Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Қайта орау машинасында иірім жіп ақаулары



бет6/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Қайта орау машинасында иірім жіп ақаулары


Иірім жіпті қайта орау барысында кейінгі процесстерде оны өңдеуді күрделендіре түсетін ақаулықтар пайда болуы мүмкін.


Қайта орау барысында ақаулықтардың негізгі түрлері: әлсіз түйінделген түйіндер, әлсіз немесе тығыз оралған орама, екі ұшты орама, жіптердің шашақтары, дұрыс тазаламау, орама нысанының бұрыстығы және т.б.
Әлсіз орама жеткіліксіз керілісте иіршікке жіпті орау барысында алынады. Тізіп орау процессінде параллельді ораумен бірге мұндай иіршікті орай отырып шешу барысында жіп әлсіз оралған қабатқа соғылады, нәтижесінде үзілген ұшын табу қиынға түсетін үзілгіштік пайда болады.
Тығыз орама қайта орау процессі барысында жіптің шамадан тыс керілісі нәтижесінде пайда болады. Мұндай орама барысында қайта орау процессінде жіп өте жиі үзіледі, ал бұл өз кезегінде түйіндердің санын көбейтіп, қайта оралған иірім жіптің сапасын төмендетеді.
Екі ұшымен оралу негізінен үзілген жіп көрші жіппен шатасып, иіршікке онымен бірге оралуы барысында пайда болады.
Жіп шашақтары жіптің үзілуі барысында жұмысшы жіпті бір бірімен байламай, керісінше үзілген жіпті оралушы иіршікке жіптің ұшын таппай орау салу жағдайында алынады. Нәтижесінде тізіп орау барысында негіз жіптің біртексіз керу жағдайы туындап, мұндай жіптерді бір-бірімен байлау үшін машинаның тоқтап тұру уақыты ұзарады.
Жіп бүкпесі мынадай жағдайда, егер жұмысшы үзілген жіп ұшын таппаған жағдайда иіршікке оралған жіптің бірінің ұшын үзе отырып оған бастапқы жіп ұшына түйіндеуден пайда болады.
Жақсы тазаланбаған жіптер егер, орау машинасында бақылап-тазалау приборының саңылау өлшемі дұрыс орнатылмаған жағдайда алынады.
Ұшы ұзын түйіндер өтпейтін түйіндегішпен түйінді байланыстыру барысында немесе машинаны ұқыпсыздықпен қызмет көрсету барысында алынады.
Таспалар және ширатпа жіптер оралушы иірім жіптердің орамы бір бірімен сәйкес келу нәтижесінде қалыптасады. Ширатпа жіптердің болуы өз кезегінде кресстілі ораманың дұрыс құрылуын бұзады және тізіп орау барысында жіптердің үзілуіне алып келеді.
Конусты орауыш ұшында иірім жіп бір немесе топтық орамдарының жиналып қалуы көбінесе орауышты өстік араластыру кезінде болады. Жіптердің бір шоғырға жиналып қалу құбылысы тізіп орау барысында жоғары үзілгіштікке алып келеді.
Иіршіктердің дұрыс емес нысаны жіпжүргізгіштердің дұрыс жұмыс істемеуінің нәтижесінде пайда болады.
Қайта орау барысында қалдықтар үзілген жіп ұштарын байлау барысында, собықта жіп ұштарының шатасуы, сонымен қатар ақаулы иірім жіпті жою барысында және т.б. алынады.
Орау бөлімінде қалдықтар саны көптеген факторларға, әсіресе басты жағдайда иіршіктегі жіп ұзындығына, иірім жіп сапасына, жұмысшының біліктілігіне және машинаның жұмыстық жағдайына байланысты болып келеді. Әдетте негізді қайта орау барысында қалдықтар саны оралушы иірім жіптің салмағының 0,1-0,5% құрады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет