«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет6/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Туған жердің батырларына мың тағзым!


Бауыржанқызы Жазира
Батылды мен жүректі; 
Көмектеседі, мақтанады, сүйеді. 
Батырсыз Отан жоқ. 
Қаһарман.
Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың сапалары. Батырлар болып дүниеге келмейді, олар батыр болып қалыптасады. Балалық шақтан кішкентай балаға отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек ғой! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірінше, ең басты, ең негізгі батырдың сапасы - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халыққа, ұлтқа деген сүйіспеншілік. Мен бір билеуші туралы аңызды естідім. Бұл аңызда, кейіпкерге ауыр таңдауын қабылдау керек еді. Оның Отанына жау бас салды. Дұшпан жылымшы болды және оның әкесін тұтқынға алды. Ол талапты ұсынды: немесе ол жауға билікті береді, немесе ол әкесінен айырылады. Кейіпкер ұзақ ойлады... Ол білді, егер ол білікті алып берсе, жау оның халқын құлдарғын айналдырды. Ол шешті... өз халықты сақтап қалу. Ол ұзақ азаптарады, бірақ оның әкесінің рухы өз баласымен мақтанады. Ол (Біздің кейіпкеріміз) жауларды жеңді, ал оның елі өркендеді... Иә, бұл - аңыз. Бірақ ол бізді біртұтас халықпен болу оқытты, және ештеңе, ешкімді жасқану жоқ. Біздің уақытымыздың батырлары - дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Дәрігерлер және құтқарушылар күнбе-күн көп өмірлерді сақтап қалады. Мұғалімдер балаларды оқытады, тәрбиеледі. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар! Біз оларға ашық аспанмен міндетті. Олар соғыстты, еңбектенді, олар тапсырмады! Біздің ұрпаққа бұл адамдардың ұқсауы керек... Және, әрине, әр адамның ең басты, ең сүйікті батыры - бұл анам. Ол өмірді сыйлады. Ең бастысы - өзі үшін өмір сүру емес, ал Туған Жер үшін өмір сүру тиіс. 
Ең бастысы ел тағдырындағы, ұлттық тарихымыздағы әрбір есімі белгілі, халық жадында биік тұғырға көтерілген, халықтық ұғымдағы ел махаббатына, ел сүйіспеншілігіне бөленген батыр-тарихи тұлға ретінде бүгінгі күнде де, қазіргі заманымызда да еш маңызын жоймайды. Әсіресе қазіргі тұста, қолымыз ұлттық тәуелсіздікке жетіп, еліміз ғасырлар бойы аңсаған, армандаған егемендігін алған тұста қазақ батырларының баға жетпес еңбегі, ерлік жорықтары, ең бастысы бір сүйем қазақ жері үшін қасық қаны қалғанша жаумен жаға жыртысып тағдыр кешкені – тарихи танымның, рухани тағылымның баға жетпес биігі осы.
Тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырлары жасаған ерліктің, тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз қажет. Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік осы. Осы, қазақ батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы, жалпақ тілмен айтқанда жердің асты, үстіндегі бар байлығымыз – тағы да осы батырларымыздың бізге аманаттаған жан сыры, жүрек нұры. Осыны біз бүгін көздің қарашығындай қадіріне жетіп, сақтай білуіміз парыз.
Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз біріншіден, батырлар жырындағы, тарихи жыр, аңыз, дастандардағы тереңнен тамыр тартқан туған жер туралы идеяны бірінші қатарға қоюымыз қажет. Батырлар туралы бірде-бір халық мұрасы осы идеяны айналып өтпеген. Туған жерді қорғау, сақтау, келер ұрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы-бізге жеткен барлық әдеби мұралардың алтын арқауы осы. Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк, әуедегі ұрыстарда талай жаудың көзін жойған Хиуаз Доспанова қазақтың қайсар қыздарының даңқын әлемге жайды. Атақты партизан Қасым Қайсенов пен соғыстың аяқталуын Гитлердің кабинетінде қарсы алған Сағадат Нұрмағамбетовтің, жаудан қаймықпайтын қазақтың батыр ұлдары Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаровтың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. «Гитлердің үйінде» барлау взводының командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл Туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті. "Гитлер үйі" мен Рейхстагқа дейін ара қашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқ жауған ашық алаңда еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен толассыз атылған оқтың астынан жерге жабыса 7 сағат бойы еңбектеп өтті. Межелеген орынға ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетіп, бұйрықты орындап, Рейхстагқа туды тікті. Бұл оқиға сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи оқиға жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады. Рейхстаг түбіндегі ұрыстарда қазақстандықтар Нығмет Наукенов, Әлімқұл Жылқыбаев, Павел Василевский, Алексей Ковалев және басқа да жауынгерлер ерлік көрсетті.Әлдеқашан халқымыздың рухани тірегіне, дүниетанымдық тұғырына айналған бұл жырлардың, аңыз-әңгімелердің, ел ішіне кең тараған шежірелердің, барлығының көркемдік құндылығын да, идеялық бағыт-бағдарын да бағалағанда алдымен осы тарих тағылымына табан тіреуіміз аса қажет. Сонда ғана қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап нұрын шашқан қазақ батырларының мәңгі өшпес рухы ұзақ күткен тәуелсіздігімізді баянды етуге, алған бетімізден адаспауға жол ашады.
Бүгінгі күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді орнықтыру, нығайту мақсатында жүзеге асырып жатқан қыруар іс-шаралары да, мемлекетімізді әлем мойындайтын, жер жүзі танитын деңгейге көтерсем деген арман-мұраты да осы мақсатпен, осы арнада үндесіп жатқанын айтуымыз керек. Ұлы батырларымыздың ұлттық тарихи тұлғалар ретіндегі туған жері, туған елі үшін жасаған баға жетпес ерен ерліктерін де, олардың халық жүрегіндегі орнын да осы тұрғыдан бағаласақ, қадірлеп, қастерлесек қателеспейміз.
Ең бастысы осы идея, осы арнадағы құндылықтар – қазақ әдебиетінің сан ғасырлар бойында жасалған, сандаған кезеңдерді көктей өтіп, бірақ берік ұлттық рухани арқауынан бір сәтке де айырылмаған бай тарихындағы көркем әдебиет үлгілерінің барлығында да басты нысана болған. Сондықтан да осынау әдебиет үлгілерін қазіргі күнге дейін қазақ руханиятының алтын ұстындарындай ұлт үшін, оның болашағы үшін қызмет етіп жатқан қайталанбас қазыналарымыз ретінде қабылдауымыз қажет. Және де ұлттық идеяның алтын діңгектеріндей бой көтерген рухани құндылықтарымыздың барлығы да бір ғана мақсат жолында, бір ғана мұратты көздеп халық жүрегіне жол тартты. Ол мақсат пен мұрат түптің түбінде бізді бүгінгі ұлттық тәуелсіздігімізге, ұлттық мемлекетіміздің мәңгілік баянды болуы идеясына біріктіріп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет