Әзіл – қалжың отауы
ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
- Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, - дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
- Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
- Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
- Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде.
Қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады – ау деймін...
“Жақсы мұғалім мен жаман мұғалім”
Жақсы мұғалім маған әр уақыт –қат, қымбат, өйткені, ол- мектептің жүрегі- дейді мектеп басшылары.
Егер жақсы мұғалім мектептің жүрегі болса онда, жаман мұғалім, меніңше, мектептің жанға батып ауыратын ішкі құрылыстарының бірі – деп білем.
Сәби мінездес санагер
Мұғалімдер де бала мінездес емес пе? Екі мұғалім, тышқанның суретіне таласып қалыпты. Бірі – бастауыштың, бірі жоғары сынып биология пәнінің мұғалімі екен. Директор бұл мәселені былай шешіпті: тышқан суреті бастауыш сынып мұғаліміне берілсін. Ал, биология пәнінің мұғалімі кабинетінде тышқан өсірсін!
Мұғалімнің киім үлгісі
Мектеп оқушыларына арнайы киім үлгісі шықса деген арман аздық етіп, бір мұғалім “мұғалімдерге де арнайы үлгідегі киім шықса” депті.Біріншіден, не кием деп әуреленбейсің, екіншіден, мектепті театрға айналдырмаудың ең қолайлы жолы осы, десе керек.
Неге бармайсың?
Баласы шешесіне айтады:
- Мен енді мектепке бармаймын!
- Неге бармайсың?
- Сол ... Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады...
- Бармаймын!
- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.
“Суретші”
Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:
- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.
- Сіз оны айтасыз, - дейді әкесі. Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
* * *
Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.
- Асан:
Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.
- Асан:
- ???
- Мұғалім:
- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?
Асан:
- Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.
* * *
Сіздерге химия сабағынан үзінді ретінде “Формула” деп аталатын көріністі ұсынамыз.
Мұғалім бір оқушыны тақтаға шығарып:
- Судың формуласын жазып көрсет, - дейді. Ештеңе білмейтін оқушы бір нәрсені шатпақтап жаза салады.
Мұғалім:
- Сен не жаздың, бұл судың формуласы емес, - дейді.
Оқушы:
- Мен лай судың формуласын жаздым, - дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |