Психологиялық ахуал туғызу
-Менің қолымда не бар? (Гүл)
-Гүлді көргенде қандай сезімде боласыңдар?
-Гүл не үшін қажет? (Гүлді мерекелерде сыйлайды)
-Мереке дегеніміз не? (Оқушылардың жауабын тыңдау, толықтыру)
Мұғалімнің сөзі:
Мереке-біреудің немесе бір нәрсенің құрметіне арналған салтанат. Бұл күні адамдар бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, қонаққа барады, көңіл көтереді. Қонақжайлылық пен тілектестік –қазақ халқының жақсы дәстүрі
Мереке жақсы, сәтті өту үшін мерекенің қандай шартын атар едіңдер?
(Балалар атайды, өзім постерге жазып тұрамын)
-Балалар қандай мерекелерді білесіңдер?
(Ж) Шарларға білетін мерекелерінің атын жазғызу.
Балалар шарларға мерекенің аттарын жазып, тақтаға іледі.
Балалар, сендер көп мерекелерді біледі екенсіңдер?
Естеріңде қандай мереке қалды. Сол мерекелер туралы бір-біріңе әңгімелеп айтасыңдар.
(Уақытпен өлшеу. 1 бала 1 минут өз ойын айтады, 2 бала 1 минут өз ойын айтады. Барлығы 2 минут уақыт беріледі)
-Балалар, сендер көпшілігің туған күн мерекесі жайлы айтып жатырсыңдар.
Ендеше «жыл мезгілдері» ойынын ойнайық.
(Алдын-ала балалардан қай айда туғандары жөнінде сұрап, ай аттарын таратып беру, ақырын әуен ойналып тұрады)
Әр бұрышта жыл мезгілдерінің суреті тұр. Кімнің туған күні қай жыл мезгіліне келеді, сол жыл мезгілінің қасына барып топталыңдар.
Тапсырма:
Ай аттарының ретімен тұру керек.
-Қай жыл мезгілінде балалар көп топталды?
-Қай жыл мезгілінде балалар аз топталды?
-Неліктен осы ретпен тұрдыңдар? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Оқушыларға мерекеге қатысты пазлдар берілген.
1-топ мемлекеттік мерекенің суретін құрастырады
2-топ Ұлттық мерекенің оның ішінде Наурыз» мерекесінің суретін құрастырады |