Тура мағынасында музалар өнері белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі
Музыка (гр. μουσική, тура мағынасында музалар өнері) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
Соған қарамастан Музыка адамның басқа дыбыстықіс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық, ритмдік) қатынастары өте қатаң тәртіпте келтірілген. Эмоцияның көп түрлері ішінен Музыка ең алдымен көңіл-күйді білдіреді. Музыкалық шығарманың мазмұнында сонымен қатар жеке адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінезін ашуда Музыкаға жағдай тудырады. Адам эмоциясының нақтылығы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде Музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ, музыка эмоциялық сфераларды ашып отырып, сол арқылы идеялар әлемін, алуан құбылыстарды және болмыс шындықтағы процестерді суреттейді. Қалың бұқараны ұйымдастыру, оның рухани өмірін қалыптастыру құралдарының бірі болып отырып, Музыка қоғамдық тәжірибеге де белсенді түрде әсер етеді.
Музыкалық дыбыс[1] – музыкалық жүйеде нақтылы орны бар, тұрақты биіктіктегі дыбыс. Музыкалық дыбыс музыка мәдениетінің көпғасырлық даму барысында (шу дыбыстардан бөлек) айқындалып, белгілі бір жүйелі қалыпқа түсіріліп, музыкалық ойды, образды бейнелеуде қолданылатын көркемдік құбылыс. Олардың дыбыс биіктігі, естілу күші, тембрі, ұзақтығы айқын. Музыкалық дыбыстағы негізгі тонның жоғарылығы субконтроктавадағы до-дан 5-октовадағы до-реге дейін болады (16 – 4000/1500 гц). Бір октавада бір-бірінен жарты тон айырмашылығы бар 12 дыбыс қолданылады.
Қазақ даласындағы ағартушылық пікірлердің дамуы мен ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушы педагогтарының музыкалық тәрбие туралы ой-толғамдары. Қазақ даласындағы музыкалық тәрбие беруге қатысты мәліметтерді, әсіресе ағартушылық, педагогтық ой-пікірлерді біз қазақ елінің ғалым тұлғалары Әл-Фарабидің және оның із басарларының философиялық еңбектерінен, Ш.Уәлихановтың көзқарасынан, Ы.Алтынсариннің педагогтық әрекетінен, Абайдың әдеби шығармаларынан саралап аламыз. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық сананың дамуында жетекші рөлді ағартушылық-демократиялық ой атқарды. Қазақстандағы ағартушылық бағыт дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, осы уақыттағы жалпыресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. 22 Әбу Насыр Әл-Фарабидің (870-950) - ислам дүниесінің ең ірі, аты әлемге жайылған, «Екінші ұстаз» деген атқа ие болған ғұлама философтың «Музыканың Ұлы кітабы» атты еңбегінде: “музыка адамның ең күрделi эмоциялық сезiмiн бiлдiруге қабiлеттi,...музыкалық өнердiң түрлi бөлiктерiне оқып-үйрену нәтижесiнде қол жетедi” деген тұжырымы қазiргi кездегі педагогика ғылымының деректерiмен дәлелденуде. Қазақстан демократтары ХУШ ғасырдағы Европа демократтары сияқты жалпы ұлттың атынан сөйледі. Шоқан Уәлиханов өзінің зерттеу еңбектерінде жинаған халық шығармашылығы арқылы халықтың арман тілегі тұрмысқаракетін, көз-қарасын баяндады, ұмытылып бара жатқан мәдени дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер т.б.) көңіл аударып, оны халықтың адамгершілік - эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдаланғанын көрсетті. Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасыда, мектепте әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Көркем сөздің, музыканың тәрбиелік маңызына тоқтала келіп, Абай айналасындағыларды, әсіресе жастарды тек өзінің тамаша өлеңдерімен, ғаклия сөздерімен, орыс классиктерінен аударған шығармаларымен және әсем сазды әндерімен, күйлерімен де тәрбиелеп, білім алуға шақырды.