Тулепбергенова ардак усенгазиевна


Кесте 1 - Мұзафар Әлімбаевтың педагогикалық еңбектері



бет2/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,39 Mb.
#6789
1   2   3   4   5   6

Кесте 1 - Мұзафар Әлімбаевтың педагогикалық еңбектері




Мұзафар Әлімбаевтың педагогикалық еңбектері

Олардың мазмұндық ерекшеліктері

Педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдары

1.

«Халық – ғажап тәлімгер».

Қазақ халқының мақал-мәтелдері мен қара өлеңдеріндегі халықтық қағидалар мен Абай поэзиясындағы азаматтық, ағартушылық тағылымдар зерделенген. «Ақылың болса, ақылға ер, ақылың болмаса, нақылға ер» деп қазақ халқының ата-анаға сөз тастауынан да көп нәрсені аңғаруға болады. Осы ойды ақын былай жеткізеді: «Баулысаң ғана батыр, баулымасаң пақыр».

Педагогика курсының кез-келген тәрбие тақырыптарын өткенде пайдалануға болады: «Адамды туа білмейсің, бірге тұра білесің», «Адамға өткен дәуір бәрі - сабақ», «Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары», «Ұлы сөзден - ұлағат», «Адам өз арымен арбаспас болар», «Адам досынан гөрі қасын терең таниды», «Адамдар тілінен бұрын, ділімен ұғысады», «Ақылға мақұл табылса, игі», «Адалдық өзі - әділдік».

2.

«Нақылдар».

70-ке жуық халықтың қырағы көзінен, сезімтал жүрегінен, кемеңгер ойынан туған таңдаулы мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері және М.Қашқаридің «Диуанына» енген мақал-мәтелдердің және ірі ойшылдардың қалдырған нақыл сөздері орын алған.

Тәрбие теориясы курсынан студенттерді ерлік, елдік, батырлық тұрғысынан тәрбелеу мақсатында пайдалануға болады: «Ерлік – елдің өмірі», «Ерлер – елдің айнасы, Ерлікке еліктегеннің ерсілігі жоқ», «Батыр жеңісімен қымбат, жеңіс жемісімен қымбат», «Ердің даңқы өзінен озық жүреді».

3.

«Мақал – сөздің мәйегі».

Мақалдың өзінің ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ол даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. Осы орайда автор халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегімен тәжірибесіне байланысты мақалдарды бөліп көрсете білген.

Педагогика курсының кез-келген тәрбие тақырыптарын өткенде пайдалануға болады: «Мақал – сөздің мұнарасы», «Мақал-мәтел - маржан сөз, қоса көрме арзан сөз», «Мақал мен мәтел – көсемділіктің де, шешенділіктің де белгісі», «Керекті сөз қиында, кебекші сөз шиырда», «Халықтың дәстүр – балаңа тапсыр».

4.

«Туған ел тұлғалы азамат».

Туған ел туралы, оған деген сағыныштан басталған өлең жолдары қазақ халқының әрбір тумасына ыстық екендігін көрсетеді.

Есімі де елмен қатар аталар

Асқаралы Алатаудай ата бар.

Озбырлар да таңа алмайды өсекке,

Баршаға бақ үлестірген аға бар – деген өлең жолдарымен әрбір азаматтың бойындағы тұлғалық қасиеттерін барынша ашып жырлаған.


Тәрбие теориясы курсынан патриоттық тәрбие тақырыбын өткенде бұл еңбектегі өлеңдерді пайдалануға болады. Мысалы: «Сөйлейді қазақ туысың», «Салтанат туы», «Ер елімен бақытты», «Дос жыр оқығанда», «Атар таңға ақ тілек», «Аталар мен ағалар», «Ақын опат болғанда», «Жер», «Теңізбен сырласу», «Бозторғай әні», «Кейуана көңіл лебізі», «Қайран аға Мұқатай».

5.

«Маржан сөз».

Халықтық кең өрісті, келісті көрініс табуы мақалдары мен мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, халықтың даналығында. «Мақал-мәтел – үлкен тәрбие құралы» деп түсінген ақын сөзге сарабдал, пікірге бай, ой айтуға құштар екендігін осы еңбегінен аңғаруға әбден болады.

Педагогика курсының кез-келген тәрбие тақырыптарын өткенде пайдалануға болады:

«Сөз деген орнын тапса, бағасы бар, Сөздің де сөз арқылы бағы ашылар», «Сөз ауыздың да дәмін келтірер», «Сөздің санағын бар қазақ біледі», «Сөзден асқан қайыру бермес асау жоқ», «Сөзде – тұқым, өнсе – құтым, өлсе - жұтым».



6.

«Мұсылмандық мұраты».

Дін дүние – діңгегі деп басталатын бұл еңбекте әрбір пенде аллаға құлшылық жасауды парыз деп білу керектігі, қасиетті дінді құрметтеу, пенделік парызды өтеп, әрбір жасалған жақсылықтың сауабы тиетіндігін, өзіне жақсылық боп оралатындығын баса айтқан.

Тәрбие теориясы курсынан имандылық, адамгершілік тақырыптарын өткенде студенттердің бойын сол асыл қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалануға болады: «Діннің діңгегі берік», «Дін дүние діңгегі, Сүйенішің күндегі. Бір Алладай пана боп, Есіркейді кім мені?», «Ділім біреу болған соң, дінім біреу», «Дінінен айрылу - дүлейлік», «Дініңді бұзғызба, тіліңді бұзғызба».

7.

«Отандасқа хат».

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген халықтық нақылға негізделген бұл еңбекте елінен алыс жүрген қазақтың әрбір азаматына: «Елге қайт, бауырым, елге қайт! Бейіштен бетер жерге қайт» деп өз еліңнен артық жердің жоқ екендігін көрсеткен.

Тәрбие теориясы курсынан студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында бұл еңбектегі өлеңдерден үзінділер келтіруге болады. Мысалы: «Ер өлмейді», «Хаттарым қайда, хаттарым?», «Жер мен ердің жарасы».

8.

«Туған жер».

Жасымнан аялады жаз құшағың, Табамын күзіңнен де жаздың сәнін, Сейілдеп жаяу өтсем жалпақ қырдан, Ашады көкірегімді боз жусаның – деп туған елді қадірлеп, қастерлеп жырға қосады ақын.

Педагогика курсының кез-келген тәрбие тақырыптарын өткенде пайдалануға болады: «Туған топырақта тұлпар тасырқамас болар», «Туған жерін ардақтай алмаған ақын, Тұлғалы елін мадақтай алмайды», «Туған жердің тоңы жоқ».

9.

«Біздің Қазақстан».

Алтай, Жайық арасы –Жарты әлемдей даласы, Ол – біздің Қазақстан, Ол – біздің Қазақстан – деген өлең жолдарымен өрілген бұл еңбекте Қазақстан Отанымызды барынша мәнерлеп сипаттаған.

Тәрбие теориясы курсынан патриоттық тәрбие тақырыбын өткенде бұл өлеңдерді пайдалануға болады: Анамыздай тілеуі ақ, Отан біздің біреу ақ, Ол – біздің Қазақстан.

10.

«Әл-Фарабиге арыз».

Ақын бұл өлеңде көрнекті ғұлама Әзиз ата Әл-Фарабиді жыр етеді. Өйткені Әл-Фарабидің «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері» еңбегінде ақын еңбектерінің негізгі тақырыбы болған нақыл сөздердің педагогикалық маңызын баяндайды. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат». Ол қоршаған дүниені, адамның тану негізінде ақылды қойды: «Ақылды адам ғана жаңа білімдерді меңгереді».

Педагогика курсындағы «Ақыл-ой тәрбиесі» тақырыбын өткенде «М.Әлімбаевтың тәрбиені білімнің алдында қоюы - Әл- Фарабидің адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ойымен үндесіп жатыр. Пікірталас өткізу: «Неге тәрбиені білімнің алдына қойған?»

«Парасат» журналы ақыннан сұхбат алып: «Естуімізше, ата-анаңыз тым ерте кеткен тәрізді» - дегенде: «Әкеден сегіз, шешеден он төрт жасымда қалдым. Осы жерде ақылға сыймайтын бір сөз айтайын. Кезінде С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы анкета таратып, біраз қаламгерге «Сіз қалай ақын болдыңыз?» деген ортақ сауал қойыпты. Кеңестік заман ғой. Әлбетте, сұрақ орысша… Орысша сауалға орысша жауап жарасар. Орысша «Отвечая парадоксально. Благодаря сиротства я стал поэтом» деп жауап бердім. Өйткені жетім баламын, жүз сөзден үш сөздің тамырын ұстап, таңдап сөйлеп өстім. Ал, сөз баласына соншалықты сақтықпен қарау болашақ қаламгерге жол ашу іспеттес нәрсе. Осы күнге дейін де бейберекет сөйлеу, оқыстан сұрақ қою менде жоқ. Шығыстың бір халқында «Айтушы – егеді, тыңдаушы - орады» деген мәтел бар. Сондықтан жетім баланың аз сөйлеп, көп тыңдау мәжбүрлігі ақырында менің пайдама шықты» [14.2].

Ақынға Шығыстың жеті жұлдызын таныстырған өзінің ұстазы Бәстемидің Мағауиясы. Ол кісіден ақын Сағидидің, Фирдоусидің өлеңдерін түп нұсқасында оқыған. Ол өзін балалық шақтың ұмытылмас әсерлерінен шыққан қаламгер деп санаған. «Өмірімнің басы ащылау болса да, арты қайыр» - деген.

Мұзафар Әлімбаев өзінің дінге деген көзқарасын былай деп түйіндеген: «Мен Мағзұммын. Кеңестік идеология дәуірлеп тұрғанда да атеист болып, аузына келгенді оттаған жан емеспін. Керісінше, коммунист бола жүріп те ретін танып, ақиқатын жазып, қиюын қиыстырып кеткен кездерім бар» [15.12].

Ақын өзінің «Естай-Қорлан» атты поэмасының жыр жолдарында былай дейді:

Баянсыз бұл дүниеде жиған байлық,

Түбінде уа мұсылман, иман - байлық.

Құдайға құлшылық қыл тірлігіңде,

Жұмаққа жұмыр басың сыйғандай ғып.

Бұл өлеңі жағымсыз кейіпкердің аузына салғандықтан ақынның айтуы бойынша Цензурадан өтіп кетіпті. Ол кезде ел басқарған шенеуніктер тіпті қазақ халқы деп айтуға да бата алмайтын жағдайда болған. Ақын көптеген халықтардың мақал-мәтелдерін қазақшаға аударған. Бұл жөнінде бір журналистің сауалына ақын былай деп жауап беріпті: «Көп мәтел қазақтың төл мәтелі болып кірігіп кетті. Ауғанның бір мәтелін «Таздан тарақ сұрама» деп тәржімелеппін, «Цензор ұстап алып жібермей жатыр» деп редактор шырылдап жатыр. Цензорға барамын. Хұрекең заманы. Бұл мәтелдің несі бар?» деймін мен. «Бір кісіге тиіп кетпес пе екен»… деп күмілжіді әлгі. Бір кісі - Хрущев. Мен «Айналайын-ау, бұл мәтел ол кісі тумай тұрып шыққан мәтел ғой. Хрущев таз болмай тұрғанда да бұл сөз - сөз болған… деймін. Әйтеуір өйтіп-бүйтіп өткіздік. Сондай дәуір өткен, шырағым» [16.7]. Міне, ақын саяси көзқарастарға шектеу қойылатын кездің өзінде тайсалмай, өз ойын ашық айтуға ұмтылғанына тағы бір дәліл.

Философтардың пікірінше, бостандық белгілі бір заңдар мен нормалар ретінде ресми бекітілетін азаматтарға берілген құқықтар мен оларға жүктелген міндеттер жүйесінде нақты көрінісін табады. Адамзат өзінің бүкіл тарихы барысында бостандық үшін, оның шегі мен шеңберін кеңейту үшін күресіп, әлеуметтік өмір заңдылықтарын табуға тырысқан. Қоғам, яғни адамдар қауымы белгілі бір іс-әрекетті жасауға ерік берілген жағдайда тек қана мақсат-мүдделердің бірыңғай келуіне үміт арта алады. Сондықтан бостандықты шектейтін құбылыстың, яғни белгілі бір іс-әрекетті еріксіз түрде жасатудың немесе жасатпаудың қажетті нәрсе екендігін түсіндіру қажет.

М.Әлімбаев үлкендер поэзиясында да, балалар әдебиетінде де фольклор зерттеуде, ана тілінің тұнықтығын сақтап, қазына қорын байытуда, әркез ерен еңбеккерлік, қызу құлшыныс танытып, оқырманды сүйсіндіруде.

Қазақ балалар әдебиетінің нар тұлғалы ақындарының бірі – М.Әлімбаевтың балаларға арналған шығармаларының халық нақылдарымен үндестігі, оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру, балалар тақырыбына арналған шығармаларының тақырыбы, педагогикалық идеяларының ұлттық тәлім-тәрбиесі жан-жақты түбегейлі зерттелген жоқ. Ақын шығармаларындағы жас ұрпаққа берер өнегесі, ұлттық тәлім-тәрбиесі мол.

Мұзафар Әлімбаев өзінің ақындық жүріп өткен жолында еш уақытта балаларды назарынан тыс қалдырмаған. Ол «Жұмбақтар» (1954), «Биікке, биікке» (1955), «Менің ойыншықтарым» (1952-1961), «Алатаудың баурайында» (1960), «Орақ – олақ» (1962) деген кітаптарымен, «Балдәурен, шіркін, балалық» (1973) деген бір томдық таңдамалысымен жас оқырмандарына ертеден таныс. Оның балаларға арналған орыс тіліндегі өлеңдері Бүкіл одақтық «Пионер» журналы мен «Пионерская правда» газетінің беттерінде және коллективтік жинақтарда басылды.

М.Әлімбаев бөбектерге арналған республикалық «Балдырған» журналының редакторы болып қызмет атқарды. Мұнда ол мектеп жасына дейінгі бөбектерге және бастауыш класс оқушыларына арнап өлеңдер мен әңгімелер жазып тұрды.

Ақынның анаға, ұлы Отанға деген мейірбандылығы, берілгендігі, оны зор құрмет ететіні, солар алдында, қызмет ете беретіні бар шығармасының үлкен өзегі боп тартылған, биік мұнарасы боп қалана берген.

Әрине, балалар ақыны болу үшін жоғарыда айтып өткеніміздей, бүлдіршіннің жан дүниесін білу қажет. Біліп, ұғып қана қоймай, ол білгенін өлеңмен өрнектей де білу керектігі осы сәтте туындайды. Ақын өз ізденімпаздылығы мен еңбекқорлығын осы арада да танытады. М.Әлімбаевтың кішкентай оқырмандары оның кейіпкерлерінен өздерін таниды, себебі ақын кейіпкерлері «жанды», әр қырынан көрінеді. Ал, М.Әлімбаев өз кейіпкерлеріне «түсіністікпен қарап, олармен бірге қуанады да, ренжиді де». Кейде өзінің кішкене кейіпкерлерінің балалық қылықтарына сүйсінеді, зілсіз мысқылмен қағытып та қояды, әзілдеп те қояды, енді бірде пәк бала көңілін жағымсыз мінездерден сақтандырады, адамдық қасиеттерге шақырады. Алайда ақын бүлдіршіндерді жақсы қасиеттерге шақырса да, жағымсыз қылықтан сақтандырса да, ол мақсаттарын құрғақ уағыз негізінде емес, жанды бейнелер арқылы танытады, оқырмандарына ой салады, қорытынды жасатады, ойландырады.

Соңғы жылдарда халықтық педагогиканың қасиеттерін зерттеуде құнды еңбектер жазды.

М.Әлімбаев халыққа ненің қажет екенін жақсы білген, яғни бүгінгі таңда жұрт нені аңсап отыр, ертең қандай өсиет-өнегеге қызығады – оның бәрі оның шығармаларынан орын алып отырады. Отаршылдық заманының өзінде ақын сонау ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қайнар көзі – мақал-мәтелдерді батыл пайдаланып, өзі де нақыл сөздерді шұбыртып шығара бастады. Қазақы ортада өсіп, ақын өз халқының асыл қазынасы, этнотәрбиесінің ұлттық үлгісіне: батаға, ырымға, жоралғыларға, сәлем беруге, үлкенді сыйлауға, жақсылық жасауға, адалдыққа, қайырымдылыққа, елді, жерді сүюге, кішіпейілділікке тәрбиелейтін аңыз-әңгімелерге, ертегілерге, батырлар жырына, мақал-мәтелдерге ерекше мән беріп, оларды бала санасын қалыптастыруға тигізетін әсерін үнемі көрсетіп отырады. Ұлттық тәлім-тәрбие адам болып тәрбиелеудің ұлы мектебі екендігін ақынның көптеген шығармаларын оқығанда көзіңіз жетеді.

Мұзафар Әлімбаев жиырма бір халықтың мақал-мәтелдерін аударып, кітап етіп бастырған, өз жанынан төрт жүзге тарта мақал-мәтелдерді шығарған. Мысалы, «Бақыт кілті – еңбек пен ғылым, ғылым меңгеруде» деп ұққан ақын: «Біліктіге бұлдыр нәрсе жоқ», «Тәтті жеміс бұтақта, құятын құты - кітапта», «Үйге кітап кірмей, құт кірмейді», «Оқыған ғылымы көп, шоқыған білім жоқ», «Жолыңды жүріп сына», «Жақсы көпке ортақ», «Алып та халықтан үйренеді», «Халық үшін еңбек еттім дегенше, тарих үшін өрнек төктім десеңші», «Өзіңнің артық-кеміңді өзгеге, тең құрбыларына қарап ұқ» [17.104].

Халықтық мұраны жинай жүріп, әдеби тілді байытқан. Жиған-тергенін оқырманға да үйреткен, өзі де сол халықтан үйренген заманымыздың заңғар ақыны.

1.2 М.Әлімбаевтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік мәселелер
Мұзафар Әлімбаев халық қазынасын терең зерттеген, тың пікір айтушы ғалым – оған жазушының «Көңіл күнделігі», «Абайды қайталап оқығанда», «Нақылнама», «Толқыннан толқын туады» деген эсселерімен, ұлт мәдениетінің проблемалары аясында жазған мақалалары, 1994 жылы «Рауан» баспасынан шыққан «Халық – ғажап тәлімгер» атты педагогикалық шығармасы енеді.

Әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы, өзіне ғана жарасатын әдет-ғұрпы болатыны белгілі. Сол халықтың ұрпақтары ата-баба дәстүрінің тағылымдарын бойларына сіңіріп өссе ғана халыққа тек абырой әкеледі. Туған халқымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын жарық дүниеге келіп, шыр етіп көзін ашқан күннен бастап терең ұғынып, дұрыс түсініп, қабылдай алмаған адам өмір бойы рухани мүгедек болып қалады деп есептейміз.

Ақын өзінің «Халық – ғажап тәлімгер» деген халық педагогикасына толы еңбегінде былай дейді: «Біз – үлкен болайық, кіші болайық, бәрімізде талай-талай тәлімнің төліміз, тоқсан тарау арнамен тоғысқан татымды тәрбиенің жемісіміз… Оны айтасыз: баяғы заманда көз жұмған бабаларымыз, үлкендеріміз бен кіші әжелеріміз де мәңгі өшпес ізгі дәстүрдің өнегесімен бізді баулып жатыр, баули да береді. Әрі қарай тірлік етуші жан тәжірибе жияды, оны топтап, саралап, түйіндейді, оны қорытындылайды. Халық қазынасын орайы келсе, өзгелерге таратады, игілікке асырады. Ата-ана тәрбие мәселесінде өз тәрбиесін, түйгендерін ең берекелі, ең парасатты тәрбие - әрине халық түйгендерінің, ұстаған қағидасын талай уақытпен үндестігін тауып, өзгертіп жаңалап, жаңғыртып отырады» [18.28]. Әрине, қазіргі егемендікке қол жеткізіп отырған кезде ділімізді, дінімізді, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғыртып жастардың тәлім-тәрбиесінің кәдесіне жаратып жатырмыз.

Мұзафар Әлімбаев халқымыздың ғасырлар бойы аса ұқыптылықпен ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған ұлттық тәрбиені, яғни халық педагогикасын зерттеп, жинақтап жастар тәрбиесінде пайдаланудың жолдарын ұсынып отырады. Ең алдымен ақын халық педагогикасы ұғымына анықтама береді: «Халық педагогикасы дегеніміз – халықтың рухани мәдениетіне толқын-толқын ұрпақтардың көп болып қосқан шығармашылық үлесінің нәтижесі. Халық педагогикасы халықтың рухани мәдениетінің бірлігі, еңбекқор қалың көпшілік мүддесінің айқын белгісі. Халықтың мұң-мұқтажына, қажетіне сай бұл педагогика тәрбиесінің адамгершілік, ең демократиялық мұраттарын ұсынады».

Халық педагогикасы деген ұғымды ең алғашқы рет ғылымға енгізген – орыстың ұлы ағартушысы, педагогы, әрі жазушысы К.Д.Ушинский болды.

Халқымыз ана екіқабат бола бастағаннан оған көп көңіл бөліп, мәпелеп, аялай білген, ренжітпеген. Бұлай қатынас жасауы баланың денсаулығына игі әсерін тигізеді деп топшылаған. Бұл жөнінде жазушы, Бауыржан атаның келіні З.Ахметова былай деп жазыпты: «Қарағым, биік тауға қара – көңілің өседі, көңілің өссе немерең кең пейілді болады, бұлақтың көзін аш – бала қайырымды болады», - деген секілді ұлағатты тәлімін беріп, аналарымыз жас келіншектің таным-талғамын ұштап баулыған. Міне, бұл ұлттық тәрбиенің ұлағаты десек артық айтқандық болмас.

«Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді. Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті, балаларының ақыл-есі де тез жетіледі», - деп қазақтың тарихын зерттеуші орыс ғалымы В.В.Радлов айтқандай, ұрпақ бойына ізгі қасиеттерді қалыптастыруда ауыз әдебиетінің орны ұлан-ғайыр. Ғасырлар бойы ауыздан-ауызға таралып келе жатқан аңыз-әңгімелер, ертегілер, эпостық шығармалар, аз сөзбен ең көп мағына беретін мақал-мәтелдер бүгінгі ұрпақтың азығына айналуы тиіс.

Халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінің басқа халықтарымен салыстырғанда өзіндік қайталанбас ерекше қасиеті бар деп түсінеді. Сондықтан М.Әлімбаев ауыз әдебиетінің үлгілері – айтыс, терме, тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер басқа шығыс халықтарында кездеспейді, тек біздің халқымызға тән деп есептейді. Тегінде ата-баба мақсаты – жас ұрпақ бойындағы игілікті құлшыныстар мен сезімдерді ояту, жандандыру, адамның ар-ожданына, абыройына, ерік-жігеріне, парасатына ықпал ету.



Енді ақынның бірнеше өзі өрнектеген нақыл сөздерін келтірейік:

  1. Жат патшалықтың тағынан, туған жердің қағы артық.

  2. Отансыз қалғанша, атаңсыз қал.

  3. Отаның кең болсын.

  4. Оңбас ер өз еліне сыя алмаған, тентіреп өзге елдерде мияулаған.

  5. Тегін білген – елін де біледі.

  6. Тегіне тартпаған жетесіз.

  7. Мақал – сөздің мұнарасы.

  8. Білімге өміріңді байла.

  9. Өнегесіз өсу жоқ, ұстауға қояр талап жоқ.

  10. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

  11. Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады.

  12. Білік бесіктен басталады.

  13. Балаңды кешіргенің ақылын өсіргенің.

  14. Әр мүшелдің өз мінезі, өз өлшемі бар.

  15. Баланы баулитын аналық мейірім мен аталық айбар.

  16. Түзу болса өз ісің, қисықтардың тезісің.

  17. Ағалардың мұрасын інілері сыйласын.

  18. Алдында үйренері бардың, артында үйретері бар.

  19. Маскүнемнің үсті бүтін болғанымен, арты жыртың.

  20. Арақ пен ар ауылдаспайды.

  21. Арлы азамат болам десең, талаптан талпын.

  22. Талант таланбайды, білім бүлінбейді.

  23. Ізденуді қойған бас, өмір жайлы ойланбас.

  24. Талантқа сәт те керек, бапта керек.

  25. Бақытты іздегеннің өзі бақыт.

  26. Бірліктен безгеннің елдігіне сенбе.

Еңбектен безгеннің ерлігіне сенбе.

  1. Бақыт кілті – еңбек пен білім.

  2. Біліктіге бұлдыр нәрсе жоқ.

  3. Тәтті жеміс бұтаққа, құятын құты – кітапта.

  4. Оқыған ғылымы көп, тоқыған білімі жоқ.

  5. Адал, еңбексүйгеш, парасатты азамат болам десең, өзіңе сын көзімен қара.

  6. Өзіңді-өзің тергей білсең егерде, өз сыртыңнан әділ сот жоқ – бөгелме.

  7. Жолыңды жүріп сына.

  8. Өзіңнің артық кеміңді өзгеге, тең құрбыларыңа қарап ұқ.

  9. Алып та халықтан үйренеді.

  10. Халқын пір тұтқанды, халқы ұл тұтады.

  11. Ұлылардың руы жоқ, ұлты бар.

  12. Халық үшін еңбек еттім дегенше, тарих үшін өрнек тіктім десеңші.

  13. Жақсы көрпе ортақ.

  14. Халық үшін еңбек ететін ұлдың арманы жоқ.

  15. Халқың қандай? - десең, салтымнан сынап біл,

Өзің қандай? - десең, халқымнан сұрап біл.

  1. Қуатты қол – құрым, даналық ой - ырыс.

  2. Талаптылардың бәрі тәлімгер.

  3. Ұлылардың бәрі де ұстаздарынан озып шыққандар.

  4. Ұстазым өзіңді ойлап батыл көсіл, өзіңе ұстаз болар шәкірт өсір.

  5. Адамды арман өрге сүйрейді.

  6. Жігітке жараспайды қарап жату.

  7. Батырды «батыр» дейді күшін көрген, ұстаны «ұста» дейді ісін көрген.

  8. Батырдың атын жау шығарады, бидің атын дау шығарады.

  9. Ер елдің ық жағының қаласы, жел жағының панасы.

  10. Ұлы сөзден ұлағат.

  11. Оңбайды Отанына ұнамаған.

  12. Жақсының ескерткіші – жақсылығы.

  13. Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.

  14. Жалған даңқ – ащы алма.

Тәтті екен деп, бас салма.

  1. Бұлбұлды көрем десең, бауына бар,

Бұлақтан ішем десең, тауына бар.

  1. Бедерсіз сөзде бедел жоқ.

  2. Адам досынан гөрі қасын жақсы біледі.

  3. Орнын тапқан шеге оңды.

  4. Шыны ірімейді, шындық шірімейді.

  5. Біліктілік бесіктен басталар.

  6. Өзіне сенген - ожет.

  7. Алманың дәмі де тәтті, дәні де тәтті.

  8. Алыстағы арыстанның ақырғанынан, жақындағы есектің бақырғаны батады.

  9. Асқар шын еңкейсе де аласармайды.

  10. Құлын өспей, құлагер атанбас.

  11. Өтіріктің бүтінінен шындықтың сынығы да артық.

  12. Өтіріктің арбасы шындықтың көпірінен өте алмайды.

  13. Игілікке үйреткен опық жемейді.

  14. Кемеңгердің көлеңкесі де ыстық.

  15. Өрнек өнерліге ғана жарасады.

  16. Еңбегіне сенгеннің еңсесі биік.

  17. Ана тіліміз анамыздай жалғыз-ақ.

  18. Жеті атасын білмеген-жетесіздік.

  19. Жеріңе табын, еліңді сағын.

  20. Жиғаны көп, иманы жоқ.

  21. Жақсы дәстүр жалғастығымен жасайды.

  22. Имансыздан ілтипат күтпе.

  23. Құдай пендесін күнде сынайды.

  24. Мақал-мәтел - маржан сөз, қоса көрме арзан сөз.

  25. Отаның көркеймей, ошағың маздамайды.

  26. Өткеннің ізін зертте, бүгіннің өзін зертте.

  27. Өткенді білгеннің өркені өсер.

  28. Халықтық дәстүр – балаңа тапсыр.

  29. Күнәдан пәк болу да өз қолыңда, пәлегеге тап болу да өз қолыңда.

  30. Имандылық – екі дүниеде жолдасың.

  31. Ұлтын білгің келсе, ғұрпын біл.

  32. Жақсылықтың жолы жәннатпен жалғас.

  33. Еліне сенбегеннің еңбегі жанбас.

  34. Ғылым шырағың көтергенге қолың күймес.

  35. Шолақ сай тез тасиды.

  36. Қайғысыз қара суға семіреді.

  37. Керекті сөз қиында, кебекші сөз шиырда.

  38. Ешбір құлын бір күнде, айналмайды дүлдүлге.

100.«Бұлбұлға дәріс берем» - деп, қарға жүр күнде елеңдеп.

101.Бөлісе білу де – береке.

102.Көппен көрген - ұлы той.

103.Құрбылардан озғаның күнге қолың созғаның.

104.Қимайтын елі бар, қияға қаңғырмас.

105.Отанның орны жүректе.

106.Өмірде әділ бол, ашуда сабыр бол.

107.Өзің болу - өзіңнен.

108.Тазға тәж де жараспайды.

109.Тәкаббар – таудан биік, судан сұйық.

110.Ұстаға бақ – шәкірттердің жемісі.

111.Ұстаз – жомарт

Бар балаға тәлім берген

Батыр – жомарт

Халық үшін жанын берген.

112.Ұстаз сөзі – ұста сөзі.

113.Шала білген айта алмайды кесіп тік.

114.Шындықтың барлаушысы – пікірталас.

115.Ізі бардың өзі бар.

116.Ізгілікке ұмтылыстық ұтылыс болар кезі жоқ.

117.Тақтағы хандай әркім өз елінде.

118.Туған жердің шаңы да ыстық.

119.Жығылғанға – жұдырық.

120.Дәлдүл менен даланың

Терезесін қара жер теңейді

121.Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу - парыз

Қасиетін ұғу - парыз

Күзетінде – тұру парыз

122.Үзіле сүйген өзінді сүйікті етеді,

Еліңді сүю еңсеңді биіктетеді.

123.Ерліктің бір нышаны – естілік.

124.Шерудің алдында жүрген шаршамайды.

125.Аямаған жолдасын, аямайды өз басын.

126.Сүйген жүрек сөз табады сүйсінер.

127.Күн болсаң да күншілдер не демейді?

Көк есекті Тайбурыл күндемейді.

128.Ел намысын қуғанның еңсесі биік.

129.Сөзі жоқта тіл – жетім,

Елі жоқта ер – жетім.

130.Тұлпар болар тай туа талпынар,

Есті бала да ерте талпынар.

131.Аққуды атқан абыройсыз қалады.

132.Озат ойға өріс көп.

133.Өзіне ие бола алмаған,

Сөзіне де ие бола алмас.

134.Ұқыпсыз ұстаздан ынталы шәкірт артық.

135.Бір-ақ іске мешкей бол – білуге де, білімге де тойма.

136.Тұлпар қайыра алмағанды, тіл қайырады.

137.Мақал мен мәтел – көсемділіктің де, шешенділіктің де белгісі.

138.Барға қанағат, жоққа салауат.

139.Ата жолын ұмытсаң – адасасың.

Ағарады мезгілсіз қара шашың.

140.Ер елімен егіз.

141.Имандылық ұлт таңдамас.

142.Үлкеніне бас берген,

Әруаққа ас берген,

Адаспаған дәстүрден,

Болар кімнен жастар кем.

Мұзафар Әлімбаев өзінің «Халық – ғажап тәлімгер» деген этнопедагогикалық еңбегінде қазақ халқының мақал-мәтелдері мен қара өлеңдеріндегі халықтық қағидалар мен ұлы ақын Абай шығармаларындағы азаматтық, ағартушылық тағылымдар аясында ой-пікірлерге толы болғандықтан осы шығарманы талдап, ақынның ұлттық тәлім-тәрбиеге деген көзқарастарына тоқталуды жөн көрдік. Ақынның жоғарыда көрсетілген еңбегі 6 тараудан тұрады. Бірінші тарау «Ұлы сөзден ұлағат» деген даналық сөзбен аталады. Бұл тарауда автор халық тағылымдарына кеңінен тоқталып, мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың, жаңылтпаштардың аңыз-әңгімелердің жастарға ұлттық тәрбие берудегі мүмкіншіліктерін зерттеген. «Әрбір түйген ойдың, тиянақты пікірдің тиімділігі өзгелерге де қозғау салып ойға қалдыруында, игілігіне жарауында деседі жұрт. Ендеше, қазақ халық педагогикасының адамгершілік тәрбиеге үндесер, ескірмес қағидаларын ата-аналардың тәлім- тәрбиеде кәдеге жаратуын қалаймыз» [18.56].

Халқымыз «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры», «Бала – жүректің миуасы», «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп санаған. Баланы сергек сезімді, абзал азамат етіп тәрбиелеу ісі оның жеке ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап етеді. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай қара, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін, ал он беске дейін көмекші деп қараудың, он бестен асқан соң ақылшы-досың деп санаудың қажеттілігін, яғни бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек екендігін қажет деп санаған.

Қазақ халқы басқа халықтар секілді жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып, сол арқылы тұрмыс-тіршілігінің әр алуан жақтарын суреттеген, қоғамдық өмірін, дүниеге көзқарасын, арман-мүддесін бейнелеп көрсеткен. Осы негізде туған ауыз әдебиетінің күрделі түрі деп мақал-мәтелдерді айтамыз. Мақал берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Мақал-мәтелдердегі оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау – бұлар қазақ халқының ұлттық педагогикасының, ұлттық психологиясының негізгі бастауы. Сондықтан Мұзафар Әлімбаев осы қағиданы ұстана отырып, мақал-мәтелдердің ауыз әдебиеті шығармаларынан, этнографиялық материалдардан, ұлттық салт-дәстүрлерден, оның түрлерінен өзекті орын алу себебін ашқан. Оның халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты дамып, бала тәрбиелеудегі педагогикалық мақсат-мүддеден туындайтын жақтарын жан-жақты зерделеген. Ақын: «Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, екі баласы бардың арты бар да, алды бар, Қарғалыда құты бар, Қазанда қазынасы бар» - деген халық мақалын келтіре отырып, бұл тұжырымға болашаққа деген үлкен сенімін келтіреді. Себебі бала өсірген ата-ана болашаққа қызмет етеді. «Жақсылыққа – жақсылық» ізгіліктің есесі қайтпай қоймайтынын айтқан. Тек ұрпаққа ізгі тәрбие беру керек, сонда оның жемісін сөзсіз табасың деп, бабалардың ата-ана алдындағы үлкен парызын сөз етеді.

Аталмыш кітаптың екінші тарауы «Ер есімі ел есінде немен сақталады» деген сұраққа жауап береді. Бұл тарау бірнеше мақал-мәтелдерден басталады. Ақын халық педагогикасының асыл қазыналарын зерделеп жүріп халық аузынан естіген мақал-мәтелдерді келтіріп, оның түсініктемесін берген: «Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербелетін бесігі болсын», «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты», «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар», «Бала артта қалған із, бақыт – ұзатылған қыз», «Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі із басарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың». Бұл мақалдардың ата-бабаларымыздың ақыл-парасаты дүние жүзілік алдыңғы қатарлы ойлау деңгейімен ерекшелігін көрсетеді. Әйелдің басты парызы - ана қызметін атқарып, ұл-қыз сүйіп, оларды еліне, халқына адал еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеу. Бұл жөнінде ақын былайша толғанады: «Біздің халқымыз балажанды халықтардың бірі. Сондықтан да, туған халқымыз турасын айтады: «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Балалы үйдің еңсесі биік», «Ата атануға, шеше атануға азаматтығың сай ма, жоқ па – соны анықта. Соған дайындал», «Тәрбие тілден басталады». Ана тілі – адамның ғұмыр бойы серігі, рухани қуаты, күрестегі құралы. Бесік жырымен бөбегіңді тербете біл, ертегі айтып, естілікке үйрет, аңыз-әңгімелер құлағына құйып, ата-бабалардың тарихымен таныстыр».

Қазақ поэзиясының абызы Мұзафар Әлімбаевтың пікірінше, халық педагогикасы – ғасырлар бойында қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғалым. Тіреушісі жетіссе, тереңдігінде, тебіренткіштігінде қапысы жоқ, «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген халық болашақтың қамын ойлаған.

Осы тарауда ақын білім мен өнердің адамға талаптану арқылы келетінін жазған, Мысалы: «Білімсіз бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Оқу шала естіні бүтін етеді, ал бүтін естіні дана етеді», «Жастықта алған білімің – қарттықтағы мүлігің», «Білім алмай, «болдым» деме, еңбек етпей «толдым» деме», «Білімге өмірді байла» деген халық қағидаларын ұсына отырып, білім мен тәрбиенің ортасы мектеп, ал ұстаз – ұлы тұлға, «Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады», «Өнегесіз өсу жоқ, ұстазға қояр талап көп», - деп халық ұстаздың білімділігін, талап қойғыштығын, ұстамдылығын қатты бағалайды.

«Отан үшін күрес – елге тиген үлес» - деп үшінші тарауға ат берген. Елі үшін еңіреген азаматтың алдына ақын былай деп талаптар қояды:

1. Ер елдің ық жағының қаласы,

Жел жағының панасы.

3. Батырдың атын жау шығарады,

Бидің атын дау шығарады.

3. Батырды «батыр» дейді күшін көрген,

Ұстаны «ұста» дейді ісін көрген.

Бұл тарауда ақын кең байтақ елімізді қорғау жолында жандарын пида еткен халық батырлары туралы мәнді тұжырымдарын келтірген. Ақын халықтың саф алтындай дана сөздерін өзінің шығармаларына пайдаланғанда оның бала тәрбиесіне, жастардың қалыптасуына, санасының кемелденіп, бойына адами құндылықтардың ұялауына тигізетін игі әсеріне көбіне-көп мән бергенін байқаймыз. Мақал-мәтелсіз өскен балада ақынның ойынша, ол да мүгедек. Халқымыз балаға ақылды ұзақ – сонар сөзбен емес, ұтымды екі-үш сөзден тұратын мақал-мәтелмен жайлап қана айтып, мысалмен астарлап, тұспалдап жеткізіп отырған.

Қазақтың тарихи көшін әр қилы кезеңде бастаған көреген көсемдерінің, айбатты батырларының ел қорғаудағы аңызға айналған ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге, үлгі.

«Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмас», «Бірлік қайда болса, ерлік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда», «Халық айтса қапы айтпайды», «Орағың өткір болса, қолың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды». Көрсетілген мақалдарға ақын түсінік берген – Елдің, мемлекеттің қуаттылығына анықтама берген. Жаудан елін қорғай алатын халық қол әскері, әскерлердің озық, әрі жеткілікті қару-жарақтары болуы шарт.

«Бала болсаң, болғандай бол, ағайынға қорғандай бол» деген мақалды ақын былай талдап берген: мұны тар мағынада емес, кең мағынасында пайымдаған, ұқтырған халқымыз әр ұланға азамат болып өсу парызын, еліңе қорған болуды ойлап өс, жеңіл кемелден - «Жылуы болмаса түбіт қасиетсіз, Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз, қайраты бар ғана қаһарман болады», «Жасық ұлан жауынгер боп жаратпайды, жалпының абыройына көлеңке түсіреді, ұятқа қалдырады».

М.Әлімбаев ел қорғау, елін ардақтау жөнінде өзі де көптеген мақал-мәтелдер шығарған және олардың тәлім-тәрбиелік мағынасын түсіндірген: «Таудан арқасы бардың тастан жүрегі болады», «Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы», «Алапат ерлік те, ғажайып қаһармандық та айбынды елі бардан шығады», «Тәуекелдің нары күшті», «Жүрек - ер, бас - кемеңгер», «Соғысқа кіргенде өлімді ойлама, өмірді ойла, еліңді ойла». Осы өсиеттерді бүгінгі жас сарбаздарға арнап, туған халқының еңбек берекесін ешкімге бұзғызбасын, қазақ жерін қалтқысыз қорғауды тапсырады.

Ақын «Ердің сыншысы - ел» деген мақалға былайша түсінік берген: «Шын батыр сын үстінде танылар. Сынға түскен шағында сыр бермеген, сынға сына салмаған, қайта керісінше ұрысқа кірген сайын шынығып шыққан жігіт нағыз батыр сол», «Болат иілмес, шорт сынар», міне бұл қаһармандық қағида деп түйіндейді. Сөйтіп құлынның бірден құлагер атанбайтыны сияқты, ұлан да жүре-жүре білетінін айтады.

Қазіргі жастар үшін бұл туындының ең құнды жағы ұлттық этнопедагогиканың басты өрісі болып табылатын мақал-мәтелдер болғандықтан тағы да соған жүгінейік. «Жүйрік – алысқа, жігіт – намысқа шабады» - дей келе: «Нағыз намысқа шабатын тұсымыз қазіргі кез, себебі Қазақстанның егемендік алған және әлемге кең таныла бастаған тұсында әр азаматымыз серпіліс, құлшыныс танытсын, әркім өз қызметінде, өз мамандығы бойынша халқына неғұрлым молырақ пайдасын аянбасын. Қарулы күштеріміздің қатарындағы ұландарымыз бен офицерлеріміз әскери өнерді толық меңгеруде тер төгуден іркілмесін – Алаш баласының аянкес болуға қақысы жоқ!» - деп тұжырымдайды ақын.

Автор еңбекте мақал-мәтелдерді келтіре отырып ерліктің тәрбиеден туындайтыны, «Ерліктің білекте емес, жүректе» екені, ар-намыс ерліктің жүректегі отын тұтатар оттығы екені, елін сүйген азаматтың ер болатыны, ел танымас ескертусіз қалған ерліктің жоқ екені нақтылы мысалдармен талданған: «Қорқақ ер болмайды, қола зер болмайды», «Опасызда Отан жоқ», «Тізерлеп жүріп күнелткенше, тік жүріп өлген артық», «Ерінен айрылған көмгенше жылайды, елінен айрылған өлгенше жылайды», «Өз басыңды жауға берсенде, жолдасынды жауға берме», «Арын сатып оңбас, ажарлы сері оңбас», «Жауыннан қашқан жарға паналар, жауынан қашқан қайда паналар?», «Жауды санап соғыспайды, қойды сатып тоғытпайды».

Ақын еңбектің осы тарауында халық бірлігі туралы мақал-мәтелдерді зерделеп, олардың жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берудегі орнын анықтап берген. Мысалы: «Еңбек бірлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Бүгін ұядағы – ертең қиядағы», «Жеріне лайық елі туады, еліне лайық ері туады», «Ер бесіктен танылар».

Жоғарыда көрсеткен еңбектегі сөз болған мәселенің бірі - сол тектілік. Ал халықтық мақал-мәтелдерге жүгінсек, «Тегін білмеген - тексіздік», «Жеті атасын білмеген - жетесіз», «Тегін білген – елін біледі» деген халқымыз. Тек жөнінде Қазақстанның белгілі ғалымы, педагогы Серғазы Қалиев былай деген: «Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхтар сияқты ұлы кемеңгерлердің де текті жерден шығуы, өскен орта, ата-бабадан, әке-шешеден алған тәлім-тәрбиесінің нәтижесінде олардың аты әлемге әйгілі ұлы тұлға болуының өзі – бір жағынан шыққан тегінде жатқанын бұрын жасқанып айта алмасақ, бүгінде мақтанышпен айтатын болдық. Ата-бабамыздың текті жермен құда болуы, «Анасын көріп, қызын ал» деуі, ынжық ұлды «Тегіне тартпаған жетесіз» деп жекіріп, сөгуі бекер емес». Сондықтан бүгінде ата-анасын, шыққан ұлтының тегін білмейтін, тіпті ана тілін менсінбейтін жетесіздікті осы теңсіздіктен деп қараған жөн шығар.

«Халық – ғажап тәлімгер» еңбегінің төртінші тарауында Мұзафар Әлімбаев халқымыздың өз тілін бағалай білуі - «қара өлең» деп атаған себебі: «Қазақтың қара өлеңі қалғымай, қасқайып төрде отырған төбе бидей елестейді». Қазақтың қара өлеңдерін автор «Поэзияның інжулері» деп атаған. Бұл еңбекке дейін ақын «Қазақтың бар өлеңі бір басқа, қара өлеңі бір басқа», «Қара өлең – ғажап идеялар қазынасы» атты эссе жазған екен.

«Соңғы жылдар саналы азаматтың мойнына артылар ардақты парыз да аталған, сол азаматқа күш-қуар беретін медет те көрсетілген. Ол парыздың мән-мағынасы – алдағы ұрпақпен арттағы жас ұрпақ арасындағы рухани көпір болып, аталардың ізгілік салтын жалғастыру, өрлету. Ол үшін не керек? Аға ұрпақтың, бұрынғылардың бұлыңғыр тараптас адамгершілігі салт-санасын зерттеп, біліп, зеректілікпен теріп, насихаттай жүру төңірегіндегі үлкен-кішілерге тарату парызы жүктеледі» - деп ақын халық педагогикасын зерттеп, оның асыл құндылықтарын жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану жақтарын көрсету азаматтық парыз деп саналғанын көреміз.

Халқымыздың қара өлеңінің тақырыптары әр қилы. Соның ішінде жас ұрпақ тәрбиесіне жақын тақырып – ол достық, жолдастық. Енді осы тақырыпқа байланысты бірнеше мақал-мәтелдерді берейік: «Жолдас болсаң жаманмен жарға жығар, жазатайым аяғын шалыс басса», «Адамның жолдас болма жаманына, басына екі талай күн туғанда, дұшпанның тастап кетер табанына», «Жақсымен жайды білер жолдас болсаң, есікше қалған басың жетер төрге».

«Абайдың аңсағаны қандай азамат?» деп басталатын бесінші тарауда «Жақсы деген немене? Жаман деген немен?» деген сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ғылымның пайдасын білген адам дүниенің бітімін, көрінісін шолып, көңілімен болжай алады. Білікті кісі бос сөзге алданбайды, өнердің сырын бойлай ұғады дейді Абай. Ендеше ер азамат ең алдымен білім теріп, көкірек көзін кең ашсын. Ақыл-ойды басшылыққа алу – ердің парызы. Адам әр таң сайын алдына қарап, ертеңгісін ойламас, ел де ілгері жылжымай қалатындай сезінесің… Осының бәрі өрен жастың қаршадайынан қайрат-жігерін аямай дұрыс жұмсап, өнімді еңбек ете білуі парыз дегенге әкеп саяды. Ақыл-кеңес іске айналғанда ғана асылмен бірдей байланады.

Еті үйренген ескіден ерте безінбей, ел ілгерілемейді, мұндайда дара-дара даналар суырылып алға шығып, ақыл-ой көрегендігімен өз басының үлгісімен көш бастауы керек. Әлбетте, кез-келгеннің бәрі шетінен сөз бастар шешен, қол бастар көсем бола бермек, дегенмен әр азаматтың өз ой-толғамы болуы керек, тозығы жеткеннен тез айнып, өзіңнің болжамыңа сен, өз сеніміңе сүйен дейді Абай.

Еңбектің алтыншы тарауы ақынның жылдар бойы өмір тәжірибесінде тәрбие туралы ой елегінен өткізіп түйіндеген төл мәтелдері дерлік туындыларына арналған. Мәтел – сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы. Ендеше осы тараудағы бірнеше мәтелді келтірейік: «Ерден ердің артығы – білігі, елдің елден артығы - бірлігі», «Қайық білмеген, кемеден сұрайды, халық білмегенін көнеден сұрайды», «Дән бұзумен бірдей де тіл бұзуды», «Елдің қамын ойлаған ерте есейер», «Өнер - өмір өрнегі».

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. «Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді жетілдіру қвжеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу - ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты міндеттердің бірі болып табылады» [23.5].

Тәуелсіздік мәртебесіне ие болған қазақ мемлекетінің көрнекті ақыны М.Әлімбаев жас ұрпаққа жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттер ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға сенім, әлеуметтік белсенділік, еңбекқорлықпен санаға сіңген тәртіп, жеке тұлғаның еріктілігі, ізгілік қарым-қатынас, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа құрметпен қарау, парасатты мінез-құлық, адамгершілік тәрбиесіне тән болуы тиіс деп есептеді.

М.Әлімбаев халық мұрасын жалықпай жинаушы және оған өз жанынан үлес қосқан ақын. Ол ауыз әдебиеті шығармаларын жан-жақты зерделеп, тың пікір айтушы ғалым. Ақын «Көңіл күнделігі», «Абайды қайталап оқығанда» деген шығармаларында ұлттық тіл, ұлт мәдениетінің проблемалары туралы тың ойларын білдірді. Ақын: «Дәстүрін сақтамаған халық ерлігімен мақтана да алмайды», «Сөзіңді халыққа зорлап өткізе алмайсың, тілге зорлап кіргізе алмайсың. Әділ қазы халық қолайына жаққан сөзді ғана кәдесіне жаратады» - деп келтіреді [20.96].

М.Әлімбаевтың фольклор-зерттеуші, педагог ретінде ауыз әдебиеті үлгілерін қастерлеуі «Қасиетті сөз айтуды халықтан үйренейік» деп санауы «Әсіресе жастарды отаршылдық рухта баулуда этностың ролі өлшеусіз» деп санауы ұлттық салт-дәстүрді қастерлеу жөніндегі ойлары, бата-тілектің тағылымдық мәні туралы сөз етуі, айтыс өнерін жандандыру жөнінде айта келіп, ауыз әдебиетінің тәлімдік мәніне ерекше зер салып, көңіл аударғаны деп қараймыз.



М.Әлімбаев шығармаларында қолданылған қазақ халқының тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері:

  1. Жақсы атты тай жағалайды;

  2. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар;

  3. Адамның күні адаммен;

  4. Ұлға отыз үйден тию, қызға үйден тию;

  5. Өнегенің өрісі кең;

  6. Баланың тентек болатыны – үйінен, ердің тентек болатынын – биінен;

  7. Оқу – шала естіні бүтін, бүтін естіні данышпан етеді;

  8. Тоқытпасаң оқытпа;

  9. Шәкірт болмаған, ұстаз болмас;

  10. Бала туа тентек болмайды;

  11. Ұялмаған өлеңші, ерінбеген етікші болады;

  12. Армансыз ұлан – қанатсыз қыран;

  13. Талаптыға нұр жауар;

  14. Жығылсаң нардан жығыл;

  15. Өзіңе дейінгіні сыйламасаң, өзіңнен кейінгі сені де сыйламайды;

  16. Ұяда не көрсең, ұшқанда сонны ілерсің;

  17. Көппен көрген ұлы той;

  18. Ер елінде, гүл жерінде;

  19. Ел іші – алтын бесік;

  20. Ер жігіт үйде туып, түзде өледі;

  21. Туған жерге туың тік;

  22. Атадан жақсы ұл туса елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса елінің малын жейді;

  23. Атаның баласы болма, адамның баласы бол;

  24. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда;

  25. Өзі жақсыға бір кісілік орын бар;

  26. Ауылдасыңа қарап, азаматтығыңды таны;

  27. Баланы бұзғың келсе, мақта;

  28. Арыңды жастан сақта;

  29. Тәрбие тілден басталады;

  30. Білімсіз бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді;

  31. Мансап іздеме, мақсат ізде;

  32. Ананың алдында асқар тау да аласа;

  33. Таптырмас байлыө - денсаулық;

  34. Ерке, еркенің ісі келте;

  35. Үлкенге ізет - кішіге кеңес;

  36. Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен;

  37. Ақыл азбайды, білім тозбайды;

  38. Өнер алды – қызыл тіл;

  39. Білімге өміріңді байла;

  40. Опасыз шәуірт ұстазын танымайды;

  41. Бірлік қайда болса, ерлік сонда;

  42. Ердің сыншысы – халық;

  43. Ер бесіктен танылады;

  44. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес;

  45. Ұлыдан өсиет, жақсыдан қасиет;

  46. Достықтың төлеуі – достық;

  47. Дос болмас бірін-бірі кешірмеген;

  48. Білімсіз илтипатқа ілінбеген;

  49. Ұлы сөзден ұлағат;

  50. Бала – жүректің миуасы;

  51. Ата – бәйтерек, бала – жапырақ;

  52. Жақсы бала қонаққа үйір;

  53. Ынталыға оқу жолы әрдайым ашық;

  54. Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң, мақұл айт;

  55. Өнеге күші өлшеусіз;

  56. Үйрету – үлкеннен, үйрену – кішіден;

  57. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт;

  58. Ата балаға сыншы;

  59. Көре-көре көсем боларсың;

  60. Бейнет түбі – зейнет;

  61. Ұл өсірген әкеге, қыз мәпелеген анаға;

  62. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің;

  63. Талапты бала талпынған құстай;

  64. Бірлік болмай тірлік болмайды;

  65. Елдің ісі – ердің мойнында;

  66. Жасыңда қылтаң болсаң, өскенде мылжың боларсың;

  67. Ауру қалса да, әдет қалмайды;

  68. Тентек шоқпар жияр;

  69. Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр;

  70. Ер айнасы – еңбегі;

  71. Адам туа білмейді, жүре біледі.


Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет