«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет85/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі»
Бекбергенова Айкерім
5-класс оқушысы
Жетекшісі: Серікқалиева Гүлденай Батырғалиқызы

Адамзат тарихында адам атаулының басынан кешпегені жоқ шығар, сірә…Қаншама сұрапыл соғыс, неше түрлі індет, жойқын табиғи апаттар, т.с.с. Осылардың арасында адамдар өздеріне өз қолымен жасаған қиянаты – соғыс. Соғыс, шайқас, жекпе-жек сияқты күрес түрлері адамдар арасында бір-бірінен мықтылығын көрсету үшін немесе бір нәрсеге талас туындаған жағдайда болып отырды. Ал соғыстың ең көлемдісі мемлекеттер арасында орын алды. Мемлекеттер арасындағы соғыс ең алдымен жерге таласудан болды. Аумағын кеңейту мақсатында мемлекеттер бір-біріне соғыс ашып, бірін-бірі басып алуға тырысты. Тарихтан ел мен жерге жорық жасаған, аты аңызға айналған Шыңғысхан, Әмір Темір сияқты даңқты қолбасшыларды білеміз. Олар қаншама елдерге соғыс ашып, оларды басып алып өз биліктерін орнатты. Соғыс қамтыған аумағы мен созылған уақытына байланысты өлшенеді. Тарихта болған ең үлкен соғыс – Ұлы Отан соғысы. Ол 1941-1945 жылдары болды. Соғысқа 61 мемлекет, дүниежүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50-55 млн адам қазаға ұшырап, 4 триллион доллар көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.


Бұл сұрапыл соғыс біздің халықты да айналып өтпеді. Қаншама бауырларымыз осы соғыста қаза тапты. Олар халқы үшін, Отаны үшін жан аямай күресті. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен – қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі – Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Олар қасық қаны қалғанша өз елін жаудан қорғады. Біздің елімізді жаудан аман алып қалу үшін өз өмірлерінен бас тартты. Олар ерлік пен сол соғыста жан аямай күреспегенде қазір біздің тірі болуымыз, бейбіт аспан астында қаннен-қаперсіз, осылай тоқшылық пен молшылықта отыруымыз екі талай болған болар еді.
Сол сұрапыл соғыс жылдарында, халықтың басына қатер төнгенде ел сенген батырлар халқының үмітін ақтады, Отанына деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, нағыз патриот екендерін дәлелдеді. Олар өз өмірлерін бере отырып, бізге жеңісті сыйлады.Ұлы Жеңіске әкелген құндылықтар туралы айтқанда ойға ең алдымен сол бір қан төгіс, жиһангерлік соғыстан аман қайтқан ағаларымыз бен апаларымыздың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған адамгершілік, тәрбиелік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттілік пен тазалықтық қорғаушысы болған ерекше миссиясы туралы айту парыз. Иә, майдангерлер қай салада да үлгі болды. Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухын сіңіреді.
Мен туған жер - Ақтөбе облысы. Ақтөбе шырайлы да, шұрайлы мекен. Бұл қаланы мақтанышпен айта аламыз, себебі батыр да, ақын да, әнші де, күйші де, биші де шыққан. Біздің үлгі тұтар адамдарымыз өз өңірлерімізден-ақ табылады.Туған жерден шыққан батырларымызды мақтан тұта отырып, бас иеміз.
Сонау сұрапыл соғыста ел деп, жер деп өз жандарын пида еткен батырларымыз қаншама. 1941-1945 жыл аралығында ән талай үйдің жаны мен шамын бұл соғыс әр адамзат үшін ұмытылмас уақыт. Осындай соғыс басталды деп естіген жап-жас ару Әлия да қарап отыра алмады.Ер адамша сұранып соғысқа аттанды. «Алға» деген ұранмен жауды ойсырата қырған қазақ қызы, Ақтөбелік Әлия бәріміздің жадымызды.
Ақтөбеде Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш бар болса, атына берілген көше де жарқырап тұр. Сол көшенің бойында «Әлия» музейі де бар. Алия апамыз дүниеге келген Қобда жерінде Әлия ауылы да бар. Батыр қыз мәңгі есімізде болады.
Ер есімі – ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. «Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді.
Биыл осы жеңісімізге 75 жыл толып отыр. Табандылық пен ерлік, Отанға деген махаббатқа тал соғыста Жеңіске жеткізді. Жеңіс бізге ата-бабаларымыздың қанымен, аналарымыздың көз жасымен, аға-апаларымыздың уайым мен қайғыда, үрей мен әкелеріне деген сағынышта өткен балалық шағымен келді. Сондықтан да болар ол бізге өте ыстық сезіледі. 9 мамыр – күнтізбедегі жәй күн емес. 9 мамыр – фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 75 жыл бұрынғыдай сыздайды. Бұл күні жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады! 9 мамыр – біздің өткенімізді есімізге алып, батырларымызды дәріптейтін, бүгінгі күнімізге Аллаға шүкір айтатын, болашаққа сеніммен қарауға жетелейтін күн! Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет