«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет27/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Сәкен Салтанат
5-сынып оқушысы
«Батыр – елдің сәулеті,
Бал құрақ көлдің сәулеті» - дегендей біздің Тәуелсіз ел болуымыз үшін аянбай тер төгіп, қан майданда шыныққан ерлеріміздің ерлігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Биыл туған жердің батырларын 75 – ші рет еске алатын жыл. Ұлы Жеңіске 75 жыл толады. Қанша жыл өтсе де батыр ерлердің ерен еңбегін еске алып, жылды ән арнап, үнсіздікпен еске ала отырып зор құрметімізді көрсетеміз. Жеңіс оңайлықпен келмеді. Жеңіс жолында төгілген қан мен егіліп жанарлардан аққан жас қаншама. Сол қан мен жастың өтеуін біз жас ұрпақ болашақта да ұмытпай сенімнен шығып, еңбектерін ақтауымыз қажет. Қаншама қазақ Отаным деп өмірден өтті. Қаншама жас желкілдеген жастық шағын қыршынынан қиған ажалға айырбастады. Болашағын ойламады, болашақ ұрпағының өмірін, ғұмырын уайым қайғысыз гүл етсем деп ойлады. Біздің ауылымызда да сол сұрапыл соғысқа өз үлестерін қосқан аталарымыз үшін үлкен құрмет тақтасы қойылған. Жеңіс күні оқушылар мен ұстаздар, ауылдағы ардагерлер, тыл еңбек ерлері құрмет көрсетіп гүл шоқтарын қояды.
Мен пулеметші батыр апамыз Мәншүк пен жерлесіміз Ақтөбелік мерген қыз Әлия апамыздың ерлігін үлгі тұтамын.Майданда ерлермен бірдей ерлік көрсеткені үшін құрметтеймін. Көп ер адамның қолынан келмейтін ерлік істі осы Әлия апамыз көрсетті. Әйел адамның қолынан да батырлық, құрбандық, жан қиярлық ерлік келетінін ісімен дәлелдеп кетті. Ерте сөнгенімен қоймай, тарих атауында есімі еленіп, өшпестей болды. «Әлия» әні болып Тәуелсіз Қазақстанның көгінде қырандай көсіліп көкке көтеріліп, қанатын кеңге жайып қалықтап жүр. Жас болса да қолынна қару алған жас бойжеткен қарсы келген қарудан қорықпай, қиындыққа төтеп берді.Әлия апамыздың ерлігі тарихтан, ел жадынан мәңгілікке өшпейтіні мәлім. Тіптен миллиондаған жыл өтсе де.Елімізде ешқашан сооғыс атаулы болмасын. Біздің періште тілегіміз елім деп еміренген ерлердің еңбегі әрдайым еленіп жүрсе екен дейміз. Туған жері үшін жанын қиған батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз және де құрмет көрсетуден жылда жалықпаймыз. Тәелсіздік тәу етер жалғыз киеміз. Тәуелсіздік дегенде ойымызға бірінші Жеңіс емес жеңіс жолында құрбан болған батырларымыз түсуі қажет деп ойлаймын. Олар өзін емес болашақ ұрпақ біздер үшін құрбан болуға даяр болды, құрбан болды да. Мен үшін батырлардың батыры – Бауыржан Момышұлы атамыз. Бауыржан атамыз батырлықпен қоса жазушылықты да қатар алып жүрді. Соғыса жүріп, жаудың көзін жоя жүріп, шынайы туындыларын дүниеге келтірді. Ұлты үшін жасаған әр ісіне тарих пен тәлім деңгейінен қараған. Ерлік ісі өнеге өмірі мәңгі аңызға айналған батырдың рухани мұралары- қазақ халқының сан ғасырларға бағыт алған тәлім – тәрбие мектебі болып қала бермек. Рухани қайнар көзінің құнарынан татып ішпеген қазақ азаматы жауынгерлік өмірін шынайы келбетін сезіне алмай өседі. Ер есімін есінде сақтай алған дархан даланың батыр тұлғалары мәңгі өнеге мектебі. Тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырлары жасаған ерліктің, тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз қажет.Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік деп білуге міндеттіміз. Осы, қазақ батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы бар байлығымыз – тағы да осы батырларымыздың бізге аманат тапсырған қазынасы. Осыны біз бүгін көздің қарашығындай қадіріне жетіп, сақтай білуіміз парыз. Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз біріншіден, олардың тереңнен тамыр тартқан туған жер, Отан туралы идеясын бірінші қатарға қоюымыз қажет. Батырлар туралы бірде-бір халық мұрасы бұл идеяны айналып өтпеген. Туған жерді қорғау, сақтау, келер ұрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы-бізге жеткен барлық тарихи мұралардың алтын арқауы. 
Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді. Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Бұл атақты екі мәрте иеленген жалғыз қазақ - Талғат Бигелдинов 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралды
Нұркен Әбдіров 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка ауданындағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтеріледі. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Қазанның 23-і күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..." Шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапқан Сұлтан Баймағамбетов, фашистердің 14 танкісінің көзін жойған Василий Мартехов, ұшағын танкілер колоннасына бұрып ерлікпен қаза тапқан Бақтыораз Бейсекбаев және осы секілді ерлік көрсеткен қазақстандықтар саны көп болды. Бізге дейін есімдері жетпеген, ұмыт қалғандары қаншама? Сол кездегі солақай саясаттың кесірінен елге танылмай кеткен талай боздақтарымыз да болды. «Қызыл жұлдызды» кеудесіне таққаны да, тақпағаны да бар, тылдағы еңбегімен Жеңіске жол салған ата-әжелеріміздің ерлігі бүгінгі бақытты өмір сүріп жатқан әрбір жас ұрпақтың санасында әрдайым жаңғырып тұруы тиіс.
Батыр дегеніміз - Отанын, елін жаудан шапқыншылықтан қорғап, жанын пида етуге дайын тұратын адам. Әр заманның өз батырлары бар. Бұрынғы кездің батырлары қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, Наурызбай батырлар болса, Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ халқынан Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды батыр ұл - қыздар шыққан. Олар қасық қандары қалғанша Отанын қорғап, жау алдында төтеп берген. Мен өз елімнің батырларын мақтан тұтамын, олармен мақтанамын! Бейбіт заманда өмір сүріп жатқаным сол батырлардың арқасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет