«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Сарқан ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі, туристік-рекреациялық мүмкіндігі



бет18/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

37. Сарқан ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі, туристік-рекреациялық мүмкіндігі
Сарқан ауданы— Алматы облысының солт.-шығысында орналасқан әкімш.-аумақтық бөлік. 1928 ж. құрылған. Алғашында аудан орталығы “Лепсинск” (Шұбарағаш) деп аталды. 1935 ж. аудан орталығы Сарқантқа көшірілді. Жер аумағы 10,4 мың км², тұрғыны 47,2 мың адам (2004). Аудан аумағындағы 38 елді мекен 12 ауылдық, 1 қалалық және 1 кенттік округтерге біріктірілген. Ауданның оңт.-шығыс, шығыс бөлігі таулы келген, солт-і, солт.-батысы мен батысы аласа қырат, төбелерден тұрады. Басқа бөлігі жазық. Оңт.-шығысы Қытаймен шектеседі. Жер қойнауынан бентонит кені (Үлдерсай), құрылыс материалдары, натрий сульфаты бар Қарашаған кен орны барланған.

Аудан тұрғындарының басым бөлігін қазақтар (75,3%) мен орыстар (21%) құрайды. Халықтың орналасу тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 5,2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Сарқант қ. (15,3 мың адам), Қойлық (3,5), Алмалы (3,4), Екіаша (2,7), Қарабөгет (1,6), т.б. Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, астық, қант қызылшасы, көкөніс өсіруге және омарта ш-на маманданған 7 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан кейін олар жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданда 14 ӨК, 10 АҚ, 64 серіктестік, 37 ЖШС, 1000-ға жуық шаруа қожалығы құрылды (2003). Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар: “Қанатжан”, “Талдықорған электр жүйесін тасымалдау компаниясы”, “Сарқант аудандық электр жүйелері” АҚ-тары және “Су арналары” мемл. қазыналық кәсіпорын, “Сарқант аудандық суландыру жүйелері кәсіпорны”, “Алатау” баспа бірлестігі АҚ, ауданы телекоммуникациялар кәсіпорны, “Қаратал орманы” мемл. қазыналық кәсіпорны, т.б. Ауданда 537,8 мың га жер а. ш-на жарамды, оның ішінде 69,0 мың га егістік, 174,1 мың га шабындық бар (2003). С. а-нда 65,3 мың қой мен ешкі, 22,0 мың ірі қара мал, 8,5 мың жылқы, 6,4 мың шошқа, 0,1 мың түйе және 67,8 мың құс тіркелген (2003). Жалпы білім беретін 31 мектеп, кәсіптік-техн. мектеп, гуманит. колледж, балабақша, шығарм. үй, 2 кітапхана, 2 мұражай, 4 мәдениет үйлері жұмыс істейді. Емдеу-сауықтыру орындарынан 3 аурухана (оның ішінде орт. ауданы аурухана), 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдш.-акушерлік пункт, 2 сан.-эпидемиол. ст. халыққа қызмет етеді. С. а. аумағынан Алматы — Өскемен автомобиль магистралі және Түркістан — Сібір т. ж. өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет