Туралы әдістеме қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін


Соттан тыс банкроттық рәсімі екі жағдайда аяқталады



бет4/5
Дата16.03.2023
өлшемі107,32 Kb.
#172680
1   2   3   4   5
Байланысты:
банкротство әдістеме

Соттан тыс банкроттық рәсімі екі жағдайда аяқталады:


  1. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату (банкрот деп танудан бас тарту);

  2. Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау (банкрот деп тану).

  1. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату


Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқату дегеніміз – банкрот деп танудан бас тарту болып саналады және оның тәртібі Заңның 18-бабында бекітілген.
Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайлардың бірі орын алса банкроттық рәсімі жүргізілуі тоқтатылады.


Банкроттық рәсімін тоқтатуға әкелетін жағдайлар қандай?



Соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу кезінде мына жағдайлар орын алса банкроттық рәсімі тоқтатылады:

  1. Борышкер өзінің меншігіне мүлік түсіп немесе қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгеріп, бұл оның кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе 30 (отыз) пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретініне байланысты Уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы арыз берсе;

  2. Борышкер кредитормен «Берешекті реттеу туралы» келісім жасасқанына байланысты Уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы арыз берсе;

Арыз жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда болады және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беріледі.

  1. мүлікті немесе мүліктік міндеттемелер туралы ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау фактілері анықталса;




  1. борышкер қайтыс болса, оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;

  2. арызда көрсетілгеннен басқа да кредиторлар анықталып, олардың алдындағы берешекті қосқанда борышкердің берешегінің жалпы сомасы 1600 АЕК-тен асып кетсе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет