Тулепбергенова ардак усенгазиевна



бет5/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,39 Mb.
#6789
1   2   3   4   5   6

2.2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік идеяларын студенттердің аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану
Мұзафар Әлімбаевтың этнопедагогикалық идеяларын жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру жұмыстарының нәтижесін көру, тиімділігін айқындау мақсатында ақынның шығармаларын лекция, сабақтан тыс уақытта оқыту үшін педагогикалық эксперимент жүргізілді. Педагогикалық эксперимент алға қойылған мақсатқа байланысты айқындау, қалыптастыру кезеңдеріне бөлінді. Айқындау кезеңінде тақырып төңірегінде ешқандай ақпарат берілмей, «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттеріне М.Әлімбаевтың тәлімдік мұраларын қаншалықты білетіндігін анықтау мақсатында арнайы сауалнама өткіздік (Кесте 5).
Кесте 5 - М.Әлімбаев жайында студенттердің білім деңгейін айқындау кезеңі




Сұрақтар

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің жауаптары

Студ.

саны

Жоғары %


Орташа %


Төмен %

Студ.

саны


Жоғары %


Орташа %


Төмен %

1.

«Халық педагогикасы»

деген не?



19

2

5

12

22

3

7

12

2.

Этнопедагогика нені зерттейді?




2

6

11




2

5

15

3.

Қазіргі кездегі этнопедагогика мәселелерін зерттеп жүрген ғалымдарды атаңыз?




3

5

11




3

5

14

4.

Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған шығармаларын атаңыз?




3

4

12




4

6

12

5.

Мұзафар Әлімбаевтың халық педагогикасына арналған еңбектерін атаңыз?




2

5

12




1

3

18

6.

Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларындағы нақыл сөздердің бірнешеуін атаңыз?




1

5

13




2

5

15

7.

Мұзафар Әлімбаевтың атқарған қызметтерін атаңыз?




3

6

10




4

7

11

8.

Мұзафар Әлімбаевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мәселелері туралы ой-пікірлері педагогикалық оқытуда пайдаланыла ма?




2

6

11




3

6

13

Жиыны:




2,25

5,25

13,25




2,75

5,5

13,75

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей білімгерлер М.Әлімбаевты балалар ақыны ретінде танығанымен нақты ғылыми еңбектерін білмейтіндіктері көрініп тұрды. Жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарап, білімгерлердің М.Әлімбаев жайлы білімі төмен екендігін байқадық. Сол себепті педагогикалық оқу құралдарында М.Әлімбаев шығармаларындағы тұнып тұрған тәлім-тәрбиелік идеялары өте жеткіліксіз орын алған тіпті, «Этнопедагогика», «Педагогика тарихы», «Қазақстан педагогика ғылымының дамуы» сияқты пәндерге қарастырылмағандығын зерттедік.

Сондықтан жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие берудегі орасан зор еңбегі бар М.Әлімбаевтың тағылымға толы еңбектерімен таныстырып, жас ұрпақты білімдік деңгейін көтеру мақсатында «М.Әлімбаевтың ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері» атты арнаулы курс жүргізіп, жоспарын ұсындық (Кесте 6).

Арнайы курстың мақсаты – Мұзафар Әлімбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды педагогиканың мазмұнына ендіру мүмкіндіктерін қарастыру; оқу үрдісіне ендіріп, тәжірибеде өткізу арқылы ондағы педагогиканың теориясына қатысты пікірлерін студенттердің меңгеруін тексеру. Осыған орай арнайы курстың міндеттері белгіленді:

- М.Әлімбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлардың бар екендігін және оның педагогиканың теориясын оқытудағы маңызын көрсету;

- Болашақ педагог мамандардың білімін оқу-тәрбиеге қатысты ұлттық ой-пікірлерімен толықтыру;


Кесте 6 - «М.Әлімбаевтың ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері» атты арнаулы курс жоспары


р\с

Курс тақырыптары

Сағат саны

лекция

семинар

1.

М.Әлімбаевтың өмір жолдары

1




2.

М.Әлімбаев – халық педагогикасының жаршысы

1

1

3.

М.Әлімбаевтың шығармаларындағы нақыл сөздер

1




4.

М.Әлімбаевтың шығармаларындағы патриотизм мәселелері

1




5.

Ақынның шығармаларындағы эстетикалық тәрбие мәселелері

1




6.

М.Әлімбаевтың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері

1




7.

М.Әлімбаевтың тәрбие туралы әңгімелері

1


2

8.

Ақынның тәрбиелік ой-пікірлерін сабақтан тыс іс-шараларда пайдалану

2

Барлығы:

7

5

Арнаулы курс жүргізілгеннен кейін білімгерлердің білімдік деңгейі белгілі дәрежеде өз нәтижесін берді (Кесте 7).


Кесте 3 - М.Әлімбаев жайында студенттердің білім деңгейін қалыптастыру кезеңі




Сұрақтар

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің жауаптары

Студ.

саны

Жоғары %


Орташа %


Төмен %

Студ.

саны


Жоғары %


Орташа %


Төмен %

1.

«Халық педагогикасы»

деген не?



19

10

6

3

22

13

7

2

2.

Этнопедагогика нені зерттейді?




12

5

2




12

6

4

3.

Қазіргі кездегі этнопедагогика мәселелерін зерттеп жүрген ғалымдарды атаңыз?




10

7

2




13

7

2

4.

Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған шығармаларын атаңыз?




13

4

2




14

7

1

5.

Мұзафар Әлімбаевтың халық педагогикасы

на арналған еңбектерін атаңыз?






12

4

3




11

8

3

6.

Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларындағы нақыл сөздердің бірнешеуін атаңыз?




14

4

1




12

7

3

7.

Мұзафар Әлімбаевтың атқарған қызметтерін атаңыз?




11

6

2




14

6

2

8.

Мұзафар Әлімбаевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мәселелері туралы ой-пікірлері педагогикалық оқытуда пайдаланыла ма?




12

5

2




13

6

3

Жиыны:




11,75

5,13

2,13




12,75

6,75

2,5

Арнаулы курс өткізгеннен кейін студенттер білімінің жоғары деңгейінің көрсеткіші біршама артты. Нәтижеде алға жылжушылық көргеннен кейін тақырыбымыздың мақсатына жету үшін әртүрлі бағыттағы іс-шаралар өткізуге бел будық.

«Тәрбие теориясы» тақырыбы бойынша соңғы семинар сабағында «Мұзафар Әлімбаев және халық мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні» атты тәрбие сағаты өтілді.

Мақсаты: Мұзафар Әлімбаев шығармаларындағы жиі қолданылған қазақ халқының мақал-мәтелдерін талдау арқылы болашақ педагогтарды кәсіби жағынан қалыптастыру.

Көрнекілігі: Ақынның портреті және ақынның шығармаларының аттары:


  1. Халық – ғажап тәлімгер;

  2. Көңіл күнделігі;

  3. Маржан сөз;

  4. Мақал – сөздің мәйегі;

  5. Менің Қазақстаным;

  6. Шынықсаң шымыр боласың;

  7. Нақылнама;

  8. Толқыннан толқын туады;

  9. Өрнекті сөз – ортақ қазына;

  10. Жолдар – жырлар, өлеңдер;

  11. Екі тақтай – бір көпір: Өлеңдер, тақпақтар мен нақылдар;

  12. Тәрбие туралы әңгімелер;

  13. Хат;

  14. Өскеніңді ел көрсін;

  15. Таңдамалы т.б.

Кіріспе сөз (оқытушы):

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келді. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6-сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап «Батырлар жырын» ортаға ала, А.С.Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Әкеден 8 жаста, шешеден 14 жасында айырылған, «туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылдардағы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылы сталиндік сойқанда халықтың зиялы ұл-қыздарының зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды:

Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,

Көре алмай қызығымды кеткеніңе.

Өзгелер өз баласын еркелетсе,

Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?

Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған М.Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс коммисарына арыз берді, бірақ олар маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашгасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жеріне әскери қызметке алып қалып, одан елге 1948 жылы оралады.

Мұзафар Әлімбаев мақал-мәтелдердің мәнін, оның тәлім-тәрбиелік астарларын да жақсы зерттеген.

«Мақал тақпаққа жақын халықтың салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді» - деген екен ағартушы-педагог А.Байтұрсынов. Мысалы, «Мал – жанымның садағасы, жан – арымның садағасы» деген мақал адамның жоғары рухани байлығы – ар екенін нақтылайды. «Әкім адал болмаса, халық бұзылар, Сауда адал болмаса, нарық бұзылар» - деген ой-тұжырым бүгінгі нарықтың қағидасы іспеттес. «Қатты жерге қақ тұрар, қайратты елге мал тұрар» деген мақал еңбектенген адам, бейнетінің текке кетпейтінін, ерінбей еңбек етудің қасиеттілігін уағыздайды. Мұзафар Әлімбаев мақал-мәтелдер арқылы адамның бойында рухани құндылықтарды қалыптастыруды, ізгі қасиеттерді көздейді. Әрі қарай студенттерге сөз беріледі. Мұзафар Әлімбаев шығармаларында жиі кездесетін мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіреді. Мысалы:

1. «Ауылдасыңа қарап, азаматтығыңда таны» дейді халқымыз. Өзіңді, өз жан-дүниеңді өзгелермен салыстырып барып білу – тиімді әдіс, ұтымды үрдіс және көз ашқанынан көз жұмғанға дейін қажетті де пайдалы дағды. Бірақ бұл бірден-бір әмбебап жол болмаса керек. Бұны пайдаланудың жөн-жосығын әр жастағы бала, ұланға, жеткіншекке, жігітке үйрете білу де бізге – үлкендерге парыз.

Мұзафар Әлімбаев: «бұл арада ақылдас деген атауды мейлінше кең мағынада қарау қажет. Бұл бірде балаңыздың өзімен тең құрдасы, екінші жағдайда көрші баласы, үшінші жағдайда күнде қаз-қатар бірге дәріс алатын кластасы, төртінші кезекте еңбек ұжымында есепте бірге тұратын тұстасы, тұрғыласы, алыстағы, шетелдегі сырттай танысы. Өскісі келген бала өзін өзгелермен өлшесе көп нәрседен ұтады, өзін-өзі өсуге жұмылдырады, өзін-өзі намыс қамшысымен шықпыртады» - деген.

2. «Мәуелі ағаш майысқақ». Білігі бардың бәрі де сыпайы, биязы. Ешкімге ірілік көрсетпейді, кеудесін қақпайды. Үлкенге де, теңдесіне де иіліп сәлем береді. Кішінің көңіліне келер қылық ұшығын да шығармайды. Кішіпейілділік – көрсеткен кісі кішіреймейді. Сыпайы адам сынық мінезді, көпке жұғымды, сүйкімді атанады. Намыскер бол деп кеңес береді.

3. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің». Бұл мақал жастарды қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, жанашырлыққа шақырады. Жасы үлкенді сыйла, құрметте, одан үйренуден жалықпа. Ағайындарды алыссынбай, бауыр көріп, қол ұшын беру.

4. «Білем десең - көре бер, көрем десең жүре бер». Не істесеңде ақылға салып істе, алаңғасар, алып ұшпа болма деген пікірді де ата-бабалар «Ақылсыз қайрат бас жарар» - деп түйіндейді.

5. «Азаматтың қасиеті – ерлігінде, елдің қасиеті - бірлігінде». Бірің бас, бірің қол дегендей, жік-жікке бөлінбей, тұтас ел тұрғанда тұтамдай ауылдың намысы үшін бөлініп-жарылмай, бірге ұйымшыл әрекет жасап, тілекке жетуді ойлауымыз - өмір тірлігіміздің мән-мағынасы осы.

6. «Апасы гүл еккенде, сіңлісі су сепкен жөн». Еңбеңтегі ұжымшылдықта елдің қамын ойлау қажет. Біріңнің жетіспегеніңді бірің толтыр. Халық – тәлімгер қашанда қасиеттілікке үндейді. Халқымыз күнделікті қарапайым күйбең тірліктің өзінде де бірлікке, тату-тәттілікке шақырады.

7. «Жастықта алған білімің – қарттықтағы мүлігің». «Білім алмай бодым деме, еңбек етпей толдым деме» деген әділ қағиданы ғұмыр бойына ұстанатындар да – ұлағатты ұстаздар. Өмір бойы үйренуден айнымайтындар – ұлағатты ұстаздар, өйткені қол үзгендер үйретуден де тыйылады. Ұлы Абай осы жағдайларға байланысты «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп айтқан.

8. «Опасыз шәкірт ұстазын танымайды». Адамның өзіне көрсетілген жақсылығын білмеуі – топастық қана емес, қатыгездікте. Ұстаз еңбегі – ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек. Саған білім беріп қана қоймай, санаңды сәулелендіріп санатқа қосқан, азамат атандырған кісі туған әкеңнен кем бе? Бірде кем емес. Шәкірт ұстазын ұмытса, шатасады. Себебі, ол тәлімгердің өзін ғана ұмытпайды, тағылымын да естен шығарады. Бұл мақалдың аңдатары аз емес. Лайықты ұстаз атану – ұлы мәртебе, ал үміт ақтаған шәкірт болу да мерей. Жақсы шәкірт бола білу де оңай емес.

9. «Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы». Алапат ерлік те, ғажайып қаһармандық та айбынды елі бардан шығады. Өжеттік – Отанды ардақтаудан туады. Халқы үшін қабырғасы қайысатын, жалпы үшін жаны ашитын, ел десе, ет жүрегі елжірейтін ер көзсіз жанқиярлыққа іркілмей барады.

10. «Бала болсаң, болғандай бол, ағайынға қорғандай бол». Мұны тар мағынада емес, кең мағынасында пайымдаған халқымыз әр ұланға азамат болып өсу – парызың, еліңе қорған болуды ойлап өс, жетіл, кемелден дегені. Қайраты барың ғана қаһарман боласың. Жасың ұлан жауынгер болып жарытпайды.

Тәрбие сағатын әрі қарай Мұзафар шығармаларындағы афоризмдермен толықтырып, студенттерден оның мәнін қалай түсінетіндері туралы сұралды.

Қорытынды (оқытушы):

Мұзафар Әлімбаев жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеуде елін, жерін, ұлтын сүйетін, елдің бірлігін, болашағын ойлайтын азамат етіп шығаруда халық ауыз әдебиеті үлгілерімен салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды үлгі-өнеге етуде зор мақсат тұтқан заманымыздың заңғар ақыны, ғалымы, жазушысы. Ол ұлттық педагогиканың керегесін керісіп, уығын шаншып, шаңырағын көтерісіп жүрген халық ақыны.

Ақын шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық поэзия кешінің сценариі:

“Халайыққа хат”- менің

Ғұмырлық жыр дәптерім:

Қат-қабат болып қатталған,

Сырым менің ақтарған.

Ақталмаған, ақталған

Кілең арман, тәтті арман…

Залдың безендірілуі: Әдеби-суретті көрме. Студенттер шығармашылығы бұрышы: М.Әлімбай шығармашылығы бойынша жазылған көркем шығарма, рефераттар, суреттер, өлеңдер, буклеттер.

(С.Тұрысбековтың “Көңіл толқыны” күйі әуенімен)

Ақын:

Тумайды жұртын ақын жылатуға,



Туады жүректерді нұрлатуға,

Өлеңін орамал ғып өтеді олар

Көз жасын адамзаттың құрғатуға.

Айнымас ол – әділдік баласы да,

Қалмайды күншілдердің табасына

Жүрегін көпір етіп төсейді ақын:

“Жетсін, - деп, - жұртым бақыт жағасына!”

Шығандап шың басына шығады өнер.

Шын ақын екі туып, бір-ақ өлер.

Алдында әр заманның, әр ұрпақтың

Құламай тіккен туы тұра берер («Ақын» өлеңінен).

Жүргізуші (1): Қош келіпсіздер, өлең сүйер, өнер сүйер қауым! “Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы”,- дейді көркем ойдың кемеңгері Абай ажарлы сөз, асыл өлең жөнінде. Жан-дүние құбылысы… іші алтын, сырты күміс өлең сөз тіршілігі… Ақындық қасиет, ақындық парасат алаңсыз, албырт, алқынбай, аптықпай, өз тірлігін, өз тынысын жалғай береді екен-ау. Өлең – ақыл суаты мен сезім қуатының тоғысқан жері…

Жүргізуші (2): Бүгін біздер, өткен ғасырдың сонау қырқыншы жылдары Ертіс жағалауынан арман-қиялы ақ қарды Алатау жаққа шарқ ұрған, ал бүгінде Алатаудан да асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келе жатқан мұздыбалақ, атақыран ақынымыз Мұзафар Әлімбаев әлемі хақында ой бөлісеміз.

Ақын:


Жалаң аяқ, жалаң бас балалық шақ!

Балғын жылдар! Сағынып жаям құшақ.

Ақ шыбықты ат қылып шапқылаған

Анау бала кетті ғой маған ұқсап...

Аға тұтып, еркелеп, жанайсың да,

Ақ шашымды сипайсың, аяйсың ба?!

«Осы қалай төзген,-деп, талай сынға!,

Қырық беске қызғана қарайсың ба?!

Кел, «Волгаға» міне ғой... асығалық!

Мойнына апамның кеп асылалық («Бала жылдармен сырласу»).

Жүргізуші (2): …Сегіз жасында әкеден, он төртінде жасында шешеден айырылды. Әке қайымына кенеле алмады, ана мейіріміне қанбай қалды. Әке мен шеше жақсылықтары жайында өзіндей аз жазған жазушы жоқтай көрінетін. Жетімдік – қиын тағдыр. Бірақ, Мұзафар қанша қиындық көрсе де мойымаған. Тағдыр тәлкегіне төзу үшін тек өзіңнің халіңді ғана емес, өзгелер жайын да ойлай білу керек екенін түсінді. Дүниеге жаратушы жақсыларын тірісінде піріндей көрмейтін кей ұл-қыздың астам парықсыздығына, ұлылардың ұрпақтарының ата-ана өнегесінен өндіре сөйлеп-жазуға құлықсыз, қабілетсіз келетініне қатты күйінеді.

Ақын:


Жеңбейді сенен өзге ұйқы кімді?

Түн бақтың, күзетші етіп кірпігіңді.

Балбырап бесігімде уілдесем,

Күлімдеп, қабағыңа күлкі кірді.

Емізіп ізгі құнар ақ сүтіңді,

О баста ойлағандай мақсұтыңды,

Құйдың мол құлағыма қазақ жырын,

Жырлар деп жан тебіренте жақсы күнді.

Ойға алсам өкінемін дүркін-дүркін.

Көрмедің, көрмедің-ау, әттең шіркін,

Санатқа қосылғанын сары ұлыңның

Өзі-өз боп еңбекақы әкеп бір күн («Ана»).

Жүргізуші (2): Ауыл мектебінен соң педагогикалық училище қабырғасында мұғалімдік мұратын жани бастағанда соғыс өрті лап етті. Он сегіздегі өрім жас өз қалауымен сұранып майданға аттанды.

Ақын:


Жеңіл ойды ауырлатты қатал күн.

Жас болса да, тебіренбей жатар кім?

Жас иыққа бар тағдыры Отанның

Түсті келіп, мен де солдат атандым.

...Туған еді бізді анамыз балғын қып,

Жорықтарда өкшемізді алдырдық.

Төзбегенде шар болат, біз шыдадық

Өзіміздің күшті сонда сынадық! («Менің жастық жылдарым») Жүргізуші (1): Соғыста қаза тапқан досын жырлау арқылы майдан ақиқатын да өлеңге айналдырды.

Ақын:

Екеуміз түйдей құрдас ек,



Екеуміз сырлас, мұңдас ек.

Жұлдызды туған бала еді,

Ақындай албырт жан еді,

Жаңа өмір сүйген жары еді,

Отаны – адал ары еді…

Құрдасым неге кешікті?

Қаға ма біреу есікті?

Қақпайды енді есікті,

Қақпайды енді есікті,

Мәңгілік досым кешікті.

Жүргізуші (1): Сегіз жылға жуық уақыт әскер сапынан босай алмады. Әдеби талабының, ақындық талантының арқасында ғана Қазақстан өкіметінің шақыртуымен 1948 жылы елге оралады. Демек, Мұзафар – өрттен шыққан ақын. Сондықтан болар, ол жалындап жанып тұрады: сөзі оқтың тіліндей шолақ, ойын шорт үзіп келте қайыратын ақын.

Шығармашылық толғану, толассыз іздену арқасында соғыстан кейінгі жылдары Мұзафар жас ақындарымыздың алдыңғы буынына келіп қосылады. Нақтылық, ойлылық, жинақылық – Мұзафар өлеңдерінің ең басты қасиеттерінің бірі.

“Соғыстан соңғы ән” орындалады. Әні: Ә.Бейсеуовтікі

Сөзі: М.Әлімбаевтікі

Жүргізуші (2): 1948-1956 жылдар аралығында “Пионер” журналының поэзия бөлімін басқарып, өлең сүйгіш жасөспірімдердің талап-тұлпарын қамшылап, қамқорлады. 1956-1958 жылдарда “Қазақ әдебиеті” газетінде басшылық бедерін қалдырады.

Жүргізуші (1): Ұстаздыққа бейім әрі балажанды мінез қазақтың жас жеткіншектерінің тілін сындырып-ұстартатын, туған тілімізге деген құрмет-құштарлығын арттыратын тәрбиелік бір басылым – құрал керегі туралы іштей ойлап, толғанып жүретін. Арманына 1958 жылы қолы жетті, шуақты шілдеде дүниеге келген «Балдырған» балалар журналы республика бүлдіршіндерінің – бірнеше буын ұрпақ өкілдері балалық шағының базары мен ажарына, киелі сөз өнері бастауларына баулитын байыпты – ұқыпты бағбанына, адамдық әліппесінің ережелеріне үйрететін үлкен мектепке айналды. «Балдырған» басылымының өзгелерге ойыншықтай оңай көрінетін ауыр жүгін жазушы Мұзафар Әлімбай ширек ғасырдан астам уақыт арқалады. 1958-1986 жылдар аралығында журналға тапжылмастан редакторлық етті.

Жүргізуші (2): Соғыстан кешігіп келген солдат әдебиеттің бейбіт майданына да кешігіп кірді. Алғашқы кітабы 29 жасында жарық көрді, құралыптас-құрдастарының бірқатары баяғыда-ақ бірді-екілі кітаптардың авторы болып үлгерген-ді. Алайда аз ұйықтап, азапты көбірек шексең, қалам сыбағасын толтыруға әбден болады екен. Бүгінде әдебиеттің әр түрлі жанрындағы (поэзия, әдеби зерттеу, фолклортану, халық тағылымы, эссе, очерк, естелік, ән өлеңдері) 50 төл туындының авторы. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын 1984 жылы «Аспандағы әпке» атты балалар жинағы үшін алды.

Жүргізуші (1): М.Әлімбайдың “Ана” деген тұңғыш өлеңі 1939 жылы облыстық “Қызыл ту” газетінде басылды. Ал алғашқы кітабы “Қарағанды жырлары” деген атпен 1952 жылы жарық көрді. Одан кейінгі лирикалық және азаматтық әуенге жазылған "Құрбыма” (1954), “Лирика”, “Жолдар жырлар”, “Жүрек лүпілі”, “Өшпес от” жинақтары шықты. “Менің Қазақстаным”, “Құрбымның күнделігі”, “Естай-Хорлан” лиро-эпикалық поэмалары – осы жанрды дамытуға қосылған елеулі туынды.

Мұзафар Әлімбай поэтикасының үш тағанды тірегі іспетті «Естай-Хорлан» ғашықнамасы, «Ту тіккен» және «Құрыш қазақ» ерлік – қаһармандық дастандары дүниеге келген тұсында қазақ поэзиясының ортақ жаңалық-жеңісі болды.

“Естай-Хорлан” поэмасының «Уәде» бөлімінен үзінді оқу үшін қыз бен ұл бала ортаға шығады

Автор:

Міне үнсіз Хорланы тұр оң жағында,

Құрысын бүйтіп ақын болғаны да!

Жақ ашпай жапырақтай қалтырайды,

Тәңірім тілін байлап, қорлады ма?

«Жақындасам қорқамын, жанам ба? – деп,

Аллама жалбарынам күні-түні,

Ұмсынсам, оң сапарым болар ма?» - деп...

Бірі жоқ әлгі сөздің жаттағанның,

Білмеді алға қарай аттағанын.

Естай:

Өзіңе көрімдігім – «Бір мысқалым»,

Ағаңның кешір басқа таппағанын.

Хорлан:


Тыныш ем, тымық көлдей толқып кеттім,

Сабырлы ем, өзегімді өрт қып кеттің.

Ескексіз қайық мінген жас балаша,

Есітіп өлеңіңді қорқып кеттім...

Автор:

Серінің кеудесіне басын сүйеп,

«Құдайым менің қашан жасымды иед? –

Дегендей өксіп-өксіп егілді қыз,-

Қай күні ғашық жүрек ашық сүйед?!»

Өрт құшақ... бастан кешкен өзіміздің,

Бұндайда қауқары не сөзіңіздің?!

Ақынның сипап тауып ат жоқ қолын,

Кигізді алтын жүзік өзі қыздың.

Шыдатар жалын жастық буы нағып?

Отты ағын бойды қулап шымырланып.

Хорланы құшағында Естай сері

Кетер ме балауыздай бүгін ағып!

Жалғыз түн – жазылған түн маңдайына,

Бұйырды тілдің балы таңдайына.

Тырп етпес, төнсе қылыш төбесінен,

Қарамас келер күннің қандайына.

Естай:


Қол қысқа...тосыламын...неғылайын!...

Уәде – келер жылғы мамыр айы!

Хорлан:

Ақ тілеу. Алла оңғарсын жолымызды!

Мен – дағы осы арадан табылайын.

Автор:


Жабысып көк шалғынға боз жамаудай.

Жатқанын бір жауырын қозғала алмай...

Қыз-жігіт шала аңдады... алаңдады

Көркіне бір-бірінің көз қана алмай.

Көңіл мас, көз жұмулы бұл шағынан

Айырған әзезілге ұқсады таң.

Айрылған аспанынан ай сияқты

Сытылып Хорлан шықты құшағынан...

Жүргізуші (2): Қараңыздар, “Елдіктің еңсесі” дастаны – Абылайды, ғашықтық дастаны – “Естай-Хорланды” толғаса, бұлар арқылы ақын әлгі айтқанымыздай, Отан тарихына саяхат жасаса, “Құрбымның күнделігі”, “Құрыш қазақ”, “Ту тіккен”, т.б, лирикалық, философиялық поэмалары арқылы Отанының бүгініне қайтып оралып, өз замандастарының еңбегі мен ерлігі, сол еңбек пен ерліктің жемісі мен жеңісін жырға қосады. Отан образын осылай жан-жақты ашады. Халқымыздың ой-өрісін, мәдениетін көтеруге қосқан бұл үлес сөз жоқ елеулі еңбек.

“Біздің Қазақстан” әні орындалады.

Жүргізуші (2): Бар болмысын, күллі қалам қасиетін салған “Менің Қазақстаным” атты лирикалық-философиялық поэманы айрықша бөліп атар едік. Мұның өзі – туған ел туралы толғау. Жұрттың “Мұзаға мұзарты” деп жүргендері де осы толғау шығар. Оның барлық ақындық қуатын аямай сарқа жұмсаған бұл шалқыма – Әлімбай поэзиясының мәңгілік тақырыбы, алтын қазығы, тіпті мұзарт биігі екені де рас. Мұзафар өлең арнасы ел өмірі өзенінен тартылатынын жақсы біледі.

Ақын:


Қадірлі Қазақстан, Отан-ана,

Есімім сенен бөлек атала ма?

Алдыңда парызымды өтеп келем,

Өтсем де қарыздар боп ата-анама.

Көгінен күн аумайтын Қазақстан!

Сен жайлы өмір бойы жазам дастан.

Сырлаймын әр сөзімді өле-өлгенше,

Соғамын сәнді сарай асыл тастан.

Жүргізуші (2): Ақиық ақын Мұқағали: “Мұзафар – ойдың ақыны. Шығыршықтың ішін шыр айналған тұтқындағы ақ тиін іспеттес ойнақы сөздің емес, сезгені, түйгені мол ойдың ақыны. …Ізденгіш те тапқыш, көп оқитын, көп түйіп, көп ойланатын бейнетқор да еңбекқор ақын Мұзафар Әлімбай…”,- деп сүйсінеді. Оның осындай алуан қасиет-қырларын қаһарман Бауыржан Момышұлының, ел ағасы Димаш Ахметұлының, көркемсөз алыптары Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің, алдындағы ақын ағалары Қалижан Бекхожин, Әбу Сәрсенбаев, Әбділдә Тәжібаев, Дихан Әбілевтердің, көптеген өзі тұрғылас таланттардың пікірлері асыра айқындай түседі.

Жүргізуші (1): М.Әлімбайдың сан алуан тақырыптағы барлық өлеңдері де, барлық поэмалары да, яки күллі лирикасы мен эпикасы, бәрі-бәрі бір ұлы арнаға сарқып құйылып жатады. “Абайды қайталап оқығанда” деген атпен жиі жүгіндірген ақындық атасы – Абайдың бір ғана қарасөздерінің құдіретіне 54 мәрте мақала-зерттеме арнапты. Әлімбай Абайдың ауылы туралы жазса да, туған жер туралы тебіренсе де, қыз бен жігіт арасындағы махаббатты жырласа да, алыста қалған ауыр күндердің сұрапыл суреттерін салса да – барлығында да өзінің сыршыл ақын екендігін көрсетеді.

Жүргізуші (2):

Кейде шыным, бала болғым келеді,

Бала болғым келеді.

Бала болып қала бергім келеді,

Қала бергім келеді.

Қаламгердің өлеңдерін жаттап өспеген қазақ баласы, сірә, сирек болар. Мұзафар Әлімбай – азамат ақын ғана емес, әрі ұстаз ақын. Әлімбай поэзиясының өзгеше бай, шұрайлы саласы – балалар әдебиетінің меншігінде. Қазақ балалар әдебиетінде Мұзафар Әлімбайдың шоқтығы биік тұрады. Әсіресе, балалар поэзиясында көлемі, тақырыбы және жанрдың байтақ байлығы жөнінен Мұзафар атаның алдына түсер ешкім жоқ.

Жүргізуші (1): Балажүректілік, болмыс атаулыны балаша қабылдап, балаша сүю немесе балаша ұнатпау сияқты балалар жазушысының басты бағалы қасиеттерін меңгерген М.Әлімбай өмір бойы балаларды үйретіп қана емес, балалардан үйреніп келеді. Оған «Көңіл күнделігіндегі» кішкентай достары туралы «Балалардың ақындық қиялы ұшқыр», «Бала біткен шетінен туасы талант» жолдары куә. Мұнда ол балалар поэзиясына тән қасиеттердің қандай болуы керектігі туралы 16 ережені жаңғақша шағып, тізіп, түсіндіріп береді.

Жүргізуші (1): «Үйлену оңай, үй болу қиын», «Төркіні жақын тулағыш», тағы басқа ел арасына тарап кеткен Мұзафар мәтелдері күн сайын жаңарып толығу үстінде:

1. Қазақтың дәмін татқан бар, қазақтың дәмі атқан бар;

2. Жамандамаса, жаудың іші кебеді;

3. Кемпарық жарытпайды ел танып;

4. Алаш баласының аянкес болуға хақысы жоқ;

5. Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті;

6. Тастанды – ертеңгі қастанды;

7. Қымбатты құртпа, кітапты жыртпа:

8. Кітаптан аяған пұл құтаймайды, - тағы басқа мұндай афоризмдердің ұзын-саны қазір үш мыңнан асып кетті.

Жүргізуші (2): Мұзафар Әлімбай – сан қырлы талант. Ол көркем шығарма жазумен ғана шектелмей, зерттеу, ізденіс жұмыстарымен де беріле айналысады. М.Әлімбайдың зерттеушілік еңбектері де әр алуан болып келеді. Өзіне дейінгі, өзі қатарлы және өзінен кейінгі қаламгерлердің шығармашылық шеберлігіне тереңдеп үңілу, ол туралы ойларын ортаға салу, халық ауыз әдебиетіндегі, классиктер туындыларындағы сөз шеберлігі мен шешендік өнерді, нақыл сөздерді, мақал мен мәтелдерді жан-жақты талдау, өзгелерге өнеге ету, туысқан немесе шет жұрттағы халықтардың нәрлі сөз оралымдарын қазақша сөйлету – осының бәрі Мұзағамыздың ұзақ жылдардағы тынымсыз тер төге білгенінің куәсі болып табылады.

Жүргізуші (1): М.Әлімбай естелік, эсселері арқылы өз оқырманымен бірге ұлы Мұхтар Әуезовпен бірге Жетісу аймағын аралайды, әйгілі Сәбит Мұқановпен Солтүстік Қазақстанда болады, Мәскеуге сапар шегеді. Соның барлығында да көп жағдайда халық жазушыларының күнделікті өмірлерінен хабардар болып, өз бойына дарытарлық талай әрекеттеріне сүйсініп отырады. Мұзатаң естелігі арқылы халқымыздың еркесі Бауыржан Момышұлының, дарынды ақын Қасым Аманжоловтың, алыптар тобындағы Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафиннің даналықтарымен қоса, адамгершілік қасиеттерінің тағы бір қырларымен танысамыз. Жұбан Молдағалиев пен Әзілхан Нұршайықов хақында сөз қозғаған сәттерде де Мұзағаң әр қаламгердің шығармашылық та, адами даралықтарын айқын саралап отырады. Ақын ағамыз құрбылары мен өкшелестері жайлы да жүрек жылуымен жазады. Ізтай Мәмбетов, Ғафу Қайырбеков, Тұманбай Молдағалиев туралы ойлары да ақиқаттың ауылынан табылып отырады. Мұнда да Ізтай мен Тұманбайдың нәзік лириктігі, Ғафудың суырып салмалығы сияқты дәл де айқын пікір қозғалады. Сахна саңлақтары Қалибек, Шәкен, ән мен сөздің еркесі Естай, Иса, тағы басқа көптеген естеліктерінде, мақалалары мен эсселерінде қаншама құнды деректер, мәліметтер, ойлы пікірлер бар.

“Арманым” әні орындалады. Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Өлеңі: М.Әлімбаевтікі.

Ақын:

Саған шексіз сый-құрметін көрсетіп,



Мені халқым аттандырды елші етіп

Ал елшілер келеді ғой Тіріге

Тауыспаған өмір жолын өлшетіп.

Ұлылардың алды деген оңай ма?!

Кішілерді санатына санай ма?

Келгендеймін кемел Пушкин тауына

Өз атымнан емес, өзге орайда.

Оған әсте шамданар да ойым жоқ,

Келгендеймін атқосшы боп Абайға.

Теңін айтсам, Тебіреніп Пушкин де

Маған мойнын бұратындай қалайда («Пушкинге»).

Жүргізуші (2): Мұзафар Әлімбай 85 шақты ақынның туындысын қазақ тіліне аударған екен. Олардың ішінде Пушкин, Петефи, Лермонтов, Сағди, Фирдоуси, Райнис, Руставели, Тоқтоғұл, Зелили, Маяковский, Мицкевич, Орбелиани тағы басқалар бар. Егер әр халықта бір-бір классик ақын десек, сөйтіп мақал-мәтелдерін аударып жүрген жетпіс жұртты қоссақ, онда қазақ оқырмандарына таныстырған ақындар саны 150-ге жетеді екен. Аударманы әрі өнер, әрі ғылым санайтын қаламгердің «666 нақылдан» бастап «Маржан сөзге» дейінгі аудармалық еңбектер шоғырының өзі – бөлек тараулы әңгіме.

Жүргізуші (1): Ақындығына зерттеушілігі, бұған аудармашылығы эссе, очерк жазушылығы, балалар жанын зерек түсінушілігі, парасаттылығы ұштасып тоғысқан тарлан талантқа мерейтой үстінде одан әрі құлашын кеңге жазып, ойдың кенін қазып, сөз миуасын теріп, елі-жұртын поэзияның кәусар бұлағымен сусындата берсін демекпіз.

“Ақсұңқарым” әні орындалады. Әні: Ш.Қалдаяқовтікі,

Өлеңі: М.Әлімбаевтікі

Жүргізуші (2): Тұлымшақты қыз күнінен білетін Шапау Сүлейменқызымен жарты ғасыр отасқан аяулы жар Мұзафар – өнегелі әке тәрбиесін ұлдары Арнұр, Жаннұр, Баламерге, ақылман ата тағылымын немерелері Ая, Әсел, Бақтияр, Әсет, Жәнібек, Балнұрға сіңіріп, көпке шашқан шапағатты сәулесінің шалқыған нұрына өз шаңырағы мен енші бөлген отауларын бөлеп келеді.

Ақын:

О, тоба, қайттым астам райымнан,

Тілеймін мейір-шабхат құдайымнан...

Деуші еді ақсақалдар (рас екен),

Ақындар арылмайды уайымнан»

Біреудің шаттығынан мұңым қымбат,

Жатса да жүрегімнің түбін тырнап,

Менің мұңым туады Ел қамынан

Көремін бірінен де бірін қымбат («Ақындар арылмайды уайымнан»).

Жүргізуші: Бұл жүрегіндегі жылы сезімдері көңілдегі ойларға ұласып, тілінен тәтті сөздер болып төгілген ақынның ойшыл, уайымшыл табиғатын растайтын бір ғана шумақ.

Жүргізуші (1): Мұзафар Әлімбайдың қазіргі қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз. Сондықтан оның діңі ғұмырда үзілмейтін, Ғали ағамыздың:

«Қабаққа біткен қарағай

Қарасам, көкке тірелген .

Қалай тұр десем құламай,

Тамырын терең жіберген», - дегені секілді биік шығармашылық тұлға.

Жүргізуші (2): Өйткені, Мұзафар Әлімбай – тұйыққа тірер таяз ойдың емес, тұңғиыққа жетелер терең ойдың, нақыштап айта білгенін айшықтап жаза алатын кемел ойдың кемеңгері!

Жүргізуші (1): Мұзафар Әлімбай – айлар өткен сайын ойлары көктей түсетін, жылдар озған сайын жырлары тозбайтын тарландар тобынан!

Ақын:


Жұлдыздай ел аспанға көптеп ілген,

Ағалар, қайдасыңдар көп көрінген,

Сан жылдар қия шетке ұзап кетіп,

Оралдым ортаңызға дос көңілмен.

Кешегі қарай қалсам бұла күнге,

Табайын кінә тағып, шүбә кімге,

Сексенге жылдам кіріп барасыңдар,

Мұзата! Тым асығыс, бұларың не!?

Мұзата! Кетермісің айға да ұшып,

Барасың жылдан жылға қайрат қысып.

Қасына шақырғандай “Ақмаңдайлың”,

Бір бәйгең тағы да тұр сайда пісіп.

Балқаштай сарқылмайтын ілесі бар,

Жігітсің көш-керуен үлесі бар,

Батырсың аш бөрілер ауыз салмас,

Ақынсың уәлі сөз киесі бар (Кәкімбек Салықов).

М.Әлімбаевтың студенттермен «М.Әлімбаев – тәлімгер ақын» тақырыбына өткізілген педагогикалық іскерлік ойынның қысқаша мазмұны төмендегідей:

Мақсаты:



  • М.Әлімбаевтың шығармалары арқылы болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге баулу;

  • М.Әлімбаевтың еңбектерін зерттеу арқылы танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бірінші бөлім: Ақынның педагогикалық ой-пікірлері жөнінде жазылған баяндамаларын талқылау. Баяндама тақырыптары:

1. Мұзафар Әлімбаев – этнопедагогика ғылымының жаршысы;

2. Мұзафар Әлімбаевтың нақыл сөздерінің халық мақал-мәтелдерімен үндестігі;

3. Мұзафар Әлімбаев – заманымыздың ұлы ақыны.

Екінші бөлім: Пікірталас.

Мұзафар Әлімбаевтың «Абайдың аңсаған қандай азамат?» («Халық – ғажап тәлімгер» кітабының V тарауы бойынша).

Қысқаша мазмұны (Мұзафар Әлімбаев сөзі):

«Әр заманды жасаушылар өз тұсындағы адамдардан гөрі мұраттары асыл, имандылығы биік, ақылды, көпке үлгі-өнеге болар, жаны пәк, ажар-көркі көз суарардай әрліні өткен замандардан іздеген. Бәлкім, сол мұрат тұтқан тұлғаларды өз елінде: замандастар арасынан тапқандар да болуы ықтимал. Ал, өздері жұпыны жай пенде емес, замандастарынан ақыл-парасатымен озған, болашаққа қол созған, өзгелерді соңынан еліктіре ерткен әйгілі адамдардың армандаған азаматтарының асыл бейнесі қандай болды екен? Шіркін-ай сонны білер ме екен?».

Мәселен, өзі жаратқаннан ұлылыұты сыйға алған Абай атамыз өз тұсында қазақ қауымының қандай азаматты аңсап, көргісі келді екен? Осынау ой жетегінде көп толғандым. Сөйтіп, Абай қиялындағы асыл тұлғаның нобайын жалпылама түрде болса да жорамалдауға тырыстым. Солай ойладым да ұлы ақынның әр өлеңінен асыл азаматтықтың қырларын, сипаттарын теруге кірістім. Абай абзал қасиеттерді іздегенде жексұрын сапалардан – өзі көрген жаман мінез-құлықтардан жиіреніп отырды.

Студенттерге қойылған сұрақтар:



  1. Абай аңсаған азамат қандай болу керек?

  2. Қазіргі ХХІ ғасыр азаматының келбеті.

  3. Кісілік қасиетерді атаңыздар.

  4. Адамгершілік, адалдық, қайырымдылық, азаматтық туралы М.Әлібаевтің нақыл сөздері («Нақылнама» еңбегі негізінде).

  5. Замандас келбеті.

  6. Жақсы мінез – жанға дос.

Абай аңсаған азамат қасиеттерін студенттер М.Әлімбаев еңбектерінен келтіреді:

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы өткен өмірдің бәрі де тұл.

«Абай түгендеуінде ер азамат сапасына адалдық, арлылық, ақ пейілділік жатады. Ар сатқаннан аулақ бол, еңбегіңді сату – бұл жасымды үрдіс» - дейді М.Әлімбаев.

«Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай).

Ақын осы асыл сөздерді жас ұрпақтың санасына сіңіріп отыру қажет дей отырып, жігіттің өзі ынта-жынтасымен құлшынбай, ісі өнбейді, шаруасы тынбайды. Еңбегіңнің жемісін тер, игілігін еліңе де сыйла, тарту ет. Онан кейін терең ойлылық, яғни нені қолға алсаң да бабына бар, сол істің егжей-тегжейін, құбылыстың философиялық мән-мағынасын зертте деп жастарға ұғындыра айтады.

Әрі қарай студенттер Мұзафар Әлімбаев еңбегіндегі Абай тағылымдарының ішіндегі тағы бір құнды пікір – ол азаматтық қасиет деп алады. Қалың халық аузына іліккен азамат атану үшін салмақты еңбек сіңіру керек:

Орынды іске жүріп, ой таппаған,

Не болмаса жұмыс ғып, мал бақпаған.

Қасиетті болмайды ондай жігіт,

Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.

М.Әлімбаев «Жігіттердің ұстамдысы көпке көрініп қалайыншы деп көрінген жерде алға өңмеңдеп, ойқастамайды, биязылық пен жұмсақ мінез танытады, сырын ішіне сақтайды. Ал, кейбіреулер ар-ұятқа қарамай, өресі жетпейтін биікке қолын созып, әуре-сарсаңға түседі, сөйтіп, күлкіге ұшырайды. Ал, біреулері жұртқа ұнайтын, көпшілікке керек іске кіріседі, ойлап істейді. Еңбектен мал табады, керісінше әрекеттенгендер қасиеттен құр алақан қалады, мұның аты жөнсіз-жосықсыз бұлғақтау, босқа өткізу».

Үшінші бөлім. Келіңдер жастар ойланайық. Ойды аяқтау:



  • Егер мен ақын болсам....

  • Абай аңсаған азамат болсам....

  • Азаматтың бір қасиеті мінез деген....

  • Мұсылмандық әдепке жататын қасиеттер – олар ....

  • Абайдың «Толық адам» ұғымы – ол ....

Қорытынды: «Абай өмірді терең шолып, қиялға ой жіберіп, «алыстан сермеп, жүрекпен тербеп» қиялдың қиырын шарлай білген кемеңгер. Абай халықтың еңсесін басып, адамгершілікке зиянды кесапат болған кертартпа мінез-құлыққа, шірік әдет, ескі салт-санаға барынша қарсы тұрды. Абай адамгершілік нормасына сай етпекші болды» - дейді Мұзафар Әлімбаев. Ал Абай болса, «Адам баласы жылап туады, кейін өледі. Екі дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен көрсетіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды». Сөйтіп, ол тірлік өмірді тиісті дәрежесінде өткізуді қажет деп біледі».

Нақыл сөз құралдары, қанатты сөздердің түп төркіні, тілдің дамуымен тікелей байланысты. Абай «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» деп талап арқылы талай сөздердің мәнін тануды көрсетеді.

Ағаштың тамырынан су алып, көгеретіндей өнер де өнерпаздан бастау алады. Бұл дәстүр қазақ зиялысының зейінінен тыс қалмай, әр заманында тереңдей түсті. Абай данаға халық ұстазы болғанда, Мұзафар ақынға Абай ұстаз болды.

Абайдың Абай болуына ең алдымен «Отбасы мектебі» басты себепті болғанын айтса, Мұзафар ақын да анасы Зейнептің зеректігі мен ақындығы, әжесінің көрегендігі, Уфада білім алған әжесі Айтмағамбеттің сауаты, ұстаз ағасы Ахметжанның шаңыраққа қонақ болып сөз саптаған қазақтың өнегеледі болашақ ақынға үлкен әср еткен. Мұзафар ақын халық аузынан, сөз маржандарын теріп алып, өзінің жүрегінде сақтай білген. Бұл жөнінде профессор М.Серғалиев былай деген екен: «М.Әлімбаев зерттеушілігініңде әр алуан болып келетіндігін айтуға тура келеді. Өзіне дейінгі, өзі қатарлы және өзінен кейінгі қаламгерлердің шығармашылық шеберлігіне тереңдеп үңілу, ол туралы ойларын ортаға салу, халық ауыз әдебиетіндегі, классиктер туындыларындағы сөз шеберлігі мен шешендік өнерді, нақыл сөздерді, мақал мен мәтелді жан-жақты талдау, өзгелер өнеге ету, туысқан немесе жат жұрттағы халықтардың нәрлі сөз оралымдарын қазақша сөйлету – осының бәрі Мұзағаңның ұзақ жылдардағы тынымсыз тер төге білгенінің куәсі».

Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларындағы этнопедагогика ғылымына қатысты ой-пікірлері жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісіне енгізу мәселелерді жеткіліксіз деп есептейміз.

Халықтың ұлттық санасының оянып, рухани дамуының жандануы соңғы кездері жан-жақты сипат алып келеді. Осы істің басы-қасында жанашыры болып жүрген қазақ поэзияның абызы Мұзафар Әлімбаев. Өмірде адамдармен қарым-қатынаста, тұрмыс-салтта ұлттық қалыптасудың көптеген белгілерін көрсете білген ақын, ұлттың болашағын ойлап, жастарды халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі өнегесін мысқалдап жинап, соның негізінде тәрбиелеу қажеттілігіне өз еңбектерінде баса назар аударғанына көзіміз жетті.

Халқымыздың әдет-ғұрыптары, рәсімдері, салт-дәстүрлері, таным түсінігі, салт-санасы, ырымдары тағы басқалары толық жиналып болған жоқ. Сондықтан осы аталып отырған терең де құнды ұлттық мәдениетті жинақтап зерттеу қазақ зиялыларының, ғалым-педагогтардың үлесінде болады деп ойлаймыз.

Бүгінгі таңда студенттердің білім алу міндеттерін жетілдіруге сай оқытушылардан олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етіледі. Ол үшін өзіндік жұмыс студенттердің тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқу үрдісінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Студенттердің әр түрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.

Аудиториялық сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - студенттердің дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы. Сондықтан студенттердің аудиториялық сабақтағы танымдык әрекетін дамыту, толықтыру және олардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына аудиториядан тыс жұмыстар: конференция сабақтары, өндірістік пен оқу іс-тәжірибелері, үйдегі өзіндік жұмыстарын жатқызуға болады.

Жоғары оқу орындарында аудиториядан тыс жұмыстардың дәстүрлі түрі – реферат жазу. Сондықтан М.Әлімбаевтың ұлттық тәлім-тәрбие аясындағы еңбектері негізінде рефераттар, эссе жазуды ұйымдастыру педагогикалық пәндердегі теориялық тақырыптарды студенттердің игеруіне оң ықпалын тигізеді деп ойлаймыз:



  1. Қазақ қызының тәрбиесі «М.Әлімбаевтың «Қыз бала. Жар», «Қыз – болашақ…» атты мақалалары негізінде).

  2. М.Әлімбаевтың ауыз әдебиеті үлгісінде жазылған еңбектерінің тәрбиелік мәні.

  3. М.Әлімбаевтың нақыл сөздеріндегі тәрбие мәселесі.

  4. М.Әлімбаевтың ертегі-аңыздарының тәрбиелік мәні.

  5. М.Әлімбаевтың жұмбақтарының тәрбиелік мәні.

  6. Ақын Мұзафар Әлімбаевтың еңбектеріндегі Абайдың тәлімдік ой-пікірлері.

  7. М.Әлімбаевтың қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты ой-пікірлері.

  8. М.Әлімбаев шығармаларындағы имандылық тәрбие.

  9. М.Әлімбаевтың нақыл сөздеріндегі отбасы тәрбиесі.

  10. М.Әлімбаев - қазақ халқының педагогикасының тағылымдарын зерттеуші.

  11. М.Әлімбаевтың балаларға арналған ертегілерінің тәрбиелік мәні.

  12. М.Әлімбаев жинақтаған қазақтың мақал-мәтелдерінің тәрбиелік маңызы.

  13. М.Әлімбаев шығармаларындағы еңбек тәрбиесі.

  14. Қазақ этнопедагогикасындағы эстетикалық тәрбие (М.Әлімбаев шығармалары негізінде).

  15. М.Әлімбаевтың шығармаларындағы ұлтжандылық тәрбиесі.

Көрсетілген рефераттарды талдау арқылы болашақ педагогтар М.Әлімбаевтың қазақтың халық педагогикасындағы тәрбиенің басты принципі адамгершілік, имандылық, қайырымдылық туралы ой-пікірлерін өз кәсіби дайындығында пайдалануды ұсынады. Ақын адамдардың бір-біріне қол ұшын беруі, инабаттылығы, қайырымдылығы, бауырмал болуы ежелден-ақ сарапталып келген қағида деп санайды. «Үлкенді кішінің, әке баланың, ағасын інісінің сыйлауы, ата-ананы қадір тұту халық педагогикасындағы тәрбиенің ең басты принциптері болып табылады» - дейді.

Жарқын мысалдарды тауып, танып, ол турасында ой тербеудің өзі үздік шеберлікті, зерделілікті қажет етеді. Қорыта келгенде, ақындығына зерттеушілігі, бұған аудармашылығы, парасаттылығы ұштасып тоғысқан талант иесі М.Әлімбаев сөз миуасын теріп, ел-жұртын тәлім-тәрбиелі еңбектерімен сусындатқан ақын.




Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет