«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет83/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Ерлік пен өнеге!


Темір ауданы, №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы
Низағалиева Іңкәр Жәнібекқызы
9-класс оқушысы
Жетекшісі: Бакиева Гүлбала Арыстанбекқызы

Еліміз тәуелсіздік туын көтеріп, оңы мен солын тани бастаған шақта, дәуірлер алмасып, құндылықтар таразыға түскен кезде, халық жадындағы кейбір тұлғалардың тіріліп, кейбіреулерінің өшіп жатуы - заңды құбылыс. Бірақ бір нәрсе өшпейді. Ол - ерлік ізі. Ерлік елдің рухын асқақтатып, айбынын асырады. Тарих көшіне миллиондардың атын шығаратын бірегей біртуар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар. Халқымыздың басынан кешкен сан қилы кезеңдерінде уақытына сай алыптар туып отырған. Олардың ортасында батырлығымен әлемді таң қалдырған Әлияның тұлғасы бір бөлек. Мен үшін Ақтөбе топырағынан жаралған батырлар арасында Әлия бейнесі ерекше. Әлия туралы қанша жыр, дастан, шығарма жазылса да, оның өмірбаяны қаншама зерттелсе оқырманды жалықтырмайтын, құндылығын жоғалтпайтын өміршең тақырып деп санаймын. Сондықтан ерлігі елі үшін нұрға, ғұмыры ұрпағы үшін жырға айналған батыр туралы қалам тартуды мен де жөн көрдім.


Қаhарман ерлік иесі Әлия бар болғаны 19 жыл өмір сүрді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында ел сүйсінерлік ерлік жасап, артына аңыз қалдырды. Қанды жекпе-жекте қаршадай қазақ қызының қол бастап, қан майданға шығуы- қалай айтсақ да қайран қалатын ерлік. Соғыс амалдарында аса жауапты саналатын мергендер қолма - қол ұрысқа қатыспауы тиіс, алайда сол күнгі шайқаста барынша жанталасқан жауға шыққан шабуылда кейін шегіну өліммен тең еді. Кескілескен ұрыстағы Әлияның дауысы жауынгерлерге өлімді ұмыттырып, намыс жалыны болып шарпыды. Оның бейнесі біздің көкейімізге сол кездегі қалпында ұялап жадымызда мәңгілік сақталмақ.
Ол жанкешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына, аруақтысына айналып, есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған - өзінің тірі ескерткіштерін есепсіз көбейтіп кеткен қазақ қызы. Әлия Молдағұловаға бұйырған осы даңқтың өзі көрінгеннің талайына бұйырып, маңдайына жазыла бермейді. Әлия, оның гүлдің ғұмырындай қысқа өмірі мен ұлтының тағдырын қалдықсыз қайталағандай тағдыры, қапасқа қамаулы рухтың бір - ақ сәтте жарқ еткеніне ұқсас ерлігі, біз үшін әлі де жұмбақтау болмысы өзіміз табынып отырған даңқтың дәстүрлі аясынан асыңқырап, біз күні бүгінге дейін елеңкіремей келген, кең hәм терең мағына - мазмұнға ие екенін аңғарсақ, енді аңғарып жатырмыз. Ескерілмегені, айтылмағаны, жазылмағаны, немесе жұрттың жаза, айта алмағаны бір ғана нәрсе: ол - ең алдымен, Рухтың, онда да, қазақы рухтың - әріден келе жатқан рухтың перзенті еді. Бұл туралы ішінара айтылғанымен, біз білетін Әлия – бізге идеология білдірген Әлия! - әскер киімін киген, «комсомолдың тәрбиесін көрген», Әлия еді. Оның шыққан құнары, сыйынған аруағы, жанын әлдилеген ұлттың ұлы мәдениеті, қазақы ананың сүтімен қалыптасқан сезім – сенімі, қазақы ата - ананың қанымен келетін «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрегі», көз жетер жердегі дала рыцарлары Қазтуған, Доспанбеттерден, арғы Қобыланды, Ер Тарғындардан, Құртқа, Қарлығаштардан, Бопай, Ботагөздерден бастау алатын қазақы, аспани рухы туралы тереңіректен қозғайтын бас аяғы бүтін сөз күні бүгінге дейін айтылған жоқ.
Сол себепті…Әлия, біздің аяулы Әлиямыз Кеңес Одағының Батыры деген ұғымға, баяғыдан бері трафаретке айналып кеткен, «пилотка киіп, автомат ұстаған» мүсінге сыймайды!...Неге?...Қара жердің бетінде қазақ деген ұлт бар, оның санасы мен жүрегіне бейне - болмысы берік орнап, сіңіп кеткен, сол ұлтты өшпес өнегесімен, ажалды пенденің бәріне бұйыра бермейтін асқақ рух, дегдар бітімімен, таңдай қақтырып, қас кергізер ісімен үнемі биікке, тектілікке, бүтіндік пен кемелдікке қарай жетелеп жүретін перзенттер бар.Болған.Қазір бар,болашақта да болады.Тарихты,өнерді,ғылымды,жалпы,адами өмірді тұлғалар ұстап тұратын болса,ұлтты да үздіксіз сомдайтын,өзін ұмытып кетпеуден,адасу –сүрінуден сақтайтын солар.
Әлияның есімін Жанна, д Аркпен қатар қоюға болар еді. Дәл сондай тарихи жағдайда, дәл сол сияқты сын сағатта француздың киелісі саналып келе жатқан қыздың ерлігін Әлия да қайталарына шүбә жоқ. Себебі, рухтың жаратылысы бір, ал сын сәттегі ерліктің маңызында емес,істеткен рухтың табиғатында жатыр.
Ал,әріге бармай, өз тұстастарымен санап-салыстырсақ, Әлия – Баукең, Бауыржан Момышұлы сияқты есімімен елді біріктірген, өз ұлтының меншікті «Меніне» айналып кеткен Перзент. Қазақ атаулының оны ерекше қастерлеп,есімін аялап айтатыны содан.
Ғылымда энергияның сақталу Заңы бар: әу бастан бар қуат жоғалып кете алмайды,күйін,түрін, қасиет- қимылын өзгертеді де, мәңгі сақтала береді. Рух, ұлт рухы да солай. Ұлттың өзі барда жоғалмайды ол. Әрине, оның қамалуы, қамығуы, зар шегуі, бойын жасыра тұруы бек мүмкін - жалған дүниеде оған себеп жеткілікті көрінеді. Алайда, рух-ажалсыз: қонар тұрақ – тірі ұлт барда ол өле алмайды. Зар күйіне жеткен сәтте ол нақты Кісі, Кісілер болып бас көтереді, барын білдіреді. Қазаққа қадірлінің бәрі, мейлі, ол басшы болсын, қосшы болсын, дана, батыр, ақын, өнерлі, ғалым, тіпті, космонавт болсын – дәл осы санаттан. Әлия да осы санаттан. Көзі барға көрінеді: ол, оның алақандай өмірі, аяулы тағдыры – Рухтың кезекті бір көрінісі. Жаңғалақ кісі аңғара алмайтын болмаса, Әлияның о бастан қатқылдау тағдыр – жазымшынан, кеңес әдебиеті мен өнері, зерттеуі мен талдауы байыбына барып, тереңдей алмаған өмірбаяны мен мінез-құлқынан, тым сараң hәм үстірт айтылып өткен шағын ғана детальдардан бастауын әріден алған қазақы рух сығалап тұр. Оның майданға кірер алдындағы жалғыз шынайы суретіндегі кескінінде де, үмітсіз кеще болмаса, көрінген сәулелі көкірек айырар рух бар: Әлияның жүзінде, көзінде мұң да, кек те, ширығу да, ерте қалыптасқан дегдар естелік те тұр. Мұңы да оның текті мұң.
Әлия – аты аңызға, ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің, текті қыздардың кіндігін кескен, кір – қоңын жуған өңірдің перзенті. Қарақыпшақ Қобыландының, Асанқайғы мен Абат батырдың, Есет батыр мен Әйтекенің, Әбілқайыр мен Бөкенбайдың, Ботагөз ару мен Исатай – Махамбеттердің, Асау мен Барақтың, Мөңке би мен Әжібай бидің, Арал батырдың рухы сіңген топырақ – құнардан өніп шықты. Бұл қасиетті қазақ жерінің қай тұсында да бар құнар. Рухтың құнары. Әлия ерлігі, Әлия болмысы – ұлт рухының сақталу заңының кезекті көрінісі. Асқақ hәм аяулы көрінісі.Осындай тек ұлтымыздың емес,бейбіт өмірді сүйетін күллі адамзат баласының қадір-құрметіне лайық Ұлы тұлғаның менің туған елімнің қаны мен жанынан жаралған асыл перзенті екенін мақтан етемін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет