Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


ІII БӨЛІМ. Негіз жіптерді шлихталау



бет12/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

ІII БӨЛІМ. Негіз жіптерді шлихталау




    1. Шлихталау машиналарының мақсаты және маңызы


Тоқыма өнеркәсібінде жүн иірімжібінен мата тоқу кезінде айта кетерлік ерекшелік, оларды әуелді эмульсиялап алады. Жүн өнеркәсібінің кәсіпорындарында негіз жіптерді Текстима және СЛ-250-Ш таспалы тізіп орау машиналарының арнайы қондырғыларында және байытушы-эмульсиялаушы МПЭ-180 және МПЭ-230 машиналарында эмульсирлейді. Арнайы қондырғыларда таза және жартылай жүнді негізгі иірімжіптерді таспалы тізіп орау әдісінде эмульсирлейді, эмульсияны негіз жіпке тізіп орау машинасының барабанынан тоқыма тік иіршігіне қайта орау кезінде айналмалы эмульсиялаушы біліктің жағуы жолымен жүзеге асырылады. Байытушы-эмульсиялаушы МПЭ-180 және МПЭ-230 машиналары тізіп орау біліктерінен негіз жіп жылдамдығы 80м/мин дейінгі жылдамдықта тоқыма тік иіршігіне таза және жартылай жүнді негіз жіптерді орап, эмульсиялауға арналған.
Негіз жіптерді шлихталау процесінің мақсаты – тоқыма станогында шамасы бойынша ауыспалы немесе көп ретті жүктемелерге, сонымен қатар ремизкалар галеваларына және күзу тісшелеріне үйкелуіне жоғары тұрақтылықты беру жолымен тоқу процессінде негіз жіптердің үзілгіштіктерін төмендету болып табылады.
Шлихталау процессінің маңызы – жіп діңгегінің бетіне шыққан талшықтың майда ұштарын өзіне жабыстыратын және аталған жіптің аса иілмелі ететін иірім жіп негізіне жіңішке қабатты желімдеуші затты салумен негізделеді. Шлихтаның бір бөлігі жіп ішіне еніп дара талшықтарды бір бірімен біріктіреді. Жіпті терең желімдеу толық сәйкестікке алып бармайды, өйткені мұның барысында ол өзінің серпінділік қасиетін жоғалтады, ал мұндай жағдайда аталған негіз жібі қажетсіз болып қалады.
Табиғи жібек, кейбір синтетикалық ширатылған жіптерден басқа иірімжіптердің барлығына дерлік шлихталау кезеңінен өтеді. Кейде сызықтық тығыздығы орташа, ылғал иіру әдісімен алынған зығыр иірімжібін шлихталамайды. Жалпы тәжірибеде көрсетіп отырғандай, көпбарабанды шлихталау машиналары кеңінен қолданылады. Себебі олардың булану мүмкіншіліктері жоғары және анағұрлым шлихталаудың жоғары жылдамдығына ие болып табылады.
Шлихталау процессі негіз жіптер партионды тізіп орау машиналарынан білікшелермен келетін шлихталау машиналарында іске асырылады. Шлихталау машиналарында бірнеше тізіп орау білікшелеріндегі негіз жіптерді біріктіру және оларды тоқыма тізбеораушысында орау процесстері іске асырылады. Таспалы тізіп орау барысында шлихталау тізбеораушыдан алынады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет