2
|
3
|
1
|
Науқас Ж., 57 жаста, салмағы 58кг, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің қалалық бөлімшесіне келесі шағымдармен түсті : жалпы әлсіздік, тәбеті төмен ,салмақ жоғалту, қақырықты жөтел, оң жақ кеуде тұсының дем алғанда ауырсынуы, көп терлеу.
Anamnesis vitae: Вирусты гепатитпен ауырмаған, тері ауруы ауруларымен ауырмаған. Қант диабетімен 15 жыл көлемінде ауырған. Таб Гликада 1 таб 2 рет ішке қабылдайды, аллергиясы ерекшеліксіз. Зиянды әдеттері: жоқ. Операция, травма болмаған. Соңғы 6 айда кене шақпаған, қан құйылмаған. Сотталмаған. Түрмыс жағдайы қанағаттанарлық. Әйелімен бірге тұрады. 4 баласы бар.
Туб қатынаста болмаған.. Кене шаққан науқастармен қатынаста болмаған. КГЛқатынаста болмаған. Д есепте қант диабетімен тұрады.
Науқас бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқастың айтуынша соңғы 1 ай көлемінде өзін сырқатпын деп санайды. 27.02.17ж аймақтық терапевт дәрігеріне келген. 27.02.17ж №3100 ФЛГ – қ тексеруден өтіп, күдікті болған. Сол күні кеуде клеткасына обзорлы рентген түскен, қорытындысы: оң жақта инфильтратты көлеңке байқалған. Науқастың тапсырған қақырығынан 1) 27.02.2017ж- теріс 2) 28.02.17ж –теріс 3)1.03.17ж-теріс №57 болған.
Науқастың ОТҚД – ге тапсырған қақырық БАС, бак/посевінен 6.03.17ж №2022 оңды (+) болып, G-expert әдісімен тексергенде 6.03.17ж №2022 R-ге сезімталдық анықталды.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ұйқысы тыныш. Тері және шырышты қабаттары ақшыл-бозғылт. Перифериялық лимфа бездері ұлғаймаған. Дене бітімі астеник типті. Өкпеде сырыл жоқ. Жүрек тоны анық, ырғақты. Ауыз қуысы таза. Іші жұмсақ ауырмайды. Үлкен және кіші дәреті қалыпты.
ЖҚА:27.02.17ж Hb- 142гр/л, эр-4,3*10¹² , лейк-5,2*109 /л. ЭТЖ-15мм/с
ЖЗА:27.02.17ж патологиялық өзгеріс жоқ.
БХА: ж/белок -75,8, АлаТ-0,27. АсаТ-0,13, билирубин- 10,0 тимол сынамасы-3,33, қандағы қант-12,8
Кеуде қуысының рентгенограммасы: Оң жақ өкпеде интенсивтілігі орташа шеттері анық емес, біркелкі емес құрлымсыз, өкпе түбірімен байланысқан көленке анықталуда. 6-8 см оң өкпеде томограммада деструкция анықталуда.
|