Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1354 Қаулысы


Таратқыш құрылғылар мен қосалқы станциялар



бет4/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,89 Mb.
#36808
1   2   3   4   5   6   7   8
Таратқыш құрылғылар мен қосалқы станциялар

 

156. Таратушы құрылғылардың барлық түрлерінің және кернеулерінің электр жабдығы қалыпты режимдер кезінде және қысқа тұйықталу, асқын кернеу және асқын жүктеме кезіндегі жұмыс жағдайларын қанағаттандырады.

Электржабдығының оқшаулау класы тораптың нақты көрсеткішті кернеуіне, ал асқын кернеуден қорғаушы құрылғы электр жабдығын оқшаулауы деңгейіне сәйкес болады.

157. Ластанған атмосфералық жерлерде орналасқан электр жабдығына сенімді оқшаулауды қамтамасыз ететін шаралар қолданылады:



1) ашық таратушы құрылғыларда - күшейту, жуу, тазарту, гидрофобтық пасталармен жабу;

2) жабық таратушы құрылғыларда - шаң мен улы газдардың кіруінен қорғау;

3) сыртқа орнатылатын жиынтықтағы таратушы құрылғыларда - шкафтарды бітеу, оқшаулауды гидрофобтық пасталармен өңдеу.

158. Персоналдың жанасуы үшін қолайлы, ток өтетін бөліктерге жақын болатын, ток ағып өтетін конструкцияны қыздыру 500С-тан жоғары емес деңгейде сақталады.

159. Жазғы уақытта жабық таратқыш құрылғыларын үй-жайының ішіндегі ауа температурасы 400С-тан аспайтын деңгейде сақталады. Жабдық температурасы жоғарылатылған жағдайда оны төмендету немесе ауаны салқындату үшін шаралар қолданылады.

Компрессорлық станция орынжайының ауа температурасы 10-350С шектерінде, элегаздық жиынтықтағы таратушы құрылғылардың орынжайында -10-400С шектерінде сақталады.

Таратушы құралдардағы шиналардың алынбалы жалғамалары температурасына бекітілген кесте бойынша қашықтан бақылаушы аспаптардың көмегімен бақылау жасау ұйымдастырылады.

160. Ашық таратушы құрылғылардың ток өтетін бөліктерінен ағаштар мен биік талшыбықтарға дейінгі қашықтық бөгет келтірмейтіндей болып сақталады.

161. Пайдаланушы персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық, ашық және жиынтықты таратушы құрылғыларды жарақтандыру құралдарының жарамды жағдайы қамтамасыз етіледі.

162. Шығатын екі есікті таратушы құрылғылардың дәліздерінде және өтпелі үңгіржолдардағы жарықтандыру екі жақты басқару арқылы орындалады.

163. Басқарудың барлық кілттерінде, кнопкаларында және реттеуші тетіктерінде олар тағайындалатын операцияны көрсетуші («Қосу», «Өшіру», «Азайту», «Үстемелеу») деген жазуларды орындау керек.

Сигналды шамдарда сигналдың сипатын көрсетуші («Қосылды», «Өшірілді», «Ысып кетті» және т.б.) жазуларды жасау қажет.

164. Айырғыштар мен олардың жетектерінде өшірілетін және қосылатын жағдайларының механикалық сілтеме белгілерімен орындау қажет.



Біріктірілген жетек пен ажыратқышқа тікелей жақын орналасқан және одан тұтастай күңгірт қоршаумен (қабырғамен) бөлінбеген жетегі бар айырғыштарда бір сілтемелі белгісін айырғышқа немесе жетекке қоюға рұқсат етіледі. Айырғыштарда сыртқы түйіспелері токқа қосылған жағдайын анық көрсететін, кіріктірілген немесе қабырғамен бөлінбеген жетекте механикалық сілтеме белгінің болуы міндетті емес.

Ажыратқыштар, жерге тұйықтаушы пышақтар, бөлгіштер, қысқа тұйықтағыштар, сондай-ақ, аппараттардан қабырғамен бөлінетін басқа да жабдық жетектерінің өшірілген және токқа қосылған жағдайларын көрсететін сілтеме белгілері болады.

Қоршаулары болмайтын айырғыштар, бөлгіштер, қысқа түйықтағыштар, жерге тұйықтаушы пышақтардың барлық жетектерінде токқа қосылғаны тәрізді өшірілген жағдайында оларды бекітуге арналған икемді тетігі болады.

Серіппелі жетекті айырғыштармен жабдықталған таратқыш құрылғылар серіппелі механизмді қосу үшін тетіктермен жиынтықталады.

165. Таратушы құрылғыларға қызмет көрсетуші персоналдың таратушы құрылғылардағы қалыпты және апатты жағдайда электр жабдығы жұмысының рұқсат етілетін режимдері бойынша құжаттамалары талап етіледі.



Кезекші персоналда таратушы құрылғыларға пайдаланылатын калибрленген балқығыш ендірмелердің 1000 В-ға дейін және одан да жоғары барлық типтерінің қоры болуын талап етеді. Калибрленбеген балқығыш ендірмелерді қолдануға рұқсат берілмейді. Балқығыш ендірмелердің сақтандырғыштың түріне сәйкес келуі талап етіледі.

Таратушы құрылғылар резервтік элементтерінің жарамдылығы (трансформаторлардың, айырғыштардың, шиналардың, т.б.) жергілікті нұсқаулықтармен белгіленген мерзімде кернеуінде және жүктемесінде қосу арқылы үнемі тексеріледі.

166. Таратушы құрылғылар жабдығы шаң мен ластанудан кезеңді тазартылады.



Тазарту мерзімдерін жергілікті жағдайларды есепке ала отырып, электр қондырғысына жауапты тұлға бекітеді.

Таратушы құрылғылардың орынжайын жинау және электр жабдығын тазартуды оқытылған персонал таратушы құрылғылардағы жұмыстар кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтай отырып орындайды.

167. Таратушы құрылғылардың механикалықтардан басқа бұл бұғаттаушы құрылғыларына пломба салу қажет.



Ток бағытын ауыстыруды орындаушы персоналға осы құрылғыларды өз бетінше бұғаттаудан айыруға рұқсат етілмейді.

168. Таратушы құрылғыларға кернеуі 1000 В-дан жоғары жерге тұйықтауды салу үшін, әдетте, тұрақты жерге тұйықтау пышақтары қолданылады.



Жерге тұйықтау пышақтары жетектерінің тұтқалары қызыл түспен, ал жетектері, әдетте, қара бояумен сырланады. Аппараттардың қолмен бұрап айналдырушы жетектерімен атқарылатын операциялар қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып жүргізілуі қажет.

Стационарлық жерге тұйықтау пышақтары болмаған кезде, ток жүретін бөліктерге және жерге тұйықтау құрылғыға жалғанатын тасымалданушы жерге тұйықтау орындары белгіленіп, дайындалады.

169. Қондырғылардың сыртқы және ішкі есіктерінде, жабық таратушы құрылғылар камераларының, ашық таратушы құрылғыларда жабдығының ішкі қабырғаларында құрамаларда, сондай-ақ қалқанды бөліктердің беткі және артқы жақтарында жалғамаларды тағайындау және олардың диспетчерлік атауын көрсетуші жазулар орындалады.



Таратушы құрылғылар есіктерінде ескертуші плакаттар мен белгіленген үлгідегі белгілері болуы қажет.

Сақтандырғыш қалқандарда және (немесе) жалғамалардың сақтандырғыштарында балқымалы ендірмелердің нақты тогын көрсететін жазулар болуы тиіс.

170. Таратушы құрылғыларда мыналар болуы қажет:



1) тасымалды жерге тұйықтаудың жеткілікті мөлшері;

2) қорғаушы құралдары және жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге бастапқы медициналық көмек көрсету бойынша құралдары;

3) өрт сөндірудің мемлекеттік қадағалау органдарымен келісілген, жергілікті нұсқаулықтарға сәйкес өртке қарсы құралдар мен саймандар.

171. Таратқыш құрылғылармен белгіленетін ауа температурасы рұқсат етілетін мәнінен төмен болуы мүмкін, релелі қорғауыш пен автоматика, байланыс және телемеханика құралдары аппаратурасының шкафтары, басқару шкафтары және әуе айырғыштардың таратушы шкафтары, сонымен қатар, май айырғыштар, бөлгіштер, қысқа тұйықтағыштардың жетектері және ажыратқыштардың қозғалтқышты жетектері шкафтарының электр қыздыру құрылғылары болуы керек. Электр қыздырушыларды қосу және өшіру, әдетте, автоматты жүзеге асырылады. Электр қыздырушыларды автоматты қосу және өшіру жүйесі, сондай-ақ басқарудың жергілікті қалқаны мен (немесе) диспетчерлік пультке берілетін ақпараттың тұтастығына тұрақты бақылауды қарастырады.



Май айырғыштар қоршаған ауаның температурасы рұқсат етілетін деңгейінен төмендеп кетуі кезінде бактар мен корпустардың түбіне қосылатын электр қыздырғыш құрылғылармен жабдықталуға тиіс. Электр қыздырғыштардың жұмысқа қосылуы және жұмыстан шығуы жүзеге асырылатын кездегі температура мәндері электр жабдығын дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарын есепке алумен жергілікті нұсқаулықтармен белгіленеді.

172. Шарнирлі жалғамалар, мойынтіректер және айырғыштар, ажыратқыштар, бөлгіштер қысқа тұйықтағыштар механизмдерінің үйкелісті беттері, олардың жетектері төменгі температуралы майлармен майлануға тиіс, ал айырғыштар мен басқа да аппараттардың майлы демпферлердің қату температурасы сыртқы ауаның ең төмен қысқы температурасынан 200С-тан төмен болмайтын маймен толтырылады.

173. Қорғауды автоматты басқару және ауа қыздырғыш қондырғы сигнализациясының құрылғылары, сондай-ақ сақтандырғыш клапандар дайындаушы зауыт нұсқаулықтары талаптарына орай жүйелі тексеріліп, реттеледі.

174. Жұмыс компрессорларының тоқтатылуы және келесі жүргізілу уақыты (жұмысқа қатыссыз кідірісі) жұмыс қысымы 4,0-4,5 МПа (40-45 кгк/см2) компрессор үшін кемінде 60 минут, жұмыс қысымы 23 МПа (230 кгк/см2) компрессор үшін 90 минуттан кем болмау керек.



Жұмыс компрессорларымен арқылы жұмсалған ауаны толтыру жұмыс қысымы (4,0-4,5) МПа (40-45 кгк/см2) компрессорлар үшін 30 минуттан аспайтын уақытта қамтамасыз етілуге тиіс және жұмыс қысымы 23 МПа (230 кгс/см2) - 90 минут.

175. Коммутациялық аппараттар үшін тығыз ауаны құрғату термодинамикалық тәсілмен жүзеге асырылады.



Тығыз ауаны құрғатудың талап етілетін деңгейі нақты көрсеткішті компрессорлық және коммутациялық аппараттардың нақты көрсеткішті жұмыс қысымдары арасындағы оқта-тектегі еселенуі нақты көрсеткішті жұмыс қысымы 2 МПа (20 кгк/см2) аппараттар үшін кемінде екі және нақты көрсеткіші жұмыс қысымы 2,6-4,0 МПа (26-40 кгк/см2) аппараттар үшін кемінде төрт болуы кезінде қамтамасыз етіледі.

Ылғал құрамын кеміту мақсатында тығыз ауаны құрғатудың адсорбциялық әдістері қосымша қолданылады.

176. Компрессорлы қысымы 4,0-4,5 МПа (40-45 кгк/см2) ауа жинағыштардың ылғалы 3 тәулікте 1 рет, ал кезекші персонал тұрақты бола бермейтін нысандарда пайдалану тәжірибесінің негізінде құрастырылып, бекітілген кесте бойынша жою қажет.



Ауа жинағыштардың түбі мен төмен түсірілетін вентиль сыртқы ауаның қолайсыз температуралары кезінде қатқан мұзды еріту үшін қажетті уақытта ылғалдануды жоюға қосылатын электр қыздырғыш құрылғымен жылытылады және жабдықталады.

Қысымы 23 мПа (230 кгк/см2) баллондардың конденсат жинағыш топтарынан ылғалды жою компрессорды әрбір жүргізілуі кезінде автоматты жүзеге асырылады. Баллондар мен конденсат жинағыштардың төменгі бөліктерінде ылғалдың қатып қалуын болдырмау үшін ауаны тазартқан соң қойылған баллондарды қоспағанда электр қыздырғыштың жылу ұстағыш камераға орналастырылады. Ауаны тазартқаннан кейін қойылған баллондар ылғал бөлгішін үрлеп тазарту тәулігіне 3 рет жүргізіледі.

Құрғату деңгейін тексеру - ашық таратушы құрылғылардан шығатын шық нүктелері - тәулігіне 1 рет жүргізілуге тиіс. Шық нүктесі қоршаған ауаның оңды температурасы кезінде минус 500С-тан, ал қолайсыздығы кезінде минус 400С-тан жоғары болмауы қажет.

177. Ауа жинағыштар мен компрессорлық қысымды баллондардың ішін қарап шығу және гидравликалық сынау жасау Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы белгіленген тәртіптерге сәйкес жүргізіледі. Ауа айырғыштары және басқа да аппараттар ыдыстарының ішін қарап шығу күрделі жөндеулер кезінде жүргізіледі.



Ауа айырғыштары ыдыстарына гидравликалық сынау жасау, қарап шығу кезінде ыдыстардың беріктігіне күмән туғызатын ақаулары табылған жағдайда ғана жүргізіледі.

Резервуардың ішкі беттерінде тоттануға қарсы жабыны орындалады.

178. Ауа айырғыштары мен басқа да коммутациялық аппараттардың жетектерінде пайдаланылатын тығыз ауа әрбір аппараттың жетегі қоректенетін ауа жүретін салғыға немесе әрбір ауа айырғышының таратушы шкафтарына орнатылған сүзгілердің көмегімен механикалық қоспалардан тазартылады.



Ауа дайындағыш торапты құрастырып жинау аяқталған соң ауа айырғыштарын және басқа да аппараттар ыдыстарын алғаш толтырар алдында барлық ауа құбырлар үрленіп тазартылуы керек.

Пайдалану үрдісінде тығыз ауаның ластануын ескерту үшін келесі жағдайда үрлеп тазарту жүргізіледі:

1) қоршаған ауаның оңды температурасы кезінде магистралдық ауа құбыры - 2 айда 1 рет;

2) айырғыштар мен басқа да аппараттардың жетектерін аппараттан ажырататын әрбір полюсінің ыдыстарына дейінгі ауа құбырлары аппараттың күрделі жөнделуінен кейін;

3) ауа айырғыштарының ыдыстарын - әрбір күрделі және ағымдағы жөндеуден кейін, сондай-ақ, компрессорлық станциялар режимдерінің бұзылуы кезінде.

179. Ауа айырғыштарында оқшаулағыштардың ішкі қуыстарын желдету жұмысы кезеңді тексеріледі (сілтегіш белгілері бар айырғыштар үшін).



Тексеру кезеңдері дайындаушы зауыттардың ұсынымдары негізінде белгіленеді.

180. Элегаздық жинақтамалы таратқыш құрылғылардағы, элегаздық айырғыштардағы элегаздың ылғалдылығы алғаш рет жабдықты толтырған соң бір апта ішінде, ал содан кейін жылына 2 рет (қыста және жазда) бақыланады.

181. Элегаздық жинақтамалы таратқыш құрылғылардың және жабық таратқыш құрылғыларын үй-жайларында элегаздың жиналуын бақылау газды саңылау тапқыш арнаулы аспаптың көмегімен еден деңгейінен 10-15 см биіктікте жүргізіледі.

Орынжайдағы элегаздың жиналуы аппараттарды дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарында көрсетілген нормалар шегінде болады.

Бақылау тұтынушының техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

182. Элегаздың шығуы жыл ішіндегі жалпы массасынан 3% аспауы керек. Ыдыстарды элегазбен толтыру бойынша оның қысымы нақты көрсеткішінен ауытқуы кезінде тиісті шаралар қабылдау қажет. Элегаз қысымының рұқсат етілген деңгейден төмен түсуі кезінде операцияны айырғышпен жүргізуге рұқсат етілмейді.

183. Вакуумдық доға сөндіргіш камералар айырғыштарды дайындаушы зауыттар нұсқаулықтарында белгіленген көлемдерінде және мерзімде сынаудан өткізу қажет.

Вакуумдық доға сөндіргіш камераларды (ВДС) амплитудалық мәні 20 кВ-тан жоғары кернеулі сынақтар кезінде туындаған рентген сәулелерінен қорғайтын экран пайдалану қажет.

184. Жүктеме айырғыштарының сөндіргіш камераларын тексеру, газ жасаушы доға сөндіргіш сыналардың тозу және жылжымайтын доға сөндіргіш түйіспелердің күйіп кету деңгейін айқындау, жүктеме айырғыштарымен әрекет жасау жиілігіне қарай электр шаруашылығына жауапты тұлға белгілеген мерзімде кезеңді жүргізіледі.

185. Май айырғыштардың бактарынан ылғалдан жиналған суды төгіп тастауды жылына 2 рет жүзеге асыру қажет - көктемде жылы температуралар басталғанда және күзде суық температуралар басталар алдында.

186. Таратушы құрылғылар жабдығын алдын ала тексеру, өлшеу және сынау жасау электр жабдығына сынақ жасаудың алдын ала қарастырылған нормалары мерзімінде және көлемдерінде жүргізілуге тиіс.

187. Таратушы құрылғылар тогын өшірместен мыналар жүргізіледі:

1) персонал тұрақты кезекшілігі болатын нысандарда - тәулігіне 1 рет, тәуліктің қас қарайған уақытында қалыптау разрядтарын айқындау үшін - айына 1 рет;

2) персоналдың кезекшілігі тұрақты емес нысандарда - айына 1 рет, ал трансформаторлық таратушы пункттерінде - 6 айда 1 рет;

3) жаппай апатты жағдайларда өшірілуден кейін таратушы құрылғылардан қосылғаннан кейін.

Ауа райының қолайсыздығы (қалың тұман, жаңбыр аралас қар, көк тайғақ, т.б.) немесе таратушы құрылғылар ластануының күшейе түсуі кезінде қосымша қарап шығу шараларын ұйымдастыру қажет.

Барлық ескертулер, ақаулықтар туралы жабдықтағы олқылықтар мен ақаулар журналына жазылады. Бұған қоса, ол туралы ақпарат электр қондырғыларына жауапты тұлғаға хабарлануы керек.

Байқалған ақаулықтарды қысқа мерзімде жою қажет.

188. Таратушы құрылғылар құрылғысын қарап шығу кезінде келесі жағдайларға көңіл бөлу қажет:



1) орынжайдың жай-күйі, есіктер мен терезелердің жарамдылығы, шатыр мен қабатаралық жабындардан су ақпауы, бекіткіштер мен құлыптардың болуы және жарамды болуы;

2) жылыту мен желдетудің, жарықтандыру мен жерге тұйықтау торабының жарамдылығы;

3) өрт сөндіру құралдарының болуы;

4) сыналған қорғаныс құралдары мен олардың толық жиынтықтығы;

5) медициналық дәрі қобдишасының жиынтықтығы;

6) майдың деңгейі мен температурасы, аппараттардағы жылыстаудың болмауы;

7) төменгі кернеулі қалқанның ток өшіретін тетіктері түйіспелерінің жай-күйі;

8) электр есептегіштердегі пломбалардың бүтіндігі;

9) оқшаулаудың жай-күйі (шаң басуы, сызаттануы, разрядтарының болуы, т.б.);

10) элегаздық жабдықтың бүлінуі, тот басу іздері және сызаттана бастаудың жоқтығы;

11) сигнализация жүйесінің жұмысы;

12) ауа айырғыштары бактарындағы ауа қысымы;

13) айырғыштардың пневматикалық жетектері резервуарындағы ауа қысымы;

14) ауаның жылыстамауы;

15) айырғыш жағдайлары сілтемелі белгі көрсеткіштерінің жарамдылығы мен дұрыстығы;

16) ауа айырғыштары полюстерінің желдету жүйесінің болуы;

17) ауа айырғыштары кернеуін сыйымды бөлгіштердің конденсаторларынан майдың жылыстамауы;

18) жылдың суық уақытында электр қыздырғыш құрылғының әрекеті;

19) басқару шкафтарының тығыз жабылатындығы;

20) коммутациялық аппараттарға және т.б. жеңіл кіріп - шығу мүмкіндігі;

21) биік өскен шөптің жоқтығы және ашық құрғатқыш құрылғыларының жарамсыздығы.

189. Таратушы құрылғылар жабдығын күрделі жөндеу мынадай мерзімдерде жүргізіледі:



1) май ажыратқыштарды жөндеуаралық кезеңінде жетекті ажыратқыштың сипаттамаларын бақылау - 6-8 жылда 1 рет;

2) жүктеменің ажыратқыштары мен жерге тұйықтау пышақтары бар ажыратқыштарды - 4-8 жылда 1 рет (конструкциялық ерекшеліктеріне қарай);

3) ауа ажыратқыштарын - 4-6 жылда 1 рет;

4) ашық пышақ және олардың жетектерін қысқа тұйықтағыштар бөлгіштерін - 2-3 жылда бір рет;

5) компрессорларды - 2-3 жылда 1 рет;

6) таратушы құрылғылардың элегаздық жиынтық құрылғысын - 10-12 жылда 1 рет;

7) элегаздық және вакуумдық айырғыштарды - 10 жылда бір рет;

8) ток сымдарды - 8 жылда 1 рет;

9) барлық аппараттар мен компрессорларды - пайдалануының созылуына қарамастан ресурстары сарқылған соң.

Қойылған жабдықтың бірінші күрделі жөнделуі дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамамен көрсетілген мерзімінде өткізіледі.

Ішкі қондырғының ажыратқыштарын қажеттілігі бойынша жөнделеді.

Таратушы құрылғылар жабдығын жөндеу, сондай-ақ, сынау және қарап шығу нәтижелерін есепке алудың қажетті шаралары бойынша жүзеге асырылады.

Жөндеу кезеңділігі тұтынушының техникалық басшысы шешімімен пайдалану тәжірибесінің нәтижесіне қарай өзгертіледі.

Кезектен тыс жөндеулер жабдық тоқтап қалған жағдайда, сонымен бірге, коммутациялық және механикалық ресурстары сарқылғанда ғана атқарылады.

 

 



Электр тогын беретін әуе желілері және ток сымдары

 

190. Бұл тарау кернеуі 0,4-220 кВ әуе желілерге және әуе желісінің 35 кВ-ға дейінгі ток сымдарына, бұған қоса, тұтынушылардың қызмет көрсетуші айнымалы, сондай-ақ, тұрақты тогына таратылады, пайдаланылуы арнайы қағидалармен және нормалармен анықталатын түйіспелі торап желілері, электролиздік қондырғылар және әуе желісінің басқа да арнаулы желілері мен құрылыстарына, құрылғыларға қолданылмайды.

191. Барлық жаңадан салынатын және жаңғыртылатын әуе желілері және ток сымдары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес атқарылуға тиіс.

192. Тұтынушының жаңадан жобаланатын (жаңғыртылатын) әуе желілері және ток жүретін сымдарының техникалық құжаттамасымен келісуі кезінде жобалау ұйымдарына әуе желілері жобаланатын, ток сымдардың аймағындағы нақты жағдайлар (климаттық жағдайлар, ластану сипаты мен қарқыны және т.б.) туралы мәліметтерді ұсыну және жобаларда осы шарттарды есепке алу талабы қойылады. Ауа желілердің (ток жүретін сымдардың) жаңадан салынуы және жаңғыртылуы, электрмен жабдықтаудың сыртқы торабына қосылымы бойынша белгіленетін жобалық шешімдері энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен келісіледі.

193. Жаңадан салынған әуе желілері немесе ток сымдарды қабылдайтын тұтынушы атқарылған жұмысты бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес тексеруді, жұмыс өндірісіне техникалық бақылау жасауды ұйымдастырады.

194. Жаңадан салынған әуе желілері және ток сымдарды пайдалануға қабылдап, жұмысқа рұқсатнама беру жаңа және жаңғыртылған электр қондырғыларын пайдалану Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен, талаптарға және жаңа және қайта жаңартылған энергия қондырғыларын пайдалануға берудің белгіленген тәртібіне, сонымен қатар электр тогын беретін желілердің аяқталған құрылыстарын пайдалануға қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.



Нысанды қабылдау алдында әуе желілердің (ток сымдардың) тіректері мен басқа да элементтер трассалары, жермен қосқыштар және найзағайдан қорғаушы құрылғылардың аралықтары және қиылыстардағы сымдар мен темір арқандардан жер мен нысандарға дейінгі қашықтығы, сондай-ақ, салбырау жебелерінің жай-күйі жобаға сәйкес тексеріледі.

Кернеуі 1000 В-тан жоғары ток жүретін сымдарды пайдалануға қабылдау кезінде электр қондырғылары құрылғыларының қағидаларымен, сондай-ақ құрылыс нормалары және қағидаларымен қарастырылған құжаттамадан басқа төмендегілер толтырылуы қажет:

1) трассаның әр түрлі коммуникациялармен қиысатын орындарын көрсететін атқарушы сызбасы;

2) ток өтетін сымдардың коммуникациялармен қиысатын орындардағы пішінінің сызбасы;

3) жобадан ауытқу тізбесі;

4) фазалау хаттамасы;

5) иілмелі ток сымдар үшін созылмалы қысқыштарды құрастырып жинауға жасалатын акт;

6) сынау хаттамасы;

7) дайындалған персоналдың болуын растайтын құжаттар;

8) қажетті атқарушы схемалар;

9) әзірленген және бекітілген нұсқаулықтар.

195. Әуе желілерді жұмыстық кернеуге қосу электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес орындалады.



Жаңадан салынған (жаңғыртылған) әуе желілерді энергиямен жабдықтаушы электр торабына немесе электр энергиясын беруші ұйымдарға қосылымы тек осы ұйымдардың рұқсатымен ғана жүргізіледі.

196. Әуе желілерін пайдалану кезінде электр тораптарын қорғау қағидалары және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету қажет.



Әуе желілерді пайдаланушы тұтынушы әуе желілері өтетін ауданда болатын басқа да ұйымдардың тұтынушыларына көрсетілген қағидалардың талаптары туралы хабарлайды және әуе желілердің қорғалатын аймағында электр тораптарын - қорғау ережелерінің бұзылуы жағдайында атқарылған жұмыстарды тоқтатуға шаралар қабылдауға тиіс.

197. Әуе желілері және ток жүретін сымдарды пайдалану кезінде олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.



Техникалық қызмет көрсету кезінде қарап шығу, тексеру және өлшеу барысында айқындалған жарамсыз болған және бұзылуы секілді кемшіліктерді жою жолымен әуе желілері және ток сымдары элементтерін уақытынан бұрын тозудан сақтау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Әуе желілері және ток сымдарын күрделі жөндеуден өткізу кезінде олардың бастапқы пайдаланушылық сипаттамаларына қолдау көрсету немесе қалпына келтіруге бағытталған кешенді шараларды тұтастай немесе жекелеген элементтерінің бөлшектерін жөндеу немесе сенімділігін арттырушы және пайдаланушылық сипаттамаларын жақсартушы жаңаларымен алмастыру жолымен орындалады.

Темір бетонды және металл тіректердегі әуе желілерге күрделі жөндеу жүргізу 10 жылда 1 рет орындалады, ағаш бөлшекті тіректердегі әуе желілерге - 5 жылда 1 рет.

Ток сымдарды күрделі жөндеу тұтынушының техникалық басшысы шешімімен қабылданатын қажеттілігіне қарай орындалады.

198. Әуе желілерді кезеңді және кезектен тыс қарап шығу шаралары ұйымдастырылады.



Әуе желілерді кезеңді қарап шығу тұтынушының электр қондырғыларына жауапты адам бекіткен кесте бойынша жүргізіледі. Әрбір әуе желілерінің электр берілісі тұтастай ұзындығы бойынша қарап шығудың кезеңділігі жылына 1 рет ұйымдастырылады. Бұдан басқа, әкімшілік-техникалық қызметшінің жылына 1 рет әуе желілерінің электр берілісі жөндеуге жататын барлық учаскесін, соның ішінде, желінің жекелеген учаскесін іріктеп қарап шығуды жүргізеді.

Кернеуі 35 кВ және жоғары, 20 жыл және одан да ұзақ пайдаланылған әуе желілерінде немесе ластануы қарқынды аймақтарда, соңымен қатар, ашық жерлер бойынша өтетін әуе желілері және учаскелерде қысқыштар мен қашықтықты тіреуіштерде сымдар мен темір арқандар ішінара тексерілетін жоғарғы жағын қарап шығу 5 жылда бір рет жүргізіледі, кернеуі 35 кВ және жоғары болатын қалған әуе желілерінде (учаскелерде) - 10 жылда 1 рет.

0,4 - 20 кВ әуе желілерінде жоғары жағын қарап шығу қажет болғанда ғана жүзеге асырылады.

199. Әуе желілерінің электр берілісі немесе олардың учаскелерін кезектен тыс қарап шығу сымдар мен темір арқандарда мұз қатып қалуы кезінде, сең жүріп, өзендер тасыған уақытта сымдардың тербелуі кезінде, күшті жел, дауыл және басқа да табиғи апаттардан кейін әуе желілері трассасы аймағында өрт шығуы кезінде, сондай-ақ, автоматты қайталап токқа қосу сәтсіздігі салдарынан релелі қорғаушы әуе желілерінің электр берілісін өшіргеннен кейін, ал қайтадан токқа қосу сәтті өткеннен кейін - қажеттілігі бойынша өткізіледі.

200. Ток сымдарын кезеңді қарап шығу, - оларды пайдаланудың жергілікті жағдайларын есепке ала отырып, тұтынушының электр қондырғыларына жауапты адам бекіткен кесте бойынша орындалады.

201. Әуе желілерінің электр берілісі және ток сымдарын қарап шығу кезінде мыналарды тексеру қажет:



1) трассаның өртке қарсы жай-күйі: электр берілісі әуе желілерінің қорғалатын аймағында сымдарға жақындауға қатер төнгізетін немесе құлап кету қаупі болатын бөгде заттар, маяланған шөп, қатарлап жиылған ағаш материалдары және өсіп тұрған ағаштар, жанар-жағармай материалдарының қоймалануы, далада от жағудың болмауы; әуе желілерге жататын жұмыстарды басқа ұйымдардың тұтынушылармен жазбаша келісімінсіз атқаруына жол берілмейді;

2) іргетастардың, жалғамалардың жай-күйі: іргетас айналасындағы топырақтың шөгуін немесе кеуіп кетуін, іргетастардың (жалғамалардың) сызаттануын және бүлінуін болдырмау, жеткілікті тереңдігі бар;

3) тіректердің жай-күйі: олардың бір жағына қисайып кетуі немесе топырақта жылжуы, ағаш тіректердің көрінетін тұстарының шіруі, ағаш бөлшектердің күюі және жарықшақтануы, металл тіректерде құрсаулардың, дәнекерленген жіктері тұтастығының, бұрандалы және тойтармалы жалғамаларының бұзылуы, құйматас тіректерінің сызаттанып бүлінбеуі, металл элементтерінің болмауы, металлды тот басуы; оларда құс ұялары мен басқа да бөгде заттар болмайды. Тіректерде қауіпсіздік белгілері мен плакаттар болады;

4) сымдар мен темір арқандардың жай-күйі: жекелеген сымдардың үзілуі және балқып кетуі болмайды, сымдар мен темір арқандарда бөгде заттардың ілініп қалуы, олардың реттегішінің бұзылуы, әуе желілері жобасымен қарастырылған сымдардан жерге және нысандарға дейінгі қашықтығы мен салбырау жебелерін орынсыз өзгерту, тербелу сөндіргілерінің қойылған орнынан жылжуы болмайды;

5) ток сымдарының иілгіш шиналарының жай-күйі: сымдардың бұратылып қалуы, тарқатылуы және үзілуі болмайды;

6) оқшаулағыштардың жай-күйі: жылтыр фарфорлы оқшаулағыштар соғылмаған, күймеген, сызаттанбаған, ластанбаған болуы, істікке немесе ілгіштегі істікті оқшаулағыштардың дұрыс орнатылмауы, қорғаушы мүйізшелердің бүлінбеуі; тегірлері мен құлыптары немесе шплинттері орнында болады;

7) арматураның жай-күйі: олардың сызаттанбауы, бөлшектердің қажалып тозбауы немесе пішіні өзгермеуі керек;

8) жер үстіндегі немесе тіректердегі жермен қосқышты төмен түсіргіштердің бүлінуі немесе үзіліп қалуы, жерге тұйықтаудың төмен түсіргішімен немесе тірекке жалғайтын найзағайдан қорғаушы темір арқан бұрандасы түйіспелерінің бұзылуы, жермен қосқыш құрылғы элементтерін тот басып бүлінуі болмайды.

202. Әуе желілері және ток сымдары электр берілісінің алдын алу ретінде тексеру және өлшеуші электр жабдығына сынау жасау нормаларымен қарастырылған мерзімде және көлемінде орындалады.

203. Әуе желілері және ток сымдары электр берілісін қарап шығу кезінде және алдын алу мақсатында жүргізілетін тексеру мен өлшеу үрдісінде табылатын олқылықтар пайдаланылатын құжаттарда (ақаулардың журналы немесе ведомосында) белгіленуі керек және олардың сипатына қарай, тұтынушының электр қондырғыларына жауапты адамның нұсқауы бойынша қысқа мерзімдерде немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде жойылады.

Әуе желілері тіректері және басқа да элементтерінің жарамсыз деп табылған бөлшектері нормалары мен пайдалану рұқсаттары электр жабдығына сынау жасау нормаларында келтірілген.

204. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары әуе желілерінің электр берілісі өшірудің қысқа жалғастығында кешенді ұйымдастырылады. Олар желінің бір фазасын (фаза бойынша жөндеу) өшіру арқылы және кернеуді түсірместен өткізіледі. Әуе желілерде бір фазаны өшіру және кернеуді түсірместен атқарылатын жұмыс арнайы нұсқаулықтар бойынша жүргізіледі.

205. Әуе желілерге қызмет көрсету және жөндеу кезінде арнаулы машиналар, механизмдер, көлік құралдары, жабдықтаушы құрал-саймандардың жинағы, аспаптар және икемді тетіктер пайдаланылуға тиіс.

Әуе желілердегі жұмысты атқарушы бригадалар тұтынушының басшы қызметкерлері және диспетчерлік пунктпен байланыс жасайтын құралдармен жарақтандырылады.

206. Әуе желілері және ток жүретін сымдар элементтерінің конструкциялық өзгерістері, сонымен қатар, топырақтағы тіректі бекіту тәсілі тек техникалық құжаттама (негіздеме) мен тұтынушының электр қондырғыларына жауапты адамның жазбаша рұқсаты болған кезде ғана орындалады.



Барлық жағдайда конструкциялық өзгерістердің техникалық негіздемесі электр қондырғыларын жобалау жөніндегі нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болады.

207. Электр берілісінің әуе желілері трассасын ағаштар мен шоғырлы талшыбықтардан кезеңді тазарту және өртке қатысты жай-күйін қауіпсіз ұстау қажет, тар жолдың енін белгіленген жобамен үзбей жалғастыру және ағаш кесуді жүргізеді.



Сымдарға тым таяу өскен ағаштарды кесу жұмысын электр берілісі әуе желілерін пайдаланатын тұтынушы атқарады.

Сымдар мен тірекке құлап түсу қаупін туғызушы ағаштар, - осы жасыл алқапқа иелік етуші ұйымға хабарланған соң кесіледі.

208. Мырышталмаған металл тіректерді және темір құйматасты, ағаш тіректердің металл элементтерін, сондай-ақ болат арқандар мен тартылған сымдардың тот баспайтын қаптамасы тұтынушының электр қондырғыларына жауапты адамның өкімі бойынша қалпына келтіріледі.

209. Ластанып, тым кірлеп кеткен электр берілісінің әуе желілері және ток сымдарының учаскесіне арнаулы немесе күшейтілген оқшаулау қолданылады және қажет болған кезінде оқшаулауды тазарту (жуу), ластанып кірлеген оқшаулағыштарды ауыстыру жүргізіледі.

Оқшауламаның құстармен ластанған аймақтарында және олардың жаппай ұя салған орындарында тіркестеріне құстардың қонақтауын болдырмайтын немесе оларды үркітетін құрылғылар пайдаланылады.

210. Электр берілісінің әуе желілерін пайдалану кезінде қолданысты әуе желілердің басқа әуе желілерімен қиысатын аралықтарында әрбір сым немесе темір арқанда бір жалғамасына рұқсат етіледі; байланыс және сигнализация желілерімен, сондай-ақ, радиохабарларын тарататын тораптардың желілерімен қиысатын аралықтарға жалғауға рұқсат етілмейді. Төменгі жағынан өтетін, кернеуі 1000 В-қа дейінгі әуе желілердегі сымдар мен темір арқандарды жалғау мөлшері регламенттелмейді.

211. Кернеуі 1000 В-тан жоғары, мұз басқан электр берілісінің әуе желілерін оларды электр тогымен ерітуді жүзеге асыру қажет.

Электр берілісінің әуе желілерін пайдаланатын тұтынушы әуе желілердегі мұз қабаты қалыңдай түсуі үрдісін бақылауы және мұз ерітудің сызба-нұсқаларын дер кезінде қосуды қамтамасыз етеді, мұзды еріту жүргізілетін электр берілісінің әуе желілері, мұздың қалыңдауы және еріту үрдісін автоматты бақылау және сигнализация құрылғылары, сонымен бірге, қысқартушы коммутациялық аппараттармен жабдықталады.

212. Еріту әдісін таңдау әуе желілері жұмысының жағдайларымен анықталады (тораптың схемасы, тұтынушылардың жүктемесі, мұз қатқан аймақ, желінің өшірілу мүмкіндігі және т.б.).

213. Электр берілісінің әуе желілерін пайдаланатын тұтынушы мыналарды жұмыс істейтін жай-күйде ұстайды:

1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес белгіленген кеме жүзетін немесе ағаш салдарын ағызатын өзендер, көлдер, су қоймалары және арналармен әуе желілердің қиысатын тұстарының жағалауларындағы сигналдық белгілер;

2) жоғары кедергілі жарық қоршағышты таңбалау ережелерінің талаптарына сәйкес әуе желілері тіректерінде қойылатын жарық қоршағыш құрылғылар;

3) нормативтік-техникалық құжаттар мен әуе желілерді жобалауға сәйкес тіректерде қойылатын тұрақты белгілер.

214. Әуе желілерін пайдаланатын тұтынушы сыртқы көлемі шағын жүктер мен крандардың жылжуы бойынша теміржол жолдарымен әуе желілердің қиылысатын жерлеріндегі тас жолдар мен үлкен көлемді қақпалар қиылысатын әуе желілерде қойылған үлкен көлемді белгілердің жарамдылығын қадағалауга тиіс. Қиылыстардағы үлкен көлемді қақпалар мен белгілерді айқындау және қызмет көрсетуді теміржол жолдары мен тас жолдар қарауында болатын ұйымдар жүзеге асырады.

215. Шамалы токтармен жерге тұйықталған 6-35 кВ электр тораптарында түйықталуы жойылғанға дейін электр берілісінің әуе желілерінің жерге қосылған фазасы арқылы жұмыс істеуге рұқсат етіледі; бұл кезде персонал оның бұзылған тұсын іздестіруге және оны қысқа мерзімде жоюға міндетті.

216. Электр берілісінің әуе желілері жөндеу кезінде телемеханика мен байланыс арналары болатын жерге тұйықтау жұмысына осы арналарды сақтау мақсаттарында тасымалды жермен қосқыш бөгегіштер пайдаланылуға тиіс.

217. Кернеуі 110-220 кВ электр берілісі әуе желілерінің бүлінген тұсын, сонымен қатар, 6-35 кВ әуе желілердегі фазааралық тұйықталу орындарын қашықтан анықтау үшін арнайы құралдар қойылады.

Тұтынушылар 6-35 кВ әуе желілерінде тұйықталған орындарды анықтау үшін тасымалды құралдармен жабдықталады.

218. Электр берілісінің әуе желілерінде апатты зақымдалуды уақытылы жою мақсатында белгіленген нормаларға сәйкес тұтынушыларда апаттық материалдар мен бөлшектер қоры болуы қажет.

219. Ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша өтетін электр берілісінің әуе желілерін жоспарлы жөндеу және жаңғырту жер пайдаланушылармен келісілуі арқылы жүргізіледі.

Әуе желілердің жұмысында бүлінуді болдырмау және олардың зардаптарын жою жөніндегі шаралар жер пайдаланушылардың келісімінсіз, бірақ оларға жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлау арқылы жылдың кез келген уақытында жүргізіледі.

Тұтынушы көрсетілген жұмыстарды орындаған соң, электр берілісінің әуе желілерін пайдаланушылар оларды мақсатты тағайындалуы бойынша қолдану, сонымен бірге, жұмыстарды жүргізу кезінде жер пайдаланушыларға келтірілген шығындардың орнын толтыру үшін жарамды жерлерді қалыпты жағдайға келтіреді.

220. Электр берілісінің әуе желілер сымдарының тіректеріне басқа тұтынушыға жататын желінің бірлестіре ілінуі кезінде, әуе желілердің жоспарлы жөнделуі осы тұтынушылармен келісілген мерзімде өткізіледі. Апатты жөндеу жұмыстары кезінде осы тұтынушыларға хабарлау арқылы жүргізіледі. Өзіне қарайтын сымдарда жұмыс жүргізетін бөтен тұтынушы жұмысты бастағанға дейін 3 күннен кешіктірмей әуе желілерін пайдаланатын тұтынушымен оларды атқару жайлы келісуге міндетті.

221. Электр берілісінің әуе желілерін және ток сымдарын пайдалануды жергілікті нұсқаулықтарға сәйкес әуе желілеріне қызмет көрсетуге дайындалып, жіберілген персонал жүзеге асырады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет