Соттан тыс банкроттық рәсімі – оның тоқтатылғаны туралы хабарландыруды Уәкілетті орган «Электрондық үкімет» веб-порталында орналастырғанда тоқтайды.
Соттан тыс банкроттық рәсімі тоқтатылған күннен бастап банкроттық рәсімінің Заңның 17- бабының 2-тармағында көзделген салдары да тоқтайды.
Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғанда Уәкілетті орган «Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы» шешім қабылдайды. (Заңның 19-б. 1-т.)
«Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы» шешім «Электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылады.
Соттан тыс банкроттық салдары қандай?
Борышкерді банкрот деп танығаннан кейін кредиторалар (Банк, МКО, МФО, Коллетокрлар) алдыныдағы міндеттемелері тоқтатылады.
Уәкілетті орган, Кредиторлар банкрот болған адамның кредиторлар алдындағы берешекті өтеуден жалтару әрекеттерін жасағанын немесе жасамағанын анықтау мақсатында тексер жүргізеді және қаржылық жағдайын бақылауда ұстайды.