«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет84/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі» КММ
Мұхтарқызы Ажар
5- класс оқушысы
Жетекшісі: Серікқалиева Гүлденай Батырғалиқызы
«Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы»
-деген мақал бекер айтылмаса керек. Әр адам баласы өз елін, жерін қорғау үшін жаумен соғысып, өз жанын пида етуге дайын. Ең алдымен «батыр» деген кім, ол атқа кім лайықты? «Батыр» деп - елін, жерін білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғайтын, туған жері үшін қасық қаны қалғанша күресе білетін жанды айтады. Бұған мысал – өз туған еліміздің батырлары. Қазақ батырлары сонау ерте заманда - елімізді жоңғарлардан құтқарып қалды. «Дос болғанға құшар жаяр туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз» деп өз жерлерін ешкімге бермей, болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсырды .
Ұлы Отан соғысында қаншама батырларымыз оққа ұшты. Міне, биыл сол Ұлы Жеңіске жетпіс бес жыл толды. Бұл соғыс кез- келген адамның жанын ауыртып қана қойған жоқ, сонымен қатар ел жадына естен кетпес қайғылы таңба салды. Соғыс туралы ойласам болды, көз алдыма баласын, жарын жоқтап жылап отырған ана және Отан үшін майданда қаза болған жас азаматтар келеді. «Алтынның қолда барда қадірін біл» демекші елімізді қорғап, аманатқа қиянат жасамай, сол елімізді келешек ұрпаққа мұра етіп тапсыру біздің басты борышымыз деп ойлаймын.
Қазір Аллаға шүкір, жаужүрек, қаһарман батырларымыздың арқасында мемлекетіміз дін аман қалды. Біз, жерімізді қорғап қалған батыл да, ержүрек ата-әпкелерімізбен мақтануымыз тиіс. Олар біз үшін туған жерін дәріптеді, тағзым етті, кіндік қаны тамған топырақты қастерледі. Осыдан артық елге деген махаббат барма?!
Өзіміздің байырғы қазақтың батырлары: Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай атамыз, Исатай мен Махамбет батырларымыз жаудан жер қорғаса, Ұлы Отан соғысы кезінде Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды ата-әжелеріміз намысты қолдан бермеді. Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев атамыздың да тарихта алар орны өте ерекше.
Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер – бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақжаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше, «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек. Себебі, біз сол кісілерді құрметтеу, оларға тағзым ету, өз ұрпағымызға олардың ерен ерліктері туралы айтып беру арқылы өсеміз, өркендейміз, бойымыздағы адамгершілік қасиетін дамытамыз. Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері 1418 күн мен түн бойына шайқасып, жеңіске қол жеткізіпті. Үлкен қиындықпен, қан мен келген ұлы күннің қаһармандарын қанша дәріптесек те артық емес. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерліктері ұмытылмайды. Сол соғыста батырларымыз сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүниежүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүниежүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы – елінің бүгінгідей жетістікке жетіп, гүлденіп, дамуы жолында өз өмірін қиған, талмай еңбек еткен патриоттардың арқасында. Осының барлығын біле отыра, түсіне отыра, сезіне отыра асыл азаматтарымызды ұмытуға, оларды дәріптемеуге, шын жүрегімізбен құрметтемеуге әсте хақымыз жоқ.
Қазіргі кезде батырларымыздың өздері жоқ болғанымен, олардың есімдері ел жүрегінде мәңгі сақталады. Елге жасаған ерліктері тарихта мәңгі қалады және ешқашанда жойылмайды деп ойлаймын. Қазіргі жас жеткіншек, яғни, мына біз - өз жерлерімізді солардай қорғайтын болсақ, сонда ғана олардың аруақтары бізге риза болады деген үміттемін. Өз туған жерімді мәңгі құрметтеп, жақсы көруге, батырларымызға мәңгі тағзым жасауға уәде беремін. Себебі мен - тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматымын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет