«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет26/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, №1 қазақ ЖББОМ
Сәбитбекқызы Жансая
9 класс оқушысы


Ерлік- табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі,
Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау
үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп,
өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге
бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.


Бауыржан Момышұлы

Батырлық... Тыныштықта көзімді жұмып, елестетсем батыр болу бәрінің қолынан келе бермейтін іс сынды. Әрине, мамандықта батыр болу, өз ортаңда ерлік жасау батырлық қой. Ал нағыз батыр текті қазақ Қаз дауысты Қазыбек би айтқандай: “Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз” деген әр сөзді ести тұра, батырлық жасамау мүмкін бе? Яғни, батырлық нағыз қайсар, өр рухты,елжанды,текті қазақ болумен байланысты дер едім. Нағыз батыл жан елі үшін өзіне түгілі өзгеге қиянат жасатпайтын намысты жандар.


Осыдан 75 жыл бұрын бұндай жандар көп еді. Әрбір жүрегі қазақ десе аттай тулайтын, батылдық, Отан сүйгіштік, достықты қадірлейтін, Батырлар болып дүниеге келмеген, батыр болып қалыптасқан бабаларым жау қолында нағыз ерлікпен қаза тапты ғой. Бұл кісілерді қанша мақтасаңда жарасар сірә. Қазір сол аға-әпкелеріміздің ұрпағы екенімізге мақтанамын. Осындай, бейбіт елде тұруымызды «қанға қан, жанға жан!» деген батыл батырлардың үміті ақталмағандай кейде өзімнен өзім жалғыз қалған сәтте мұң кешемін! Егер, Отанымызды қорғар аталарымыз болмаса, дәл бұлай тыныш елде, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүрмес едік. Өз еліміздің ұлтаны болып, тілімізді махаббатпен емірене айта алмас едік. Сонда неге осындай тіл мен дінімізді, киелі жерімізді , туылған да, туылмағанда ұрпақтарынның өмірін жарқын қылған жандарды не үшін тек бір күн асқақтатамыз? Олар үшін қу алтын жалатқан темір емес, біз мына біз маңызды болдық емес пе? Неге сол өтем тек 9 мамыр күні қайтады, үнемі тәуелсіз елінінң ұрпақтарының алғысын әр күні естудің өзі сондай жағымды ғой. Өне бойым дірілдейді, осы сәтте. Жеңіс дәмі ғана емес, тәуелсіз елдің тынық ауасын, ұмыт болған батырларды да сеземін. Көз жанарым еріксіз мөлтілдеп, жасым еріксіз шығады. Уақыт өткен сайын соғыс майданында қаһарман болған өрлеріміз азаюда. Өмір өткелін көрген бабаларымыздың аты да, заты да , сөзі де ешбір сәтте елеусіз, ескерусіз қалмаса игі еді. Бәлкім, сол бір 1941 жыл 22 маусым таңсәрі уақытта тосыннан келген жау әскері болмаса, қанша ана баласынан,мейірім көрсеткен ағасынан, қаншама әйел ерінен, құдай қосқан жарынан, перзент темірдей тәртіп беретін, жауһардай тәлім беретін әкесінен айырылып, боздақтарымыз үшін қайғыдан қан жұтпас еді. Көңілім құлазып, терең ойға шомып, терең, тұңғиық теңізге батып, шыға алмай жатқандаймын.
Әлия, Мәншүк сықылды ер мінезді арулар, құралайды көзге атып, бір атқанда сұлатып түсірер мергендеріміздің батырлығын ұмыту, Рақымшан атамыздың жеңістің дәмін татқызған сәтін, Талғат Бегелдинов ағамыздың сонау аспаннан немістердің көзін шарадай аштыратын ерлігін, Бауыржан атамыздың қатқыл үні мен суық, қатаң жүздері, жүректі езіп, тілгілеп жіберер ащы шындыққа толы нақыл сөздері тағы басқа Хиуаз, Қасым, Нарсұтбай сынды аға-әпкелеріміз бен майданда «Отан үшін, жер үшін, Алға!» деп елдің азаттығын қорғаған ерлігі теңдессіз, сөзден кеткенімен, жүректен өмір бойы ерлігі өшпес туған жердің батырларына азат елдің ұрпағы ретінде мың тағызым!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет