2
|
3
|
3
|
Науқас А , 26 жаста, Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің қалалық бөлімшесіне келесі шағымдармен түсті : жалпы әлсіздік, қақырықты жөтел, кеуде тұсының дем алғанда ауырсынуы, тәбеті төмен, дене қызуының 37,4 С жоғарылауы,ентігу,
Науқас бұрын туберкулезбен ауырмаған. Туб. қатынаста болмаған. Жоғарыдағы шағымдары мазалап жүргеніне 04.12.2016 жыл болған, дене температурасы 37,0 С, жиі жөтел, аз көлемді кілегейлі қақырыққа, оң жақ лимфа түйіндерінің ұлғаюына. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға терапевтке қаралған және маммол огқа қаралған . Вирусқа қарсы спецификалық емес ем алған, Нәтижесіз болған.16.02.17ж КТ жасалған.
Вирусты гепатитпен, қант диабетімен, тері ауруы ауруларымен ауырмаған. Аллергиясы ерекшеліксіз. Зиянды әдеттері жоқ. Операция, травма болмаған. Соңғы 6 айда кене шақпаған, қан құйылмаған. Сотталмаған. Тұрмыс жағдайы орта.
Туб. қатынаста болмаған . Кене шаққан науқастармен қатынаста болмаған. Д есепте тұрмайды.Тұрмыста.Ж0.А0.
Науқастың түскендегі жалпы жағдайы орташа ауырлықта , туб. интокикацияға байланысты есі анық, сұрақтарға адекватты жауап береді. Белсенді. Тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаты бозғылт түстес. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Кеуде клеткасы цилиндр формалы, симметриялы. Тургор қалыпты.
Өкпесінда аускультативті оң жақ өкпенің ұшында әлсіз везикулалық тыныс, сырылдар естіледі. ТАЖ 19рет.
Жүрек тондары тұйықталған, ритмді тахикардия. АҚ110/70мм.с.б.б. Пульс 88 рет. дене қызуы 36,7 С Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ пальпациялағанда ауырсынусыз. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақта теріс мәнді. Үлкен және кіші дәреті қалыпты. Перифериялық ісіктері жоқ. Менингиалды белгілер жоқ. Гемограмма:10.03.17 Hb-118 гр/л, эр-4,2*10¹² , ЭТЖ-8мм/сағ, Тромбоцит - 228*10/л6 лейк-8,2*109 /л.
ЖЗА: салыст. тығыздығы -1011, ақуыз- 0,033, лейкоцит- 1-2-2 к/а, эр.-5-6-4 к.а, бактерия +
БХА: :10.03.17 биллирубин 12,0мк/моль/л, АЛТ 0,3, АСТ 0,2, тимол сынамасы 2,9, амилазаа 58,8, жалпы белок 62,0 г/л6 мочевина 3,1, мочевина 3,1, креатинин 61,3, қант 6,7, холестерин 7,0
ФБС:24.01.17.Екі жақты диффуды катаральды эндобронхит.
Кеуде қуысының :27.02.2017 ауқымды рентгенограммасында және томограммасында :оң жақты жоғарғы бөлігінде S1 сегментінде гомогенді емес қараю, көлемі 3см сыртқы контуры анық емес, біркелкі емес, айналасы перифокальды қабынумен, орташа қарқындылықты, өкпе түбірі құрылымсыз тығыздалған, синусы кесілген. Көкірек аралық көлеңке орта сызық бойымен.
|