты және анда-санда кезекшілік атқаратын электр қондырғыларының қалған трансформаторлары мен доға сөндіргіш реакторларын - айына бір рет;

3) трансформаторлық пункттерде - айына бір реттен кем емес.

Трансформаторлар мен реакторлардың жай-күйі мен жергілікті жағдайларына қарай көрсетілген мерзімдерін тұтынушының электр қондырғыларына жауапты адамы өзгертуі мүмкін.

Трансформаторлар мен реакторларды кезектен тыс қарап шығу мына жағдайларда жүргізіледі:

1) қолайсыз ауа райы жағдайынан кейін (найзағай жарқылы, температураның күрт өзгеруі, қатты жел, т.б.);

2) газдық қорғаушы сигналдағы жұмысы кезінде, сонымен бірге, трансформаторды немесе реакторды газдық немесе (және) дифференциалды қорғау арқылы.

Трансформаторлар мен реакторларды өшірместен немесе оларды өшіру арқылы қарап шығу кезіндегі тексеру көлемі тұтынушының электр қондырғыларына жауапты адам бекітіп, әрбір жиынтығына трансформатор мен реактордың пайдаланылатын құжаттамасы кіретін қолданысты нұсқаулықтарға сәйкес келуге тиіс.

148. Трансформаторлар мен реакторлардың ағымдағы жөндеулері қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Ағымдағы жөндеу кезеңділігін тұтынушының техникалық басшысы бекітеді.

149. Күрделі жөндеулер (жұмыстың типтік номенклатурасы бойынша - жоспарлы-ескерту жөндеу) мына жағдайларда жүргізіледі:

1) қуаттылығы 125 МВА және одан да асатын, кернеуі 110 кВ және жоғары трансформаторларды, сонымен бірге, реакторларды - диагностикалық бақылау нәтижелерін есепке алу арқылы 12 жылдан кем емес уақытта, одан әрі - қажет болған жағдайда;

2) қалған трансформаторлар мен доға сөндіргіш реакторлар - диагностикалық бақылау нәтижелері мен жағдайына қарай.

Трансформатор мен реактордың багынан белсенді бөлігін алу немесе қоңырауды көтеруге байланысты жұмыстар қолданыстағы басшылыққа алынатын техникалық материалдарын есепке алу арқылы және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласында белгіленген талаптарға сәйкес жергілікті жағдайлары үшін арнайы әзірленген жұмыс өндірісі жобасы бойынша орындалады.

150. Трансформаторлар мен реакторларды кезектен тыс жөндеу, егер олардың қандай да бір элементіндегі ақау жұмыстың тоқтап қалуына алып келсе орындалады. Трансформаторды немесе реакторларды кезектен тыс жөндеу туралы шешімді тұтынушының басшысы немесе оның электр қондырғысына жауапты адамы қабылдайды.

151. Балансында май толтырулы жабдығы бар тұтынушы неғұрлым сыйымды аппарат көлемінің 110%-дан кем емес оқшауламалы майдың төмендемейтін қорын қамтамасыз етеді.

152. Трансформаторлық май трансформаторды оқшаулау жағдайын анықтау мақсатымен кезеңді профилактикалық сынауға жатады.

153. Пайдаланымдағы трансформаторлар мен реакторларды, сондай-ақ дайындаушы олардың элементтерін сынау электр жабдығын сынау нормалары және дайындаушы зауыт нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.

Сынау нәтижелері актілермен немесе хаттамалармен ресімделіп, аталған жабдыққа арналған құжаттармен бірге сақталады.

154. Трансформатор немесе реактор келесі жағдайда апаттық жұмыстан шығарылады:



1) трансформатордың ішкі әркелкі қатты шуы және сыртылдауы;

2) салқындатқыш құрылғының қалыпты жұмысы және нақты көрсеткіштен төмен жүктемесі кезінде трансформатордың қалыптан тыс тұрақты қызып кетуі;

3) кеңейткіштен майдың шашырауы немесе түтін шығатын құбыр диафрагмасының жарылуы;

4) жылжымалы разрядтардың пайда болуы немесе орамалардың жоғары вольттік кірмелері оқшауламасында олардың бөгет болуы;

5) майдың өз деңгейін түсіріп ағуы арқылы май өлшегіш шыны деңгейінен төмендеуі.

Трансформаторлар мен реакторлар зертханалық талдаулар нәтижесі бойынша майын дереу алмастыру қажеттілігі кезінде де жұмыс істеуден шығарылады.

155. Тұтынушының аумағынан тыс орналасқан әрбір трансформаторлық 10/0,4 немесе 6/0,4 кВ қосалқы станциясында оның атауы, иесінің мекенжайы мен телефоны жазылады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет