Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖББОМ Түлкібай Бағлан Асылханұлы 5-сынып оқушысы Жетекшісі: Жайшылықова Айнұр Қанатбайқызы Ежелден ер тірегі – ел тілегі Адал ұл ер боп туса – ер тірегі
Ел есінде ерлік әрекеттерімен есте қалған жандарды батыр дейді. Ббабмыз қазақ ел басына күн туған жаугершілік заманда қасқыр жүректі, жолбарыс мінезді, палуан білекті, қайтпас қайсар күші тасыған сайдың тасындай мықты жігіттерді жауға қаймықпай қарсы жапқанына қарап, ер жүрек, батыр деп ат беріп, айдар таққан. Батыр деген сөзді естігенде менің көз алдыма басында дулыға астында жер тарпыған арғымақ, үстінде ақ кіруке сауыт, қолында найзасымен қылышы, қалқанымен айбалтасы арқасында садағы мен қорамсағы толы жебесі бар зор тұлға елестейді. Мәселен, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Баян, Сары, Жалаңтөс баһадүр батырлар бар. Ал, менің туған өлкем – құрамында талай сыр бүккен, қасиетті Ырғыз елі! Ырғыз тоғыз жолдың торабында, Орта Азияның нақ ортасында орналасқан Батыс Европамен мен Батыс Қытайды жалған жатқан жалпақ дала. Түгел Әйтеке би ауданы, Қарабұтақтан бастап құрдымға дейін созылып,жатқан кең алқапты тұңғыш тарихшы Герадот «Гиргиз даласы» деп сонау 550 жылы киіз кітабына түсірген. Атақты Жармола жәрмеңкесі Жібек жолы керуенінің көркін қыздырған. Украин суретшісі Шевченко «Ырғыз қала» картинасын салған, небір батырлар мен ақындар, абыз – әулиелер жатқан киелі өлке. Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Абылай ханның 100 қолбасшы батырларының бірі болған –Баймұрат батыр жайлы сөз қозмақпын. Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын жерінің бүтіндігін мұрат еткен ұшса құстың қанаты, шапса тұлпардың тұяғы талатын ұланғайыр Ата жұртымыздың сүйемдей жері үшін жаумен алысқан Баймұрат батыр есімі бүгінде елеусіз қалып отыр. Баймұрат бабамыз Абылай ханның сенімді сергі, Әбілхайырханның 12 биінің бірі болған. Жаппастың Есенбайдың немересі Бөрібайұлы Баймұрат 18 ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. «Ер Қосым, Баймұрат пен Райымбек. Болғаны оған серік қазаққа анық» - деп Кәрібай жырау жырлаған. 16 жасында–ақ өз руына қорған болып, 1729 жылы Аңырақай, 1730 жылы Бұланты түбіндегі қиянкескіұрыста ерлігімен танылады. Меркі жеріндегі кезекті қазақ –қалмақ шайқасында батыр оқ тиіп салбырап қалған оғын аяғын қара санынан кесіп жіберіп, қанжығасына байлап алыпты да соғысты жалғастыра беріпті. Сондай бір кескілескен ұрыста баласы Байтүгел әкесі Баймұраттың атын ұрандар, жауға тұтқиылдан тиіп, жапыра жеңіпті. Содан бастап батырлар жауға «Баймұрат! Баймұрат!» деп ұрандап шабатын болады. Баймұрат – жауға шауып қана қоймай топты ерте білген қолбасшы, аса жауапты сәттерде тарихи оқиғаларға араласқан ұйымдастырушы бола білген. Кіші жүздің Ресейге қосылуына түбегейлі қарсы болып, Әбілқайыр мен келісе алмай кетісуі де ел тәуелсіздігін сақтап қаламын деген жанталас еді. Қарағайға қарсы біткен бұтақ секілді балталаса да айрылмайтын ел қорғаны,тарихи тұлға Баймұрат батыр. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Белшер ауыланан 100 шақырым жерде жатыр. Ақтөбе мен Қостанай облыстарының өлкесін басып өтетін Баймұрат өзені Батыр бабамыздың құрметіне аталған. Өзеннің көпірі - Баймұраттың шөбересі Махамбет атымен аталады. Орыстың 300 жыл бойы отырлау саясатымен қазақ тарихын бұрмалап, жауып – жасырып келуі біздей ұрпаққа өз ата – бабамыздың кім болғанын толық біле алмай отырғанымыздың айғағы. Туған өлкемнің батырларына мың тағзым! Себебі, біз солардың арқасында еркін де жайлы, бейбіт өмір кешудемін.
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамазатты қырып – жоюға бағышталған. Ұлы Отан соғысы тарихының беттерінен парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталағн әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы қасірет әкелмеген бірде – бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әнші де де бар еді. Қауызын ашпай көктей солған сол жастардың ішінде, әттең дариға – ай қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен... Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады,қолындағы винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болды, оқымысты болуды армандаған еді...Фашисттік Германия тізе бүкті... Бірақ сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелеген қасіреті. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 75 жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізеді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Содан бері зымырап 75 жыл өте шықты. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30 ұлттың өкілі бар (бұлардың 3 мыңдайы қазақстандықтар) Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ. Қазақстан жерінде жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болатттай беріктік пен ер жүректілік көрсеткен өз заманында –ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар еді. Өжеттік пен ерлікке бару кездейсоқтық емес. Отаны мен артында қалған елінің алдында жауынгерлік борышты өтеуде болаттай берік тәртіпке бойұсыну еді. Алматыда жасақтаған генерал – майор И.Панфилов атындағы сегізінші қазақстандық гвардияшы атқыштар дивизясы Кеңес Одағының астанасы Москваны қорғау күндерінде Ұлы Отан соғысының тарихына мәңгі өшпейтін ерлік беттерін жазды. Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 пафиловшы батырларды халқы ғұмыр бойы құрметтеп есте сақтайды. Қазақстандық жауынгерлер Рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты. Оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рахымжан Қошқарбаев қадады. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бегелдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріппен жазылды. Севестополь үшін шайқаста Кеңес Одағынының батыры Дабаш Бабажанов айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын – қиямет соғыс бейнеленген понараммаға түсірілген Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған Нұркен Әбдіров, Александр Мотросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағанбетовтың жау «жолбарысына» қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыптевтың есімдерін мақтанышпен атаймыз. Бұлардың бәріне Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған, дақты сұңқарларымыз Талғат Бегелдиновтың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері халқымыздың мәңгі есінде. Белорус ормандарында Әди Шәріповтың басқаруындағы партизан отрядтары жауға қарсы шайқасты. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры С.Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсеновтың отряды болған еді. Республика ұлы жеңіс үшін орасан үлес қосты. Қазақстандықтар қанішер жаумен қасық қанын аямай осылай шайқасты. Олардың бәрін ортақ іске, жеңіске, отанына деген сезім біріктірді. Дүниежүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді. От кешіп қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпаққа жетпек. Келешек үшін, дүниежүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.
Соғыс және Ана. Бұл екі сөздің мағанасы мүлдем қарама – қайшы. Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажыр-қайраттың мән –маңызы тереңдей түсуде. Қиын сәттің алдарына тартқан ауыртпалығын мойымай арқалағандарының әрқайысы теңдесі жоқ ерлік. Отты жылдардағы жауынгер әйелдер, бүгінде қартаң тартқан әжелер. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тіледі.
Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан – ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді .